5. Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізудің негізгі қағидаларын талдаңыз



бет1/20
Дата17.07.2020
өлшемі50,09 Kb.
#75305
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20
Байланысты:
акушшшш


5.Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізудің негізгі қағидаларын талдаңыз.

3кезең-нәресте туылғаннан кейін басталады.Плацентаның жатыр қабырғасынан бөлініп, бала жолдасының туылуымен аяқталады.

Нәресте туылғаннан кейін, бірнеше минут жатыр тоникалық жиырылу қалпында болады,жатыр деңгейі кіндік тұсында анықталады.Осыдан кейін жатырдың ретті жиырылуы басталады – бұны бала жолдасының бөлінуіндегі толғақ дейді.осы толғақтың алғашқы кездерінде плацента жатыр қабырғасынан бөліне бастайды.Плацента толғақ кезінде еш жиырылмайды,сондықтан ол жатыр қабырғасынан бөлінгенде «төмпешік» сияқты жоғары көтеріліп ,екеуінің арасындағы байланыс бұзылып ,жатыр плацента қан тамырлары үзіледі,бұдан аққан қан плацента мен жатыр қабырғасы арасында жиналып,ретроплацентарлы гематома құрайды.

Гематома және жатырдың жиырылуы плацентаның әрі қарай жатыр қабырғасынан бөлініп, жатыр қуысынан түсуіне әсер етеді.Пдацента қағанақ қабықшаларымен бірге төмен түсңп,әйел күшенгенде босану жолдарының сулы қабықшамен жабылған ұрықтық бетімен сыртқа аударылып туылады.Бқл Шультце варианты бойынша бала жолдасының туылуы (орталық бөлінуі).плацента жатыр қабырғасының шетінен де бөлінуі мүмкін (Дункан варианты бойынша),бұл бөлінуде гематома болмайды,қан жыныс жолдарынан төмен қарай ағады.Күшену кезінде бала жолдасы бүктелген күйінде жыныс жолдарынан,аналық бетімен сыртқа қарап туылады.Бала жолдасы туылғаннан кейін,жатыр қатты жиырылып, оның деңгейі шатпен кіндік ортасында болады.

3 кезеңде жатыр қуысынан қан кетеді, қанның мөлшері әдетте 300-500мл ден аспайды (дене салмағының 0,5пайызы)

Үшінші кезеңнің ұзақтығы 5-30 минут

Бала жолдасы туылғаннан кейін босанушыны – босанған әйел дейді.

Үшінші кезеңді жүргізу

Бала жолдасының бөліну кезеңі -нәресте туғаннан кейін басталады,оның бөлініп туылуымен аяқталады.Дәрігер үшінші кезеңді өте ұқыптылықпен жүргізеді. Әйелдің кіші дәретін арнайы түтікшемен шығарып, бала жолдасының бөліну белгілерін анықтайды.

1.Шрелер белгісі – жатыр пішіні мен оның деңгейінің өзгеруі.Қалыпты жағдайда жатыр деңгейі кіндік тұсында орналасады,плацента бөлінген кезде ,ол кіндіктен жоғары көтеріліп,оңға қисаяды.

2. Довженко белгісі – әйел тереі тыныс алған кезде бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмаса,оның жатыр қабырғасынан бөлінген белгісі.

3. Чукалов – Кюстнер белгісі бойынша , алақан қырымен жатыр үстін шат жігінің жоғарғы жағынан басқанда,егер плацента жатыр қабырғасынан бөләнсе, бала жолдасының кіндік бауы жоғары тартылмайды.

4. Альфельда белгісі – плацента бөлінген кезде,кіндік бауға салған лигатура 8-10см ге төмен түседі.Плацента жатыр қабырғасынан бөлінгеннен кейін,әйелді күшендіріп,бала жолдасын тудырып алады.

Егер бала жолдасы өздігінен түспесе,онда мына тәсілдерді қолданады.

1.Жатырды сипалап,уқалап,содан кейін екі қолмен құрсақ еттерін ұзынынан бүктеп көтеріп,әйелді күшендіреді.Әдетте,жатыр қабырғасынан бөлінген бала жолдасы тез арада түседі.(Абуладзе әдісі)

2.Дәрігер жатырды уқалап,оның деңгейін ортасына келтіріп,босанған әйелдің сол жағынан (бетімен аяғына бұрылып) тұрып, оң қолдың бас бармағын жатырдың алдыңғы қабырғасына, төрт саусақты артқы қабырғасына,алақанды жатыр түбіне орналастырып, содан кейін жатыр түбін алға,төмен басып бала жолдасын тудырады (Креде – Лазаревич тәсілі)

Дәрігер бала жолдасының бөліктері мен қағанақ қабықшаларын түгелдеу қажет.Егер жатыр қуысында бала жолдасының бөліктері қалса,онда жатыр қуысын қолмен тексереді,босану жолдарын арнайы қынаптық айнамен қарап,жарақаттанған жерлерге жіп салады.

Үшінші кезенде әйелді тасымалдауға болмайды.



11. Жасанды қоректендірумен емшекпен емізуді салыстырыңыз. Емшекпен емізу қағидаларын талдаңыз .

Емшекпен емізу

Жасанды тамақтандыру

Табиғи тамақтандырудың келесі артықшылықтары бар:

1. Ана сүтінің химиялық құрамы жақсы:

а/ Ана сүтіндегі ақуыздар альбуминдер және глобулиндер, олар ұйығанда өте майда сүзбе береді, оны қорыту оңай, ал сиыр сүтінде казеин, сүзбесі ірі болады.

б/ Ана сүтінің майлары қанықпаған май қышқылдарынан тұрады, олар жұмсақ майлар. Ал сиыр сүтінде қаныққан майлар, қатты, қорыту қиын.

в/ Қанттары-бетта лактоза, бифидум бактериясының өсуіне себепкер болады. Сиыр сүтіндегі лактоза-ішек таяқшасын өсіреді.

г/ Минеральды тұздардың құрамы-оптимальды.

д/ Ана сүтінің құрамында А,Д,Е,С витаминдері бар. Сиыр сүтін қайнатқанда олар бұзылып кетеді.

2. Ананың сүті таза.

3. Әр-дайым жылы.

4. Ана сүтінде гармондар мен имунды денелер бар.

5. Эмоциональдық фактор-кіндік кесілгеннен кейін бала мен ана арасындағы байланыс емшектің сүті арқылы сақталады.



Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет