Бала дүниеге келген соң баланы ерте омырауға салу босанудан кейінгі қан кету қаупін төмендетіп, жатыр жиырылуына көмектеседі, және де анасындағы гемоглобин қорын сақтайды.
Омыраумен емізу дұрыс жүргізіліп отырса, жүктілік алдын алады, яғни 6 айға дейін (және де лактациялық аменорея ана организмін темір жоғалтудан сақтайды).
Климакс алды кезеңде аналық без және омырау ісігі даму қаупін төмендетеді.
Бала мен ана арасындағы психологиялық контактқа септігін тигізіп, аналық сезім дамытады.
Отбасы үшін:
Қаражат(сүт қоспасы, тағам дайындау мен оны жылытуға энергия, құтылар, емізік, дәрі т.б.) мен уақыт үнемдейді.
Дені сау бала.
Дені сау ана.
Ана сүтінің химиялық құрамы бала ағзасының қажеттілігіне қарай өзгеріп тұрады. Ол үш кезеңнен тұрады: Уыз кезеңі – бала туылған соң бірінші күндері пайда болады. Өтпелі кезең – 4-5 -ші күндері пайда болады. Жетілген сүт кезеңі – 2-3 –ші аптадан бастап өндіріледі.
Өмірінің бірінші жылында балаларды тамақтандырудың 3 нұсқасы болуы мүмкін:
табиғи;
жасанды;
аралас.
Жасанды тамақтандыру – бұл баланың тек жасанды сүт қоспаларын ғана қабылдайтын және ана сүтімен тамақтанбайтын тамақтандыру түрі.
Аралас тамақтандыруда егер баланың жасына қарай оған қосымша тамақ беруге болмайтын кезде, балаларға ана сүтімен қатар сүт қоспалары да беріледі. Жасанды сүт қоспаларымен қосымша тамақтандыру үстеме тамақтандыру деп аталады. Тамақтандырудың осындай типіне анада сүт жеткіліксіз болса немесе омыраумен тамақтандыру санын қысқарту негіздері болған жағдайда жүгінеді.
Жасанды тамақтандыру
Жасанды қоспалармен тамақтандыруға бала қандай да бір себептерге байланысты ана сүтін қабылдай алмайтын жағдайда жүгінеді. Дұрыс жасанды тамақтандыру жағдайында балалардың өсуінде табиғи тамақтандырылатын балалармен салыстырғанда айырмашылықтар байқалынбайтындығы анықталынған.
Барлық жасанды қоспаларды бейімделмеген және бейімделген деп бөлуге болады.
Бейімделмеген қоспаларға сиыр сүті мен құрғақ сүттен дайындалған қоспалар жатады. Бұл қоспалар өзінің сапасы бойынша ана сүтінен айтарлықтай айрықшыланады, сондықтан баланың оны сіңіруін төмендетеді.
Бейімделген қоспаларда сиыр сүтінің ақуызы арнайы өңдеуден өтеді, оларға өсімдік майлары, дәрумендер, минералды тұздар қосылады, бұл оны құрамы бойынша ана сүтіне жақындатады (алайда биологиялық айырмашылықтар сақталынады).
Бейімделген қоспаларды бала жеңілірек сіңіреді, сүт қоспаларының осы типін қолданған дұрысырақ.
Өз кезегінде бейімделген және бейімделмеген қоспалар тәтті және қышқыл сүтті болуы мүмкін.
Қышқыл сүтті қоспалар бактериялық ферменттеу жолымен жасалынады, ондағы сүттің ақуызы ірімшіктелген күйде болады, бұл бала ағзасының осындай қоспаларды сіңіруін жеңілдетеді. Бірақ олардың көп мөлшерде қолданылуын орынсыз ететін бірқатар биологиялық ерекшеліктері де бар. Сондықтан, егер бейімделген тәтті қоспалармен балаларды олардың өмірінің бірінші күнінен бастап тамақтандыруға болатын болса, онда қышқыл сүтті қоспаларды 3 айлық жастан бастап және шектеулі мөлшерде беру ұсынылады. Дайын бейімделген тәтті сүт қоспалары сауда желілерінде үлкен ассортиментте кездеседі, ал қышқыл сүтті қоспалар Балалар сүт асханаларында дайындалады.
Жасанды тамақтандыруда балада бірқатар өнімдерге аллергиялық реакциялар дамуы мүмкін. Кейде аллергия сиыр сүтінің жекелеген фракцияларынан туындауы мүмкін. Мұндай жағдайларда сүтсіз қоспаларды қолдануға болады. Бұл қоспалардың құрамында сүт болмайды, алайда түрі сүтке ұқсас келеді. Қоспалардың бұл тобына соя сүтін, миндаль сүтін, ашытқы сүтін жатқызады.
Жасанды тамандандыру ережесі
баланы тамақтандыруға арналған қоспаны таңдауды дәрігердің бақылауымен жүзеге асыру қажет (салмақ қосуын, баланың нәжісін бақылау);
қоспаны дайындау техникасын нақты әрі мұқият орындау қажет;
жасанды тамақтандыруда тәулік ішіндегі тамақ көлемі табиғи тамақтандырудағы көлемдей болуы қажет (педиатр есептейді);
жасанды тамақтандыруда тамақ асқазанда ұзағырақ болады, сондықтан тамақтандыру арасындағы аралықтарды арттырады, ал тамақтандыру санын азайтады (педиатрмен келісе отырып жасайды);
қоспаларды әрқашан да зарарсыздандырылған әрі 35-40С-қа дейін жылытылған күйде беру;
үстеме тамақ 5-6 айлықтан бастап енгізіледі.
Аралас тамақтандыру
Аралас тамақтандырудың көрсеткіші болып ана сүтінің жетіспеушілігі (гипогалактия) немесе баланы омыраудан шығаруға еш негіз болмайтын, бірақ омыраумен тамақтандыру санын азайту жөн болатын ананың кейбір аурулары табылады. Аралас тамақтандыру жасанды сүт қоспалары түрінде үстеме тамақтандыруды енгізуді білдіреді (үстеме тамақты қосымша тамақпен шатастырмау қажет).
Аралас тамақтандыру ережесі
үстеме тамақ үшін жасанды тамақтандыру кезіндегі сүт қоспалары қолданылады;
анаға сүттің жеткілікті мөлшерін сақтау үшін үстеме тамақты әрбір омыраумен тамақтандырғаннан кейін сүт бездерінің толықтай босатылғанын қадағалай отырып, беру ұсынылады;
егер үстеме тамақтың саны тәуліктік тағам мөлшерінің 1/2 бөлігін құрайтын болса, онда баланы омырауға тәулігіне кем дегенде 3-4 рет қою керек, себебі, ана сүтінің шығуы төмендейді де, баланы жасанды тамақтандыруға ауыстыру қаупі туындайды;
бала жеңіл емуге үйреніп алып, омыраудан бас тартпауы үшін, үстеме тамақты емізікпен емес, қасықпен берген дұрыс;