5 Дәріс Нүкте. Сызба салудың теориялық негіздері


Нүкте π1π2π3 үш проекция жазықтықтары жүйесінде



бет4/5
Дата13.04.2024
өлшемі0,8 Mb.
#200788
1   2   3   4   5
Байланысты:
5 дәріс Нүкте

Нүкте π1π2π3 үш проекция жазықтықтары жүйесінде
π1π2 жүйесіне тағы да бір проекция жазықтығын енгізуді қарастырамыз, оны π3 деп белгілейміз, ол π1 және π2 жазықтықтарына перпендикуляр (6,а - сурет). Ол профиль проекция жазықтығы деп аталады, π2 секілді вертикаль орналасқан. х осінен басқа z және y осьтері пайда болады, олар х осіне перпендикуляр. О әрпімен үш проекция осьтерінің қиылысу нүктесі көрсетілген.

а ә б
6 сурет - Үш өзара перпендикуляр жазықтықтар
6 ә суретте π1π2π3 жазықтықтарын бір жазықтыққа беттестіру қарастырылған. у осі үшін екі түрлі жағдай берілген (6,а - сурет). 6,ә және 6,б суреттерде А нүктесінің горизонталь, фронталь, профиль проекциялары берілген.
Горизонталь және фронталь проекциялар (А және А) х осіне орнатылған бір перпендикуляр бойында, А А байланыс сызығында жатады, фронталь және профиль проекциялар (А және А) z осіне орнатылған бір перпендикуляр бойында, А А байланыс сызығында жатады.
6,б суретте фронталь және горизонталь проекциялар бойынша профиль проекцияны салу көрсетілген. О нүктесінен жүргізілетін шеңбер доғасын немесе уОу бұрышы биссектрисасын қолдануға болады.
А нүктесінің π1 жазықтығына дейінгі арақашықтығы сызбада ААх кесіндісімен өлшенеді, π2 жазықтығынан ААх немесе ААz, ал π3 жазықтығына дейінгі арақашықтық ААу кесіндісімен немесе ААz кесіндісімен өлшенеді. Сондықтан А проекциясын 6,б суретте көрсетілгендей етіп, А және А байланыс сызығында z осінен оңға қарай ААх кесіндісіне тең аралықты өлшеп саламыз.

а ә б
7 сурет- Нүкте проекциялары
А нүктесінен х осіне дейінгі арақашықтық (7,ә - сурет) кеңістікте ААх кесіндісімен өлшенеді. ААх кесіндісі АО кесіндісіне тең, сондықтан А нүктесінен х осіне дейінгі арақашықты анықтау үшін (7,б - сурет) lх кесіндісін алу керек. Сол секілді А нүктесінен у осіне дейінгі арақашықтық lу және А нүктесінен z осіне дейінгі арақашықтық lz .


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет