5 дәріс Молекула-кинетикалықтеорияның негіздері Атом мен молекула массалары



бет3/3
Дата30.10.2022
өлшемі92,96 Kb.
#155720
1   2   3
Байланысты:
5 дәріс (1)

Дальтон заңы


Идеал газдар бірнеше түрлі қоспадан тұратын қысымы, оның әрқайсысының пайда ететін қысымдарының қосындысына тең:
p=p1+p2+…+pn
мұндағы р1, р2,.., рn - парциалды қысымдар.

Клапейрон-Менделеев теңдеуі
Газдардың күйін қысым p, көлем V және температура Т параметрлермен анықтауға болады. Бұл параметрлердің арасында өзара байланыстар бар, оларды жалпы түрде күйлер теңдеуі
деп аталатын
(5.6)
функциалды тәуелділікпен көрсетуге болады.
Бойль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарын біріктіре отырып, идеал газ күйінің теңдеуін қорытылады.
Айталық газдың берілген массасының алғашқы күйінің параметрлері p1, V1, T1 болсын. Газбен қандай да бір процесс жүріп, оның соңғы күйінің параметрлері p2,V2,T2 болсын.

5.1- сурет


1 күйден 2-ші күйге газдың көшуі 1) изотермалық (1-1´ изотермасы) 2) изохаралық (1´-2 изохаралық) екі процесс арқылы болсын. Бойль-Мариотт және Гей-Люссак заңдарына сәйкес:


, (5.7)
. (5.8)
деп жазамыз. (5.7) өрнегінен р/ мәнін (5.8) –ге қойсақ, онда

1 және 2 күйлер кез келген болғандықтан, берілген газ массасы үшін pV/T тұрақты шама болады, яғни
, (5.9)
мұндағы В - әртүрлі газдар үшін әртүрлі тұрақты шама. (5.9) өрнегі Клапейрон теңдеуі деп аталады.
Д.И. Менделеев Клапейрон теңдеуін Авогадро теңдеуімен біріктіріп, (5.9) теңдеуін молярлы көлем V ұғымын пайдаланып бір моль газ үшін жазды. Авогадро заңы бойынша, барлық газдардың бір молінде р және Т бірдей болатындықтан молярлы көлем бірдей, сондықтан В барлық газдар үшін тұрақты шама, оны R-мен белгілейміз, ол молярлы газ тұрақтысы деп атады.
, (5.10)
Қалыпты жағдай үшін R-ді есептесек:
Па, м3, .
Cонда
(5.11)
болады.
Бір моль газ үшін жазылған (5.10) теңдеуден кез келген газ (m) массасына арналған теңдеуге көшуге болады. Ол үшін бірдей жағдайларда молі газының көлемі есе артық екендігін ескерсек, онда

(5.10) өрнегіне орнына -ді қойып мына өрнекті аламыз:
(5.12)
мұндағы - зат мөлшері. (5.12) теңдеуі кез келген масса үшін-Клапейрон-Менделеев өрнегі деп аталады.
Идеал газ күйі теңдеуінің басқаша түрі жиі пайдаланылады. Ол үшін Больцман тұрақтысын енгіземіз:

Осыған сәйкес (5.10) күй теңдеуін мына түрде жазамыз:
,
мұндағы NА / =n – молекулалар концентрациясы (көлем бірлігіндегі саны). Сонымен,
(5.13)
(5.13) теңдеуінен: идеал газдың қысымы, берілген температура кезінде-оның молекулалар концентрациясына немесе газ тығыздығына тура пропорционал болатындығы көрінеді. Бірдей температуралар және бірдей қысымдар кезінде барлық газдар бірлік көлем ішіндегі барлық молекулалар саны бірдей болады. Қалыпты жағдайдағы газдың 3 көлемінде құралатын молекулалар сандары Лошмидт саны деп аталады:



Газдың жылу сыйымдылығы
Дененің меншікті жылу сыйымдылығы деп, массасы 1 кг дененің температурасын 1 К температураға көтеру үшін қажетті жылу мөлшерін айтады.
(5.14)
Меншікті жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі (Дж/кг∙К).
Дененің молярлық жылу сыйымдылығы деп 1 моль дененің температурасын 1 К температураға көтеруге қажетті жылу мөлшерін айтады.
(5.15)
мұндағы - зат мөлшері.
Молярлық жылу сыйымдылықтың өлшем бірлігі (Дж/моль∙К).
Дененің меншікті жылу сыйымдылығы (с) мен молярлық жылу сыйымдылығы арасындағы (Сμ) байланыс:
(5.16)

Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет