5. Босанудың 3-ші кезеңін белсенді жүргізудің негізгі қағидаларын талдаңыз



бет14/20
Дата17.07.2020
өлшемі50,09 Kb.
#75305
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20
Байланысты:
акушшшш

Жүктілікті бақылау тактикасы
Алғашқы тексеру жүктіліктің 12 аптасына дейінгі мерзімде бірінші медициналық тексерумен бірге өткізіледі.



Жүктіліктің 12- аптасында өткізілетін бірінші медициналық тексеру:


1.  Жүкті əйелдің жасы.18-ге дейінгі жəне 35-тен асқан жүкті УДЗ жолданады;



2. Əйелге тексерудің қосымша əдістері туралы мəлімет беру керек, өйткені ол оларды жүргізу қажеттігі туралы шешім қабылдауға тиіс;



3.  Жүктінің дене салмағы. Дене салмағының индексі 25,0-ден артық болса глюкозаға төзімділігіне (толеранттылық) тест жəне УДЗ өткізу қажет. Салмағы артық жүктілер рационында калория мен белокты шектеу, сондай-ақ жүктіліктің бастапқы кезеңінде салмақты көп қосқандарға бұл өте тиімсіз, тіпті нəрестенің дамуына зиянды əсер етуі мүмкін;



4. Жүктілік мерзімін анықтау (жүкті 12-14 аптада УДЗ өтеді. ):


 - Соңғы етеккір мезгілі, оның сипаты (етеккір сипаты əдеттегіден өзгеше болған жағдайда УДЗ-ге жолдау қажет).

 -  Нəтижесі оң болған жағдайда, жүктілікті анықтауға арналған тест уақыты.

 -  Етеккір оралымының реттілігі (тым ретсіз).


5.  Əйел жүктіліктен сақтандыратын дəрілер ішкен бе (жүктіліктің дəл алдында қабылдаған ба?);



6.  Алдыңғы жүктілік ағымы:


-   Алдыңғы жүктілік ұзақтығы (36 аптадан кем немесе 42 аптадан артық болса, УДЗ қажет)

-   Алдыңғы жүктілікті ауырлатқан бауыр ішілік холестаз, уыттану (əрқашан УДЗ өткізіледі)

-   Босану ұзақтығы (кесар тілігі),  вакуум көмегімен сорып шығару (тар жамбас)

-   Босанудан қорқу

-   Босану кезіндегі нəресте салмағы (4,5 кг-нанартық немесе 2,5 кг-нан кем болса, УДЗ, глюкозаға төзімділікке тест)

-   Туған баланың денсаулық жағдайы (туа біткен ауытқулар, хромосомдық патология, нəрестенің өлі тууы)

-   Алдындағы аборттар (2, одан да көп )

-   Алдындағы аурулары жəне денсаулыққа байланысты басқа мəселелері

-   Жүктілік кезінде дəрі қабылдауы (дəрілерді шектен көп қабылдау, тератогенді, психотроптық  дəрілерді қабылдауы)

-   АҚ (с.б.б. 140/90мм. жиі жоғарылауы)

-   Зəр жолдарының инфекциясы (сақтандырушы ем жүргізу,  жүктіге кеңес беру)

-   Сусамыр (глюкозаға төзімділікке тест өткізу қажет)

-   Тромбоз, эмболиялар, гепатит, жүрек тоқтауы, субарахноидалық қанқұйылу, қатерлі ісік (жүктіні арнайы маманға немесе УДЗ мейілінше тез жіберу керек)

-  Қояншық, геморрагиялық аурулар, жүрек, тыныс алу ағзаларының, бүйрек немесе бауыр жүйке жүйесі аурулары, қалқанша без қызметінің бұзылуы, құяң, ішек аурулары (жүктіні арнайы маманға жіберу керек немесе оны одан ары бақылау тактикасы жөнінде кеңес алу қажет)


7.  Жүктіліктің ерте мерзімінде диагностикалық шаралар өткізу қажет патология (ата-анасының бірінде немесе алдында туған балада хромосомдық өзгерістер, жанұя мүшелерінде тұқым қуалайтын ауру, алдында туған балада немесе жанұяның басқа мүшелерінде нефроз, анэнцефалия, менингомиелоцеле немесе ОЖЖ (ЦНС) басқа патологиясы). Бедеуліктен емдеу (дəл осы жүктілік алдында)


-   Шылым шегу (айқын құмарлық)

-   Кəсіптік зияндылықтар

-   Əлеуметтік мəселеле.

-   Аллергия

-   Жатырға операция


8. Іншекті екі қолмен жəне айнамен тексеру, ең бірінші мақсаты жұқпалар болу мүмкіндігін анықтау. Жүктіліктің кеш мерзімінде іншекті екі қолмен тексеру үлкен сақтықпен жүргізіледі, жатыр мойнын мүмкіндігінше аз тітіркендіру. Бұл тексеру жатыр тонусының жоғарылығында немесе жүктіде іштің төменгі жағында бату сезімі болғанда жүргізіледі. Бұл сезім мерзімінен бұрын босануды меңзейді;



9.  Жүкті əйелдер консультациясына əр келгенінде, жатыр мойнының ұзындығын анықтау үшін, айнамен абайлап қарауға болады. Айнамен тексеру жатыр мойнының ашылуы мен қағанақты анықтауға да мүмкіндік береді;



10. Іншек жəне жатыр аңқасы жұқпалардың болуына тексеріледі (жытыр мойнының эрозиясы, жыныс жолдарынан иісті шығындылардың бөлінуі). Қажет болса,тікелей іншек шығындыларына калий гидроксиді ерітіндісін тамызғаннан кейін одан балық иісінің білінуіне тест өткізіледі, сонымен қоса микроскоппен жатыр жағындысін негізгі жасушаларға жəне трихомонадаға тексереді. Іншек қышыса, саңырауқұлақтарды анықтау үшін жағындылардын микроскопиясын пайдалануға болады (іншек қабырғаларынан ақ шығындыларды қырнау) немесе өсіндіні себу əдісі. Тексеру сəтінде мойын жолдарынан қанды шығындылар болса немесе науқас оған шағымданса, материалды хламидия, соз инфекциясына тексеруге алу керек.



1 кесте. Жатырдың жүктілік кезіндегі көлемі



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   10   11   12   13   14   15   16   17   ...   20




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет