Ана мен бала арасындағы байланыс (анасымен тығыз байланыстағы балаға қорғаныш сезімін беріп, тыныштандырады; тамақтандыру кезіндегі баланың анасымен қарым-қатынасы баланың эмоционалды, әлеуметтік және физикалық дамуына көмегін тигізеді).
Толыққанды тағамдық заттар, микроэлементтер, витаминдер, ферменттердің бала организмне түсуін қамтамасыз етеді.
Асқазан-ішек жолдарының функциясын реттейді (диспепсиялық аурулар жиілігі мен ұзақтығын азайтады).
Иммунологиялық қорғаныс пайда болады(омырау сүтімен тамақтанатын балалар 2,5 есе аз ауырады)
Респираторлы инфекциялардан қорғайды, отиттер мен олардың рецидив жағдайлары азаяды.
Аутоиммунды аурулар дамуының қаупін төмендетеді, мысалы ҚД 1 типі және асқорыту жолдарының қабынулық ауруларының жиілігін төмендетеді.