5. Дәрістер кешені Тақырып №1 Дәріс 1: Бухгалтерлік есепті қалыптастыру және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері


Тақырып №5 Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері



бет3/5
Дата02.10.2019
өлшемі124,67 Kb.
#49171
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекции Бухгалт іс


Тақырып №5 Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.
Дәріс 6.
1.Қазақстандағы бухгалтерлік есеп және халықаралық бухгалтерлік есеп

2.Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.


Дәріс конспектілері: Қазақстандағы бухгалтерлік есеп және халықаралық бухгалтерлік есеп Қазақстандағы бухгалтерлік есепті жүргізудің ережесі мен тәртібін және қаржылық есептіліктің мазмұны сәйкесінше бухгалтерлік есепті ұйымдастырудың тәртібі бухгалтерлік есептің сенімділігін қамтамасыз ететін бекітілген заң актілерімен реттеледі. Осыған орай ҚР Қаржы Министрлігі бухгалетрлік есеп пен аудитке әдістемелік жетекшілік ете отырып, қажетті құжаттарды өңдеп дайындайды. Ұйымдарда Типтік шоттар жоспары, ТШЖ пайдалану бойынша әдістемелік нұсқаулар, тпитік құжаттандыру, есептің компьютерлік бағдарламалары, өзге нормативтік құжаттар пайдаланылады. ҚР бухгалтерлік есеп пен қаржылық есептіліктің ұйымдастыруда қолданылатын нормативтік құқықтық актілер оның негізін, принциптерін және есептің жалпы ережелерін бекіте отырып, келесілерді қамтиды: ҚР «Бухналтерліе есеп және қаржылық есептілік туралы Заңы», ҰҚЕС немесе ХҚЕС, ТШЖ және субьектінің есеп саясаты. әрбір елдің өзіндік тарихы мен құндылықтары бар. Сол сияқты бухгалтерлік есептің де өзіндік ерекшеліктері бар. Әрбір халықта бухгалтерлік есептің мәні мақсаты, міндеті туралы өз пікірлері бар. Барлық елдерде екі жақты жазу әдісі болғанымен ол әр елде әртүрлі түсіндіріледі. Ортақ тәсілмен біріккен төрт елді бөліп көрсетуімізге болады. Олар ең алдымен ағылшын тілді елдер, ары қарай- континентальді, одан соң латын америкалық және шығыс Европа елдері. Осыған орай шелтелдерде бухгалтерлік есептің үш үлгісі қалыптасқан:

1. англо-американдық;

2. континентальдық;

3. оңтүстік –америкалық (латин америкалық).

2.Қазақстан Республикасының заңы бойынша ұйымдардың түрлері.

Қазақстан Республикасындағы заңды тұлғалардың түрлері.


Коммерциялық ұйымдар



  • мемлекеттік кәсіпорын;

  • шаруашылық серіктестік;

а) толық серіктестік (ТС);

ә) командиттік серіктестік (КС);

б) жауапкершілігі шектеулі серіктестік (ЖШС);

- акционерлік қоғам;

- өндірістік кооператив.

Коммерциялық емес ұйымдар




  • мекеме: а) мемлекеттік; ә) жеке;

  • қоғамдық бірлестік: а) саяси партия; ә) кәсіптік одақтар; б) мүгедектер; оқиға қатысушылары бірлестігі және т.б;

  • қор: а) жеке; ә) мемлекеттік; б) корпоративтік; в) қоғамдық (балаларды қорғау қоры, ғылымды, мәдениетті дамыту қоры және т.б.);

-тұтынушылар кооперативі: а) ауылдық; пәтер иелері кооперативі; б) гараж коорпоративі және т.б.

  • діни бірлестіктер (мешіттер, шіркеулер және т.б.);

  • коммерциялық емес акционерлік қоғам;

  • өзге ұйымдастырушы – құқықтық нысандар: а) аудиторлар палаталары; ә) адвогаттар коллегиялары (алқалары); б) нотариалдық кеңселер және т.б.;

түрлі ассоциациялар (ұйымдардың ерікті бірлестігі).

Шетелдік заңды тұлғалар



  • өкілдік немесе еншілес ұйым арқылы жұмыс істейтін шетелдік заңды тұлға:

  • а) компаниялар; ә) корпорациялар; б) фирмалар; в) ассоциациялар; г) қоғамдар;

  • шетелдік кәсіпорын – ҚР – ның заңдарына сәйкес құрылған кез – келген ұйымдастырушы – құқықтық нысандағы, бірақ 100% шетел капиталы (заңды немесе жеке тұлғалардың) салынған кәсіпорын;

  • шетелдік қатысушылармен кәсіпорын (бірлескен кәсіпорын) – ҚР – ның заңдарына сәйкес құрылған кез – келген ұйымдастырушы – құқықтық нысандағы, жарғылығ капитал салымы бойынша ішінара немесе толық шетел инвесторларының иелігіне жататын кәсіпорын.

Табысына салық салынуы бойынша заңды тұлғалар



Резиденттер:

а) Қазақстан Республикасында тұрақты тұру орны бар жеке тұлға, оның ішінден уақытша шетелде немесе ҚР – да мемлекеттік қызмет бабымен және оның шекарасынан тыс жүргендер;

ә) Қазақстан Республикасының заңдарына сәйкес құрылған заңды тұлғалар, сонымен қатар ҚР – да және одан тыс орналасқан олардың еншілес ұйымдары және өкілеттіліктері;

б) Қазақстан Республикасынан тыс, ҚР – ның дипломатиялық, сауда және басқа да ресми өкілеттіктері;

Резидент еместер – «Резиденттер» түсінігінде көрсетілмеген барлық заңды тұлғалар, олардың өкілеттілігі және еншілес ұйымдары, сонымен қатар жеке тұлғалар.


ҚР – ның 27.12.1994 ж. қабылданған Азаматтық кодексіне сәйкес заңды тұлғалардың екі түрі бар:

  • алдына пайда табу мақсатын койып, оны акционерлер арасында үлестіретін коммерциялық;

  • алдына пайда табу мақсатын қоймайтын, оны акционерлер арасында үлестіретін коммерциялық емес заң ды тұлғалдар.

Оларға кәсіпкерлікпен айналысуға рұқсат берілсе де, одан түскен пайданы қатысушылар арасында үлестіруге тыйым салынады. Ал түскен пайда олардың құрылуынан негізгі себеп болған мақсаттарға жұмсалады.

Коммерциялық емес заңды тұлғалардың құрылу, жұмы істтеу және таралу тәртібі ҚР – ның 27.12.1994ж. №268 – 13 Азаматтық кодексінің 105 – 110 баптарымен және ҚР – ның 16.01.01 ж №142 – 2 «Коммерциялық, коммерциялық емес ұйымдар туралы» Заңымен реттеледі. ҚР – дағы коммерциялық емес ұйымдардың сипаттамасы 5.2 кестесінде көрсетілген.Коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың қызметтерін айыру критерийі пайданы үлестіру б.т. Яғни, егер заңды тұлға пайданы қатысушылар арасында бөліп беру (дивидент төлеу) құқығына ие болса, ол коммерциялық б.т.Коммерциялық ұйымдарға қарағанда, коммерциялық емес ұйымдар үшін жарғылық капитал қарастырылмаған, ол ұйым мүшелерінің (ұйымдастырушылардың) мүліктік салымдарымен алмастырылған.Сонымен қатар Қазақстан Республикасында коммерциялық және коммерциялық емес ұйымдардың арасында нормативті шектеулерде бар, яғни:

- мемлекеттік заңды тұлғалар. Олардың жарғылық капиталдары үлестіруге (пайдаларға) немесе акцияларға бөлінбейді және біртұтас қалпында толығымен меншік құқығы негізінде мемлекетке тиесілі болып табылады. Мемлекеттік мекемелер мүлікті шаруашылық жүргізу және жедел басқару құқығы негізінде ала алады. Мұнда мемлекеттік меншік республикалық (РМК- республикалық мемлекеттік кәсіпорын ) немесе коммуналды (КМК- коммуналды мемлекеттік кәсіпорын) түрінде болады.

- қазыналық кәсіпорын. Қызметі жарғыда көрсетілгендей шектеледі және жарғы қызметінің шегінде ғана оның меншігінің иесімен қаржыландырылады. Қазыналық кәсіпорын өзінің міндеттері бойынша тек қана өз меншігіндегі қаражаттарымен ғана жауап бере алады. (Құқықтары Қазақстан Республикасының Азаматтық кодексінің 27.12.94ж. 206-бабымен бекітілген.).

- мемлекеттік емес кәсіпорынға мемлекет кәсіпорынның жарғы капиталында белгілі бір үлеске ие болғанымен, барлық қалған мекемелер жатады.

Өзін өзі бақылау сұрақтары



  1. Бухгалтерлік есеп дегеніміз не?

  2. Бухгалтерлік есептің ақпаратын пайдаланушылар кімдер?

  3. Бухгалтерлік есептің пәні не болып табылады?

  4. Тікелей қаржылық мүдделері бар бухгалтерлік ақпаратты пайдаланушыларды атаңыз.

  5. Бухгалтерлік есептің мәнін анықтаңыз.

  6. Бухгалтерлік есептің негізгі мақсаты мен міндетін атаңыз.

  7. Қазақстандағы бухгалтерлік есепті заңдық реттеу туралы баяндаңыз.Расскажите о законодательном регулировании бухгалтерского учета в Казахстане.

  8. Кәсіпорынның қаржылық есептілігі дегеніміз не?

  9. Бухгаллтерлік есепте қандай өлшем түрлері қолданылады?.

  10. Бухгалтерлік есептің обьектісі не болып табылады?

  11. Бухгалтерлік есеп әдістеріне анықтама беріңіз.

  12. Қазақстандық заңдылыққа сай негізгі шаруашылық түрлерін атаңыз.


Тақырып №6 Кәсіпорын тіркеу кезінде құжат айналымы

Дәріс 7,8



Дәріс конспектілері: Кәсіпорында жүргізілетін барлық шаруашылық операциялар ақтаушы құжаттармен өңделіп отыруы керек. Бұл құжаттар алғашқы есептік ақпараттар болып, бухгалтерлік құжат жасалған шаруашылық операцияны іс-әрекет деп танып, оған материалдарды жауапты адамды бекітетін жазбаша куәлік.

Кәсіпорынның қаржы-шаруашылық қызметінде күніне көптеген және әртүрлі операциялар болып жатады. Әрбір шаруашылық операция өз кезегінде есептік құжатта тіркеледі. Есептік құжаттық объектілері болып жабдықтау, өндіріс және өткізу процестері, сонымен қоса, кәсіпорынның ішіндегі және сыртындағы қаржылық, шаруашылық, есептік қатынастар табылады.

Есеп процесінде қолданылатын бухгалтерлік құжаттар есеп регистрлері деп аталады.

Бухгалтерлік есептің даму тарихы осы есеп регистрлерінің эволюциясымен тығыз байланысты. Бухгалтер.есептің дамуымен қатар есеп регистрлері де жетіліп, ықшамдалып, ақпаратты көп сыйдыратынымен ерекшеленіп келеді.

Шаруашылық операцияларының көптүрлілігіне байланысты, есеп регистрлерінің формалары да әртүрлі. Есеп регистрлары мына белгілері бойынша: сыртқы түрі, жазба түрлері және ақпарат көлеміне қарай жіктеледі.

Сыртқы түрі бойынша регистрлар бухгалтерлік кітапқа, карточкаларға және жеке беттерге бөлінеді.

Бухгалтерлік кітаптар - есептік кестелер бар беттердің бір мұқабаға бірігуі. Кітаптардың беттері басынан соңына дейін номерленеді. Кейбір маңызды кітаптар қосымша жіппен байланып, мөрмен бекіліп, мынадай жазба жазылады: "Бұл кітапта осынша бет номерленіп, тігілді", сонымен қоса жауапты адамдардың қолдары болады.

Кітап беттеріндегі ақпаратты тез табуы үшін, оның басында немесе соңында мазмұны болады немесе арнаулы алфавиттік көрсеткіш беріледі. Кітаптар көбінесе типографиялық тәсілмен басылып шығады.

Қазіргі бухгалтерлік есеп тәжірибесінде есеп регистрлері ретінде кітаптар шектеулі түрде қолданылады. Бұл оларда көптеген жетіспеушіліктердің болуымен түсіндіріледі. өйткені кітаппен бір мезгілде бір-ақ адам жұмыс істей алады да, есептік жұмысшылардың еңбек өнімділігін арттыруға кедергі келтіредіжәне жекелеген (бос) есеп регистрлерін талап ететін есепті автоматтандыруға мүмкіндік бермейді.

Бірақ, сонда да кітаптар бухгалтерлік ақпаратты сақтаудың қауіпсіз құралы болып табылады. Кітап формасындағы есеп регисгрлеріне мысал ретінде касса кітабын, материал қалдықтарының кітабын және әртүрлі тіркеу журналдарын айтуға болады.

Бос беттер - типографиялық жолмен жеке қағаз беттерінде басылған есеп регистрлері. Бос бет түріндегі есеп регисгрлерінің көлемдері және ондағы бағана мен жолдар саны әртүрлі болады және міндетті түрде сәйкес атауы бар (журнал-орден, тізімдеме, және т.б.)- Есеп регистрлері белгілі бір есептік кезеңге арналады (ай, тоқсан). Бос беттер жұмысқа өте, қолайлы, есептік жұмысшылар арасында еркін ауысып отырады, пайдалануы өте қарапайым.

Карточкалар - бос беттердің бір түрі болып саналады. Олар да типографиялық тәсілмен, үлкен емес форматқа қатты қағаздан жасалады. әрбір карточка жазбалардың белгілі санына арналған.

Картотека - карточкаларды сақтауға арналған арнайы жәшік. Материалдық бағалықтар есебі, есеп айрысу есебі және басқа да есеп түрлеріне жеке карточкалар пайдаланылған дұрыс. Картотекада карточкалар көрсетілген шот шифрларының ретімен орналасады.

Регисгрлардағы жазбалар түрлеріне қарай, олар хронологиялық және жүйелік болып бөлінеді.

Хронологиялық регистрлар операцияларды хронологиялық жазу үшін арналған, яғни, операцияларды бейнелеу толықтығын тексеруде бақылау функциясын атқарады.

Жүйелік регистрлар операцияларды жүйелі түрде жазуға арналған. Оларда операциялар белгілі белгілері бойынша топталады. Жүйелік регисгрдің нақты мысалы Бас кітап бола алады.

Сонымен, қазіргі бухгалтерлік есепте есеп регисгрлері ретінде бос беттер, карточкалар және кітаптар пайдалынылады. Олардың өзіндік айырмашылықтары мен жетіспеушілікгері және артықшылықтары бар. Есеп регистрларын таңдау құқығы бухгалтерлік есепті жүргізу талаптарына байланысты.

2) Бухгалтерлердің тәжірибесінде есеп регистрларында және басқа да есеп берушіліктерде қате мәліметгер жазып қою жағдайлары кездеседі. Бұл кезде қатені тауып алып қана қоймай, қтелік кеткен регисгрді де іздеп, қатенің мәні мен сипатын анықтау керек.

Қатені іздестірудің көп тараған тәсілі регисгрдегі жазбаларды толықтай тексеру. Бұл тәсілдің мәні мынада: есеп регистрлеріндегі жазбалар құжаттармен салыстырылады. Мұндай тексеруде қате жазба табылады.

Тәжірибеде қатені табудың басқа да тәсілдері қолданылады. Есеп деректерін өзара салыстырып тексеру негізінде қателерді жылдам анықтауға болады.

Қателік табылғаннан кейін, оны түзету жүргізіледі. Есеп жазбаларындағы қатені дұрыс түзету нақты есеп ақпаратын алуға мүмкіндік береді.

Қате жіберудің сипаты әр түрлі болады: қосарлы жазу принциптерінің бұзылуы, шоттар байланыстарындағы қателіктер, яғни шруашылық операция сомасы қажетті шотқа емес, басқасына түсіп кетеді. Сондықтан есеп регистрларындағы қателіктерді түзетудің бірнеше тәсілдері бар.

Корректуралық әдіс - есеп регисгріндегі қателік жиындарды шығармай тұрып анықталады. Қатені тузету дұрыс емес жазбаларды сызып тасгап, дұрыс түзеткен адам "түзетілгені дұрыс" деп жазып, қолымен растайды. Дұрыс жазба сызылып таталған қате жазбаның үстіне немесе мүмкін болатын жерде жазылады. Көп санды сомаларды түзеткенде бір сан ғана қате болса да, барлық сан сызылып тасталып, устіне дұрысы жазылады.

"Қызыл сторно" әдісі (теріс сандар әдісі).

Бұл әдіс тек соманы ғана емес, шотгар байланысын да өзгерткенде қолданылады.

"Қызыл сторно" әдісінің мәні мынада: шоттардың қате байланысы сторноланады (қызыл сиямен жазылады), яғни алынып тасталады, ал оның орнына дұрыс жазба жазылады.

Қатені түзетуді осы тәсілмен жүргізгенде бір мезгілде екі жазба жасалады: алдынғы қате жазу (шоттардың дұрыс емес байланысы) - қызыл сиямен, ал жаңа жазба (шоттардың дұрыс байланысы) - кәдімгі сиямен.

Егер қате емес, бірақ артық жазылып кеткен жазба сторноланса (болмаған шаруашылық операция, екі рет жазылып кеткен сома) түзету бір ғана қызыл жазбамен түзетіліп, алынып тасталады.

Жиындарды шығарған кезде қызыл жазбалардың сомасы қосылмайды, керісінше алынып тасталынады. "Қызыл сторно" әдісінің негізгі мақсаты дұрыс емес жазбаны жою: бір сома алғашқыда жиынды есептегенде плюс белгісімен, қатені анықтағаннан кейін есептегенде минус белгісімен шығады да, нәтижесінде жойылды (нөлге теңеледі).

Қосымша жазбалар тәсілі шаруашылық операция есеп регисгріне мүлдем жазылмай қалса немесе шоттарда (дебетте, кредитте) аз мөлшерде көрсетілген жағдайларда қолданылады. Егер шаруашылық операция сомасы есепте мүлдем көрсетілмей қалса, ол сомаға бухгалтерлік шот байланысы беріледі, ал сома аз мөлшерде берілсе, қажетті сомаға жететін айырмаға қайтадан бухгалтерлік шот байланысы жасалады.

Егер есеп сомасы үлкен, көп мөлшерде көрсетілсе, артық сома мөлшеріне қосымша жазба жүргізіледі (қызыл сторно).

"Қызыл сторно" тәсілін мысалда қарастырайық:

Жабдықтаушылардан тауарлар 1330 шот) 50000 теңгеге келіп түсті.

Бұл операцияға қате бухгалтерлік байланыс берілген. Дебет 1310 "Дайын өнім" Кредит 3310 "Төленуге тиісті шоттар" Сомасы 50000 теңге

Қатені анықтап, тапқаннан кейін қызыл сиямен сторнолаймыз. Қызыл сиямен жазу мүмкін болмаған жағдайда, соманы қоршап қояды. Дебет 1310 "Дайын өнім" Кредит 3310"Төленуге тиісті шоттар"

Сомасы 50000

Одан кейін дұрыс жазба жазылады Дт 1330 'Тауарлар" КТ3310 Сомасы 50000 теңге

3) Бухгалтерлік есеп регисгрлеріндегі шаруашылық операциялардың жасалғанын құжаттары. Сондықтан да оларды құрастыруға талап жоғары.

Алғашқы құжаттар шаруашылық операция, іс-әрекет жасалған мезетте топтастырылады. Алғашқы құжаттарды толтырған және қол қойған адамдар ондағы мәліметтердің нақтылығы мен құжатгардың сапалы құрастырылуына жауап береді. Құжаттардағы барлық көрсеткіштер толық толтырылып, бос бағаналар мен жолдар сызылып тасгалады. Алғашқы құжаттардың типографиялық тәсілмен шығарылған арнайы формалары болмаған жағдайда міндетті түрде келесі реквизиттер болуы керек:

- құжат аты;

- форма коды;

- құжат толтырылған дата;

- құжат тиесілі кәсіпорын оты;

- шаруашылық операция мазмұны;

- шаруашылық операция өлшемдері (мөлшері, сомасы),

- шаруашылық операцияны жасауға жауапты тұлғалардың аты-жөні,


қызметі, қолдары.

Қажет болған жағдайда қосымша реквизиттер де егізілуі мүмкін.

Орындалған есептік құжаттар архивте сақталады. Алғашқы құжаттардың сақталуы бухгалтерлік есепті дұрыс құруда маңызды роль атқарады. Есептік құжаттарды сақтау нормативті актілермен бекітілген уақыттар ағымында жүргізіліп, кез-келген уақытта кәсіпорынның шаруашылық қызметін талдау үшін немесе мемлекеттік органдар мен аудиторлық фирмалар талап еткен кезже мәліметтер алуға мүкіндік береді.

Бухгалтерлік есеп шоттарының жұмыс жоспары, есеп саясатының басқа да құжаттары, мәліметтерді өңдеудің компьютерлік бағдарламалары бухгалтерлік есепте соңғы рет пайдаланылғанынан бастап бес жыл ағымында кәсіпорында сақталуы керек.

Бухгалтерлік есептің регистрлерін, бухгалтерлік есеп берушілікті және есептік құжттарды сқтауды ұйымдастыру үшін жауапкершілікті ұйымның басшасы алады.

3. Бухгалтерлік есеп көптеген регистрлерде жүргізіледі. Есептік ақпарат үшін әр түрлі кітаптар, карточкалар, журнал ордерлер, тізімдемелер және жеке беттер бірізділікпен қолданылады. Осының өзі бухгалтерлік есептің әр түрлі формаларының қалыптасуын талап етеді.

Бухгалтерлік есептің формасы – есеп үрдісін ұйымдастыруды, шаруашылық операцияларды тіркеудің әдістемесі мен техникасын және синтетикалық, талдамалық есептердің байланысын көрсететін есептік регистрлардың жиынтығы.

Бухгалтерлік есеп формасының бірін екіншісінен ажырататын белгілер төменде көрсетілген:

- қолданылатын регистрлардың саны, олардың бағыты мен мазмұны және сыртқы түрі;

- синтетикалық және талдамалық есептің хронологиялық жүйелік регистрларының өзара байланысы;

- есеп регистрларына жазбаларды түсіру тәсілдері мен бірізділігі;

- бухгалтерлік есепте автоматтандыру құралдарын пайдалану деңгейі.

Кәсіпорындар мен ұйымдар бухгалтерлік есеп формаларын өзінің салалық ерекшелігі, мен қызметінің масштабына, шаруашылық шарттарына қарай таңдайды. Бухгалтерлік есеп формаларының қайсысы болмасын ақпаратты жоғары дәрежелі дәлдікпен өңдеп, есеп берушіліктерді жылдам дайындуы керек.

Кәсіпорындар мен ұйымдарда қолданылатын есеп формасы олардың құрылымынан, қызмет түрі мен техникалық және компьютерлік жарақтануынан тәуелді. Таңдалған есеп формасы кәсіпорынның есептік саясатының құрамдас бөлігі.



Өзіндік тексеруге арналған сұрақтар:

1.Бухгалтерлік құжаттарға анықтама беріңіз?

2.Есеп регистрлері қандай болады, олардың түрлері қандай?

3.Бухгалтерлік есептің формасы деген не?

4.Есеп регистрлеріндегі қателерді қалай түзетеді?
Тақырып №7. Бухгалтерлік баланс

Дәріс 9


  1. Бухгалтерлік баланстың ролі мен мағынасы.

  2. Бухгалтерлік баланстың түрлері.

  3. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны.

  4. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.

  5. Бухгалтерлік балансқа деген көзқарас.

  6. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

1. Бухгалтерлік есептің негізгі және басты міндеттерінің атқаратын қызметі мен функциясының бірі –пайдаланушыға кәсіпорынның мүлігі және қаржылық жағдайы туралы ақпараттық мәлімімдемелерді дер кезінде жеткізіп беріп отыру. Мұндай ақпараттық мәліметтің қайнар көзі болып –бухгалтерлік баланс табылады. Баланс «таразы» немесе «тепе-тең» деген мағынаны білдіреді. Баланс «актив» және «пассив» деп аталатын екі бөлімнен тұрады. Активте кәсіпорын қаржылары, заттай және ақшалай түрдегі мүліктері мен шығындары көрсетілсе, оң жағында, пассивте осы ұйымның қорлану көздері қарастырылады. Актив бөлімінде кәсіпорынның өзіне тиесілі мүліктері қарастырылады.

Бухгалтерлік баланстар мынадай белгілері бойынша жіктеледі:



  1. Құру уақыты бойынша;

  2. Құрудың қайнар көздері бойынша;

  3. Ақпараттар көлеміне байланысты;

  4. Қызметінің сипатына байланысты;

  5. Меншік нысандарына бойынша;

  6. Бейнелену көлемі бойынша;

  7. Тазарту тәсілдері бойынша.

1.Бухгалтерлік баланстар құру уақыты бойынша мынадай болуы мүмкін:

а)кіріспе; б)ағымдағы; в)таратылу; г)бөлу; д)қосылу.

Кіріспе балансты кәсіпорын алғаш рет құрылған кезде жасайды.Ол кәсіпорынның өз қызметін бастаған тұстағы құндылықтарын анықтайды.

Ағымдағы баланстар кәсіпорынның барлық қызмет ету уақыты бойында жасалады.Олар өз кезегінде бастапқы,аралық және соңғы (қорытынды) болып бөлінеді.

Бастапқы баланс есепті кезеңнің басына,ал соңғы балансы келесі жылдың бастапқы балансы болып саналады.

Аралық баланстар жылдың басы мен аяғы арасындағы межеге құрылады.Олардың соңғы баланстан айырмашылығы,біріншіден,соңғы балансқа баланстың қандайда бір баптарын ашатын есеп беру нысандарының көпшілік бөлігі қоса тіркеледі;екіншіден,аралық баланстар,тәртіп бойынша,ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде ғана құрылады,ол кезде соңғы балансты құрардың алдында баланстың барлық баптарына міндетті түрде түгендеу жасалуы керек.

Таратылу балансы кәсіпорын таратылған және жабылған кезде жасалады.

Бөлу балансы ірі кәсіпорынның бірнеше шағын құрылымдық бірліктерге немесе құрылымдық бөлімшелерді басқа бір кәсіпорынға берген кезде жасалатын баланс,бұл жағдайда балансты беру балансы деп те атауымызға болады.

Біріктіру балансын бірнеше кәсіпорындарды біріктірген кезде жасайды.

2.Балансты оны жасаудың қайнар көздері бойынша былай бөлуге болады:

а) инвентарлық; б) кітаптық; в) бас.

Инвентарлық баланстар шаруашылық құралдарының тізімі негізінде ғана құрылады.Мұндай баланстар бұрынғы қызмет еткен мүлік негізінде кәсіпорынның құрылу кезінде немесе кәсіпорынның өз нысанын өзгертуі кезінде (мемлекеттік нысаннан акционерлік,біріккен нысандарға ауысуы)талап етіледі.

Кітаптық баланс тек мәліметтерінің және түгендеу жүргізу жолымен жасалады.

Бас балансты есеп мәліметтерінің және түгендеу жүргізу деректерінің негізінде жасайды.

3.Баланстар ақпараттар көлеміне байланысты былай бөлінеді: а)біртекті; б)жинақ.

Біртекті баланс тек бір ғана кәсіпорынның қызметін көрсетеді және ағымдағы бухгалтерлік есеп мәліметтерінің негізінде жасалады. Жинақ баланстарын бірнеше біртекті баланс баптарында есепте тұрған сомаларды механикалық түрде қосу жолымен алады.

Топтастырылған жинақ балансы-экономикалық түрде бір—бірімен өзара байланысты заңды дербес кәсіпорындардың баланыстарын қосу жолымен жасалады.Мұндай баланстарды холдинктік компаниялар (басқа компаниялардың бақылау акция пакеттерін иеленушілер),өздерінің еншілес және тәуелді серіктестіктері бар бас кәсіпорындар пайдаланады.

4.Қызметінің сипатына байланысты баланстар негізгі және негізгі емес қызмет баланстары болып бөлінеді.

Негізгі қызмет балансы-кәсіпорынның бағытына және оның жарғысына сәйкес жасалған бааланс.

Негізгі емес қызмет балансы-кәсіпорынның құрамында тұрғын-үй коммуналдық шаруашылығы,қосалқы ауыл шаруашылығы,көлік шаруашылығының бар болуы.Осы бөлімшелер бойынша жасалған баланс негізгі емес қызмет балансы деп аталады.

Егер осы бөлімшелер бойынша баланс жасалмайтын болса,онда олардың қызметтері тиісті баптарды қосу жолмен негізгі қызмет балансында көрсетіледі.



5.Меншік нысандарына байланысты баланстар мемлекеттік,жергілікті басқару (муниципалдық),кооперативтік,ұжымдық,жеке,аралас және біріккен кәсіпорындардың баланстары болып бөлінеді.

6.Бейнелену көлемі бойынша баланстар былай бөлінеді:а)дербес;б)жеке.

Дербес баланс заңды тұлғалар болып табылатын кәсіпорындарда болады.

Жеке балансты кәсіпорындардың құрылымдық бөлімшелері (цехтар,филиалдар және т.б.) жасайды.

7.Тазару тәсілі бойынша баланстар баланс-брутто және баланс-нетто болып келеді.

Баланс-брутто – реттеуші баптарды қосатын бухгалтерлік баланс (“Негізгі құралдардың тозуы”, “Материалдық емес активтердің амортизациясы”);

Баланс-нетто – реттеуші баптарсыз жасалған бухгалтерлік баланс.

2. Бухгалтерлік баланстың құрылымы мен мазмұны. Негізгі бухгалтерлік теңдеу. Бухгалтерлік балансқа деген көзқарас. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

Бухгалтерлік балансты мына теңдіктің әрдайым тең болатындығы сөзсіз.

Актив = меншікті капитал + міндеттеме

Бұл жеңілдікті кейде шет елдерде келесі түрде көрсетіледі:

Актив – міндеттеме + міндеттеме

Баланстың актив бөлімі қысқа мерзімді активтер және ұзақ мерзімді активтер деп 2-ге бөлінеді.

Кәсіпорынның ақша қаражаты, қысқа мерзімді дебиторлық берешек қорлар, қысқа мерзімді қаржылық инвесторлар. Ұзақ мерзімді активтерге: ұзақ мерзімді дебиторлық берешектер, негізгі құралдар, материалдық емес активтер т.б.

Бухгалтерлік баланстың пассив бөлімі 3 бөлімнен тұрады:


  1. Ұзақ мерзімді міндеттемелер

  2. Қысқа мерзімді міндеттемелер

  3. Капитал

Қысқа мерзімді міндеттемелерге: қысқа мерзімді банк несиелері, бюджетпен салалар бойынша есеп айырысу, 3310,3350,3890.Ұзақ мерзімді міндеттемелігі: ұзақ мерзімді банк несиелері, төлем мерзімі өткен салықтар және т.б.

Капитал бөлімінде кәсіпорынның жарғылық капиталы, резервтік капиталы, есепті жылдың пайдасы, жиынтық табыс (зиян) есепке алынады.


1. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.

2. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

1. Негізгі бухгалтерлік теңдеу.

Баланста актив пен пассив жиынтықтарының тепе-теңдігі міндетті түрде сақталуы керек,өйткені баланстың екі жағы да бір ғана шаруашылық құралдарын көрсетеді,бірақ олар әр түрлі белгілері бойынша топтастырылған:баланс активінде заттық құрамы мен функционалдық рөлі,яғни ол қалай орналасқаны (негізгі құралдар,материалдық емес активтер,күрделі салымдар,материалдар,дайын өнім,ақшалай қаражат және т.б.) және кәсіпорында қандай қызметтер атқаратынын көрсетуі,ал баланс пассивінде шаруашылық құралдарының құрылу көздері бойынша,яғни кімнен және қанша шаруашылық құралдары алынғанын (құрылтайшылардан,кәсіпорын табысы,бюджеттен,банк қарыздары,жабдықтаушылардан және т.б.) көрсетеді.Демек,шаруашылық құралдарының әрбір түрі кәсіпорынға қандай да бір көз есебінен түседі.Сондықтан шаруашылық құралдарының құрамы және орналастырылуы (баланс активі) бойынша жалпы сомасы олардың құрылу көздерінің (баланс пассиві) жалпы сомасына тең болады.Баланс активі мен пассиві бойынша жиынтықтары бухгалтерлік баланстың валютасы деп аталады.Мұндай баланстық теңдікті төмендегідей көрсетуге болады:

Активтер=Қаржылық міндеттемелер+Меншікті капитал (экономикалық(тартылған капитал)ресурстар)

Бұл формулада экономикалық ресурстар кәсіпорынның иелігінде және айналымында бар шаруашылық құралдары мен мүліктерінің жалпы құнын көрсететін активтер ретінде қарастырылады,

Қаржылық міндеттемелер (тартылған капитал) кәсіпорын активтерінің заңды және жеке тұлғалар қаржыландырылған мөлшерін,кредиторлық қарыздарының шамасын көрсетеді.

Меншікті капитал кәсіпорында оның иелік етушілерімен жасалған салымдардың құнын сипаттайды.Кей кезде оны,егер меншікті капитал барлық пассивтарді төлегеннен кейін қалатын болса,қалдық капитал деп те атайды.Онда баланстық теңдік мынадай түрге ие болады:

Меншікті капитал=Активтер-Қаржылық міндеттемелер

Бұл-кредиторлардың кәсіпорынның меншік иелерімен салыстырғанда өздерінің қаржылық талаптарын қанағаттандыруға басым құқықтары бар екенін білдіреді.Сонымен жоғарыда берілген теңеу кәсіпорын активтерінің шамасын және капитал құруға кәсіпорынның меншік иелерінің әрі кредиторларының қатысу дәрежесін көрсетеді.Кәсіпорынның қаржылық тұрақтылығы мен қаржылық нәтижесі осы өзара байланыстылыққа байланысты болады.

2. Шаруашылық операцияларының бухгалтерлік баланс әсері.

Кәсіпорын қызметінің процесінде туындайтын көптеген шаруашылық әрекеттері актив пен пассив жиынтықтарының теңдіктерін бұзбайды,сонымен бірге жеке баптардың сомалары мен баланс нәтижелері өзгеріске ұшырауы мүмкін.Бұл әрбір әрекеттің баланстың екі бабына әсер етуімен түсіндіріледі:шаруашылық құралдарының құрамы мен олардың құрылу көздерінің мөлшері.Сөйтіп,олар баланстың активінде және пассивінде немесе бір уақытта актите де,пассивте де болуы мүмкін.

Сонымен,шаруашылық әрекеттерінің нәтижесінде баланс баптарындағы өзгерістердің сипатына байланысты шаруашылық әрекеттерін төрт топқа (типке) бөлуге болады.(6 сызба).

6-сызба


Актив

Пассив

Көбеюі

Азаюы

Көбеюі

Азаюы

1










2










3










4









Шаруашылық әрекеттерінің бірінші типінде активтегі бір бап көбейеді,ал екінші осы сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді.А+Х-Х=П

Мысалы,Кәсіпорын қызметшілеріне төлемақы беру үшін есеп айырысушотынан кассаға 178 000 теңге сомасында ақша қаражаты алынады.Осы әрекетке сәйкес баланс активінің екі бабы өзгеріске ұшырайды:“Есеп айырысу шоты ” және “Касса”. “Касса” шоты бойынша сома артады,ал“Есеп айырысу шоты”бойынша сома тең сомаға кемиді.Шаруашылық әрекеттерінің екінші типі бойынша пассивтің бір бабы көбейеді де,екіншісі сол сомаға азаяды.Баланс валютасы өзгермейді.П+Х-Х=F

Мысалы,Құрылтайшылар жиналысы хаттамасының негізінде кәсіпорын қарамағында қалған таза табыстың 54 000 теңге сомасындағы бөлігі резервтік капиталды арттыруға бағытталады.Осы әрекетке сәйкес баланстың пассивінде екі бабы: “Тартылмаған табыс” азаю жағына және “Резервтік капитал” көбею жағына өзгеріске ұшырайды.Шаруашылық әрекеттерінің үшінші типі бойынша активтегі де, пассивтегі де баптар бірдей сомаға көбейеді.Баланс валютасы да сол сомаға көбейеді.А+Х =П+Х

Мысалы,Жабдықтаушылардан кәсіпорын қоймасына 120 000теңге сомасына материалдар алынып,кірістелді.Очы әрекетке сәйкес баланстың активіндегі “Материалдар” бабы мен баланстың пассивіндегі “Жабдықтаушылар мен мердігерлер бабы” көбейеді.Баланс валютасы да осы сомаға артады.

Шаруашылық әрекеттерінің төртінші типінде активтегі де,пассивтегі де баптар бірдей сомаға азаяды.Баланс валютасы сол сомаға азаяды. А-Х=П-Х

Мысалы,Кәсіпорын қызметшілеріне 137 000теңге сомасында төлемақы берілді.Осы шаруашылық әрекетінің нәтижесінде баланс активінің “Касса” шоты мен баланс пассивінің “Жұмысшылармен төлемақы бойынша есеп айырысу” щоты кемиді.Баланс валютасы да осы сомаға азаяды.

Бақылау сұрақтары:



  1. Бухгалтерлік баланс түсінігіне ақытама беріңіз.

  2. Бухгалтерлік баланстың мәні туралы баяндаңыз.

  3. Бухгалтерлік баланстың статьясы дегеніміз не?.

  4. Бухгалтерлік баланстың актив, міндеттеме капитал бөлімінде не көрсетіледі?

  5. Негізгі бухгалтерлік теңдік дегеніміз не ?.

  6. Актив міндеттеме капитал түсініктеріне анықтама беріңіз.

  7. Дебиторлық және кредиторлық борыштар түрлерін атап шығыңыз.

  8. Капиталдың негізгі түрлеріне анықтама беріңіз.

  9. Шаруашылық операциялардың бухгалтерлік балансқа әсерін анықтаңыздар. Мысал келтіріңіз.

Әдебиеттер:

  1. Бухгалтерлік есепті жүргізу ережесін бекіту туралы Қазақстан Республикасының Қаржы Министрлігінің 2007 жылғы 22 маусымдағы № 221 Бұйрығы,

  2. ҚР Қаржы министрлігінің 23.05.2007 жылы № 185 бұйрығымен бекітілген бухгалтерлік шоттарының үлгілік жоспары

  3. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы бухгалтерлік есеп» Алматы 2002 ж

  4. Радостовец В.К. «Кәсіпорындағы қаржылық және басқару есебі» Алматы -1997ж.

  5. Әбідманапов А. Қаржылық есеп принциптері. Алматы 2005

  6. Кеулімжаев Н.К. Бухгалтерлік есеп принциптері. Алматы 2003

  7. Сейдахметова Ф. Қазіргі заманғы бухгалтерлік есеп. 2008


Тақырып № 8 Аудиторлық қызметтің тұжырымдамасы, түрлері, міндеттері


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет