Идеалгаз моделі Көп бөлшектерден тұратын жүйелердің ең қарапайым моделі «идеал газ» деп аталады. Идеал газдың анықтамасы бойынша: нүктелік материалдық бөлшектерден тұратын, массасы нольге тең емес, араларында алыстан әсерлесу күштері жоқ және әсерлесулері тек бірімен-бірі кездескенде ғана пайда болатын (әсерлесулері шарлардың соқтығысу заңына бағынатын) жүйе. Табиғатта мұндай газ болмайды, тек біз ойша осындай қасиеттері бар деп есептейміз. Осындай газдар үшін теория жүзінде болатын құбылыстар зерттеледі. Бірақ, тәжірибе кейбір нақты газдардың қасиеттері белгілі бір шарттар орындалғанда «идеал газдардың» қасиеттеріне ұқсас болады. Сол ұшін «идеал газ» заңдылықтары нақты газдар үшін пайдаланылады.
Идеал газ заңдары Идеал газдардың күйін сипаттайтын параметрлер m, p, V, T десек, осылардың мәндері арқылы идеал газ күйіндегі түрлі процестерді қарастыруға болады.
Бойль-Мариотт заңы (5.1)
Тұрақты температура кезінде газдың берілген массасы үшін газ қысымының оның көлеміне көбейтіндісі тұрақты шама болады:
.
Бұл процесс изотермиялық деп аталады.
Гей – Люссак заңы. (5.2)
Тұрақты қысым кезінде берілген газ массасының көлемі температураға байланысты сызықтық түрде өзгереді:
Тұрақты қысым кезінде жүретін процесс изобаралық деп аталады.
Шарль заңы. (5.3)
Тұрақты көлем кезінде берілген газ массасының қысымы температураға байланысты сызықтық түрде өзгереді:
Тұрақты көлем кезінде жүретін процесс изохаралық процесс деп аталады. (5.2) және (5.3) теңдеулеріндегі t Цельсия бойынша берілген температура, p0 және V0 температура 00cкезіндегі қысым мен көлем, (5.2) және (5.3) теңдеулерінен изобаралар мен изохаралар температура осін нүктесінде қияды, себебі р=0 болады, егер 1+ =0 шарты орындалғанда. Егер санақ жүйесінің бас нүктесін осы нүктеге жылжытсақ, онда Кельвин шкаласына ауысады, одан T=t+1/ (5.2) және (5.3) өрнектеріне термодинамикалық температураны енгізіп, Гей-Люссак және Шарль заңдарына ыңғайлы түрде жазуға болады:
негізінде
немесе (5.4)
кезінде
(5.5)
мұндағы 1 және 2 индекстері мен бір изобара мен изохарада жатқан кез келген күйлерге қатысты белгілеулер.