5. Дәрістер кешені Тақырып №1 Дәріс 1: Бухгалтерлік есепті қалыптастыру және оны ұйымдастырудың ерекшеліктері



бет4/5
Дата02.10.2019
өлшемі124,67 Kb.
#49171
1   2   3   4   5
Байланысты:
Лекции Бухгалт іс


Дәріс 10,11
1.Аудиттің мәні, мақсаты және маңызы.

2.Аудиттің пайда болуы және дамуы.

З.Қазақстан да аудиттің қалыптасуы және дамуы.

4.Аудиттің пәні, обьектісі және қызметі.

5.Аудиттің түрлері және аудитке ілеспе қызметтер.
Аудит Қазақстан Республикасы заңында белгіленген талаптарға сәйкес қаржылық есеп берудің дұрыстығы мен объективтілігі туралы пікір білдіру мақсатында заңды тұлғалардың қаржылық қорытынды есебін тексереді.

Аудиторлық қызметтің мәні қаржылық есеп беруді, төлем есептеу құжаттамасын тәуелсіз тексеру, түрлі қызметтер мен кеңес беру, бухгалтерлік есеп жүргізу мен қалпына келтіру, ұйымның активтері мен міндеттемелерін бағалау, салық декларациясын толтыру, қаржы-шаруашылық қызметке экономикалық талдау жүргізу бойынша тұтынушыларға қызметтер ұсынатын аудиторлық фирмалардың (аудиторлардың) кәсіпкерлік қызметі болып табылуында.

Аудиттің мақсаты - аудиторға қаржылық қорытынды есепті құрудың белгіленген концептуалдық негізіне сәйкес барлық елеулі аспектілер бойынша қаржылық қорытынды есептің дайындалғаны жөнінде қорытынды беру мүмкіндігін беру. Аудит мақсатының стандартты анықтамасына қарамастан, аудит мақсаты дегенде аудитордың алдына тапсырыс беруші қоятын мақсатты түсінуіміз керек.

Аудиттің маңызы тиісті жақтардың мүдделеріне қол жеткізуде болып табылады. Атап айтқанда:

- экономикалық субъектілердің (фирмалар, акционерлік қоғамдар);

- салық қызметі тұлғасындағы мемлекеттің;

- қаржылық есеп беруді әр түрлі пайдаланушылардың;

- аудиторлардың меншік иесі мен мемлекеттің мүдделерін қорғау, сонымен бірге есеп және қорытынды есеп беруді қамтамасыз ету болып табылады.

Дүние жүзіндегі қалыптасқан үлгі бойынша барлық елдерде мемлекет тұрғысынан аудит заңы қабылданады. Сол сияқты біздің елімізде де аудит жұмысының қажеттілігі анықталғаннан кейін 1993 жылы 18 қазан айында Қазақстан Республикасында бірінші рет "Қазақстан Республикасының аудиторлық қызметі туралы" заңы шықты.

І.Аудиттің түрлерін зерттеудің зор әдістемелік маңызы бар. Аудиттің түрлері субъект ретінде ішкі және сыртқы аудит болып бөлінеді. Зандылық тұрғыдан ерікті және міндетті болып, ал жұмыс көлеміне қарай толық және бөлікті тексеру болып, ал техникалық орындалу тұрғысынан қол жұмысы түрінде және компьютерді пайдалану болып бөлінеді.

Ерікті (инициативалық) аудит кәсіпорын тарапынан өз еркімен жүргізіледі. Бұл жағдайда аудит тексеруінің көлемін және қойылатын талапты кәсіпорын шешеді. Міндетті аудит мемлекет құрылымының арнайы анықтаған шешімі бойынша жүргізіледі. Көбінесе бұл жағдайда заң орыңдары кәсіпорынға аудит тексеруін жүргізуді талап етеді. Шаруашылық субъектісінің көрсеткіштерін тексеруді заң орындары анықтайды. Тексеру жүргізу тәртібін, жұмыс көлемін заң орны тапсырады.

Нарықтық қатынастың даму кезеңінде жалпы аудиттің атқаратын рөлі' өте үлкен. Сондықтан да аудиттің әр түрінің атқаратын қызметі де, тапсырушылар талабына сәйкес олардың аудит қызметінің даму барысында алатын орны да ерекше.

Жалпы аудит туралы, оның ішіңде сыртқы аудит туралы осыған дейін көптеген түсініктер қарастырылды. Енді сол сыртқы аудиттің ерекшеліктеріне тоқталамыз. Біріншіден, сыртқы аудит аудит фирмалары немесе жеке аудиторлар мен тапсырушылармен келісім-шарт жасау арқылы жүргізіледі. Оның негізгі мақсаты бухгалтерлік қаржы ақпаратын тексеріп және оның табыстылық көрсеткіштерінің дұрыстығын дәлелдеп, оның қаржылық жағдайына түсініктеме беру. Осындай тиянақты тексеру жүргізгеннен кейін аудиторлар шаруашылық субъектілеріне, олардың қаржылық жағдайына экономикалық талдау жасап олардың экономикасының даму бағытын көрсетіп, оның қаржылық жағдайын нығайту жолдарын айтып, түсініктеме береді. Осы орайда аудитор сол кәсіпорынның қаржы жағдайының және төлем жасау түрақтылығына толық түсініктеме береді.

Сыртқы аудиттің объектісі - ол, шаруашылық субъектілері. Сыртқы аудиттің мақсаты тапсырушының талабына сәйкес анықталады. Тапсырушылар – кәсіпорын, мемлекеттік құрылым және қаржы, мүлік иелері. Мемлекеттік құрылымның тапсыруымен аудит тексеруі жүргізілген жағдайда әлеуметтік-экономикалық мәселелер көтеріледі де, аудитор кәсіпорынның немесе кәсіпкерлердің, меншік иелерінің шаруашылығының тиімді жүргізілуіне қатты көңіл бөлінеді.

Сыртқы аудит қызметін атқарушылар - жеке аудиторлар және аудит фирмалары. Аудиторлардың өз қызметіндегі ең негізгі мақсаты меншік иесінің мүддесін қорғау, яғни, акционердің кәсіпкершілік үшін арнаған қаржылары қандай жағдайда іске асырылуда? - деген сұрақ ерекше орын алады. Сыртқы аудит қызметін осы тұрғыдан қарастырсақ, онда оның өзіндік ерекшеліктері бар. Біріншіден, кәсіпорын басшылары. өзінің және кәсіпорын жұмысының қаржылық жағдайын тек қана жақсы жағынан, мүмкінділігі болса өсіріп көрсетуге тырысады. Ал акционер, меншік иесі өз тарапынан тек шындықты, нақты шаруашылық жағдайын білуге құштар. Нарықтық қатынас жағдайында ешқандай фирма, кәсіпорынның нақты жағдайын білмей сыбайлас болып қарым-қатынастыққа бармайды.

Сыртқы аудитор өз жұмысын сол елдегі занды түрде қабылданған аудит стандартына, бухгалтерлік есеп принциптеріне сәйкес жүргізеді. Фирмалардың, кәсіпорындардың балансы басылымға, тек қана аудитор өз қорытындысын бергеннен кейін ғана шығады. Әрине, аудитор қорытындысы кәсіпорын ақпаратының дұрыстығын, қаржы көрсеткіштерінің дұрыс анықталғандығын растап қана қорытынды бергеннен кейін ғана баланс басылымға рұқсат алады. Ал осы процестердің басылымға шығуының үлкен мағынасы бар.

Ақпараты басылымға шыққан фирмалар, кәсіпорындар біріншіден, өзінің дербес шаруашылық субъектісі екеніне кепілдік алып, одан әрі кәсіпкерлігімен айналысуға ерікті болғаның дәлелдейді. Аудит қорытындысы сол кәсіорынның өткен уақытта тапқан табыс сомасы ақпаратта дұрыс көрсетілген, салық сомасы дұрыс есептелінген деп анықтама жасайды. Яғни, шаруашылық субъектісі мемлекет алдында заң тұрғысынан салық төлеу процесін дұрыс жүргізген субъект болып танылады.

Екіншіден, басылымдағы ақпарат мәліметі бойынша сыбайлас кәсіпкерлер күдіксіз қарым-қатынасқа келеді. Себебі, басылымға шыққан материалдарды сыбайластар зерттеп, талдап, сыбайластыққа сенімді екен деген қорытынды жасайды. Осы орайда, аудит қорытындысы өзінің негізгі функциясының бірі, пайдалануға дайындалған мәліметінің рөлін атқаратын кәсіпорын ақпаратын бекітеді.

Үшіншіден, аудит қорытындысымен шаруашылық жүргізуге кепілдік алған кәсіпорындар сол елдің экономикасының бір қалыпты дамуына негіз болады. Тұрақты халықты жұмыс орнымен қамтамасыз етеді. Қалыптасқан экономика құрылымына айналады.

Төртіншіден, қалылтасқан экономика құрылымы болған елде тиянақты нарықты қатынас зандылығы қалыптасып, сол зандылыкқа сәйкес ол елде тауарға нарықты қатынас бағасы тұрақты бір жүйеге келеді. Соның нәтижесінде сол елдің экономикасы, әлеуметтік жағдайы тұрақты даму жолына түседі. Яғни, аудиторлық тексеру кәсіпорынның тиянақты кәсіпкерлік жасап, даму барысын қамтамасыз ететін механизм. Дамыған елдердің экономикасының тұрақты дамуын қамтамасыз етіп отырған - ол бірден бір нақты механизм аудитор қызметі.

Сондықтан да оған шет елдерде өте үлкен мағына беріледі. Аудиторлық тексеру жүргізбей шаруашылық субъектісі басылымға шықпайды, яғни өзінен-өзі экономикалық қыспаққа түседі. Біріншіден, мемлекет алдында өзінің шаруашылық субъектісі ретінде қүқысын қорғай алмайды. Екіншіден, сыбайлас кәсіпорындар қарым-қатынас жасамайды, үшіншіден банкілер сенімсіздік білдіріп несие беруін токтатып, жалпы есеп айырысу процесін тежей бастайды.

Сыртқы аудит өзінің жүмыс процесінде ішкі аудит жүмысының сомасына баға береді. Қаншалықты тиімді жүргізілетінінің тиімділігін, сенімділігін, оның аудит барысындағы рөлін анықтайды. Ондағы негізгі мақсат ішкі аудит қаншалықты аудит күдігін жіберетінін, аудит стандартын қандай дәрежеде дұрыс қолданатынын анықтау. Ішкі аудит жұмысын тексерген сыртқы аудит өзінің ойын, жетістіктерін және кемшіліктерін, жетіспеушіліктерін жазбаша түрде анықтап басшыларына тапсырады.

Сыртқы аудит соңғы жылдары тек қана қаржы ақпаратын тексеріп қана қоймай кәсіпорын шаруашылығына экономикалық талдау жасап, оның кәсіпкерлігінің табыс сомасына баға. береді, оның жүмысының табыстылық және экономикалық тиімділігін анықтайды. Сыртқы аудитті қазіргі кезде "Заңды аудит" деп атайды. Себебі, ол тапсырушы алдында тэуелсіз, тек қана сыртқы мәлімет пен пайданушылар алдында ғана жауапкершілікте.

Жоғарыда келтірілген сыртқы аудит туралы берілген түсінік негізінде шет елдерде толығымен қолданылады, оның принциптері жүмыс бабында толық іске асырылуда. Ішкі аудит бүрын қалыптасқан ішкі бақылау жұмысының жүйесіне жатады. Оның ерекшелігі кәсіпорын шаруашылығына ішкі бақылау арқылы тәуелсіз қызмет көрсету. Ішкі аудиттің тәуелсіздігі сыртқы аудит тәуелсіздігі сияқты өте қажет жұмыс тәртібі. Сырттан қарағанда ішкі аудиттің тәуелсіздік сақтауы мүмкін емес сияқты. Соған қарамастан ішкі аудит өзінің жүмысы, ақпарат тапсыру барысында түгелдей дербестігін сақтайды.

Аудит қызметі қалыптасқан елдерде ішкі аудит, үлкен және орталау шаруашылық субъектілерінен қүралады. Оның ұйымдастыру ерекшеліктері:

1) шаруашылық субъектілерінің басшылары, әкімшіліктері ішкі аудит

қажет деп тапқан жағдайда өзіне, ішкі тобын құруға шешім қабылдап,

аудиторлық куәлігі бар маман іздейді;

2)аудитор маманы мен кәсіпорын, басшылары келісім-шарт жасасып:

а) аудитор тобының атқаратын қызметін нақты анықтайды;

б)жұмыс атқару тәртібі, жұмыс орны, аудитордың және

тапсырушының міндеті нақты көрсетіледі;

в)аудитор тобының штаты анықталып, еңбек ақы төлем сомасы анықталады.

Бұл келісім-шарттың зандылық кұқысы бар, осы орайда ескеретін жағдай аудитор тобы келісім-шартта көрсетілген еңбек ақысы туралы тапсырушыға тәуелді емес. Яғни, қаржылану, төлем мәселесі аудит қызметіне ешқандай әсерін тигізбейді. Сондықтан да, ішкі аудит тобы өз қызметін жүргізуде, барлық өзіне қажет мәлімет жинауда кәсіпорын басшыларынан ешқандай қысым немесе тергеушілік кездестірмейді. Тағы да ішкі аудит тобының тәуелсіздігі жоғарғы сатыдағы аудит фирмаларының бақылауы арқылы іске алады. Себебі, ішкі аудит тобы өз жұмысы туралы тікелей жоғарғы сатыдағы аудит кұрылымына, директорлар комитетіне ақпарат тапсырып отырады. Соңдықтан да ішкі аудит тобына тапсырушылар немесе басқа әкімшілік құрылымы, ешқандай қысымшылық немесе өздерінің тарапынан ешқандай талап, міндет қоя алмайды.

Ішкі аудиттің ең негізгі мақсаты — ол, кәсіпорын шаруашылығы туралы құралған мәліметтің дұрыстығына, шындығына бақылау жасау, сөйтіп басқару барысында қолданылатын мәліметтің шындығын, дұрыстығын қамтамасыз ету.

Ішкі аудиттің мақсаты кәсіпорынның экономикалық саясатының орындалуына бақылау жасау, қазіргі кезде біздің елімізде есеп саясатының орындалауына немесе өзгеріс болса оның себебін орынды немесе орынсыз екеніне аудиторлық анықтама жасау. Ішкі аудит тобы осы өзінің ізгі мақсатыт іске асыру үшін жүйелі түрде бухгалтерлік есеп жұмысына, ішкі бақылау жұмысына үздіксіз тексеру жүргізіп отырады.

Ішкі аудит қызметі қалыптасқан елдерде аудит қызметі қаржы ақпаратын, информация құрылымын, бухгалтерлік есеп жүмысын ғана тексеріп қоймай басқалай да көптеген экономикалық қызметтер көрсетеді. Олар шаруашылық субъектілерінің кәсіпкерлік көрсеткіштеріне экономикалык талдау жасап, оның экономикалық даму жолына болжам жасау, қаржы стратегиясын белгілеу, маркетинг зерттеуін жүргізу, басқару жүмысына түсініктеме беру тағы басқа сол сияқты қызметтер. Яғни, ішкі аудит тобы тапсырушылар талабына сәйкес жан-жақты қызмет көрсетеді. Сонымен қатар ішкі аудитор тобы сол кәсіпорын күрылымының бір бөлімі болып саналады. Кәсіпорын шаруашылығында аудит тобы ішкі бақылаушы болып қана қоймай, ол есеп саясатының орындалуын бақылап, баға беріп отыратын сарапшы ролін атқарады.

Қорыта келгенде, ішкі аудит кәсіпорын саласында басқарушьшық жұмысын жүргізуге өте қажет қызмет. Ішкі аудит ережесінде оның құрылымы, аудитордың қызметкерлік ережесі, аудит стандарты, нормативтік құжаттары, әдістемелік ереже-нұсқаулары анықталған. Ішкі аудит жұмысының тиянақты және жақсы жүргізілуі сол ішкі аудит жағдайының сапасына, онда қарастырылған талаптардың құндылығына, кәсіпорынның экономикалық саясатына байланысты болады.

Ішкі аудит ережесін дайындауға шаруашылық субъектілерінің жауапты қызметкерлері қатысуы қажет. Біріншіден, экономика және қаржы директоры, бас бухгалтер, тексеру комиссиясының бастығы. Әрине, бүл қүжаттың жоғарғы сатыдағы құрылымда, акционерлер қоғамында немесе жалпы жиналыста бекітілгені жөн. Сонда ол ішкі аудит тобының тәуелсіздігіне көп көмегін тигізеді. Ішкі аудит тобының тәуелсіздігі тексеру комиссиясының және директордың нақты келісім, билік жасап оның құқы мен өкілдігін анықтап бекітуімен кепілдік алады.

Ішкі аудиторлық тексерудің объектісі, қаржы ақпараты, өндіріс процесі және компьютер жүйесі. Себебі, шаруашылық субъектілерінің негізгі шығыны осы көрсетілген шаруашылыққа тиісті. Оның ішінде өндіріс барысының шығыны, әсіресе материал шығыны, өндіріс, қызметкерлеріне еңбек ақы шығыны, табиғи және өндірістік қосалқы шығын, ішкі аудитті ұйымдастыру шығыны, тағы басқа шығындар кәсіпорын және олардың басшысы үшін арнайы тексеру немесе ішкі бақылау барысын ұйымдастыру ішкі аудит жағдайында жан-жақты қарастырылуы қажет. Жалпы ішкі аудит жан-жақты көптеген бақылау және тексеру қызметін атқаруға міндетті. Ішкі аудит тексеру жасаумен қатар барлық бухгалтерлік қүжаттардың дұрыс жазылуын, әкімшілік тәртіптің орындалуын, қабылданған директивтік шешімнің және кәсіпорын бойынша шығарылған бұйрықтың орындалуын қадағалап тексеріп отыруға міндетті. Онымен қоса түгелдеу процесін жүргізу және оның нәтижесін шығарып басқарушылық мәліметін талдау арқылы жалпы шаруашылықтың даму жолын қарастырады.


Негізгі әдебиеттер: 1 (б.27-33), 7 (б.35-46)

Қосымша әдебиеттер: 5 (б.45-56)




Тақырып №9 Халықаралық аудит стандарттары, олардың ролі мен маңыздылығы

Дәріс 12,13

1.Аудиттің халықаралық стандартгары мен олардың сипаттамасы.

2.ҚР аудит стандарттары.

3.Аудитордың мамандық этикасының Кодексі.

4.Аудитордың мамандық этикасының қағидалары, ереже лері, фирмаішілік аудит стандарттары.
Дәріс конспектілері: Аудит стандарттары дегеніміз - аудитке қойылатын бірегей талаптарды және аудит өткізу тәртібін анықтаушы принциптерді белгілейтін нормативтік құжаттар.

Аудит стандарттары аудиторлар палатасының Республикалық конференциясында қабылданады және оларды мемлекеттік өкілетті органдар бекітеді . 2000 жылғы наурыз айында өткізілген аудиторлардың бесінші Республикалық конференциясында Казақстан аудитін халықаралық стандартгарға көшіру және оларды ұлттық стандарттар ретінде қабылдау туралы шешім қабыдданды. Ол стандарттар аудит өткізудің жалпы тәсілдерін, аудиторлық тексеру жүргізудің, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, аудит методологиясы мәселелерін, сондай-ақ аудиттің өткізілу шартына қарамастан, осы кәсіптің барлық өкілдері қолдануға тиісті базалық принциптерді анықтайды.

Аудит стандарттарының маңызын төмендегілер айқындайды:

• жоғарғы сапалы аудиторлық тексеруді қамтамасыз етеді;

• аудит өткізудің барлық кезендері (сатылары) бойынша регламентті анықтайды;

• аудиторлық тексеру нәтижелері дұрыстығының құқықтық кепілдігін қамтамасыз етеді;

• Қазақстан аудитінің деңгейін көтереді және оны халықаралық экономикалық кдтынастар саласында танымал етеді;

• аудит өткізу және оның нәтижелерін рәсімдеу мәселелеріне қатысты тәсілдерді, терминдерді, анықтамаларды, мәліметтерді бір ізге салу міндеттерін шешеді .

• аудиторлық тексеру жүргізу іс-тәжірибесіне жаңа ғылыми жетістіктерді енгізуге ықпал етеді;

• ақпаратты пайдаланушыларға аудиторлық тексеру жүргізу процессін түсінуге көмектеседі;

• кәсіптің қоғамдық беделін құрайды;

• мемлекет тарапынан бақылауды жояды;

• аудиторға клиенттермен келіссөз жүргізуге көмектеседі;

• аудит өткізу процессінің жекелеген элементтерінің байланысын қамтамасыз етеді.

Жалпы стандарттар - аудитор өзінің алдында тұрған міндеттерді тиімді әрі кәсіби деңгейде орындауы үшін оның бойында болуға тиісті белгілі бір қасиеттер мен кәсіптік дәреже (ол үшін әзірлік, кәсіби біліктілік, тәуелсіздік, әділдік, аудитті өткізу кезінде тиісті кеңіл бөлу талап етіледі).

Жұмысшы стандарттар—аудиттің алдында тұрған міндеттерді (жоспарлау, көзбен шолып байқау және бақылау, дұрыс мәліметтерді жинау және ішкі бақылау жүйесіне зертгеу жүргізу және бағалау) орындау кезінде аудиторлар басшылыққа алатын ережелер.

Корытынды есеп және аудиторлық қорытынды жасау стандарттары— аудиторлық тексеру нәтижесі бойынша материалдардың нысаны, мазмұны, орналастырылуы және тапсырылуына қатысты стандарттар. Аудиторлық қорытындыда қаржылық қорытынды есептің бухгалтерлік есеп талаптарына сөйкестігі керсетілуге тиісті.

Халықаралық аудит стандарттарын (ХАС) дайындаған—Халықаралық аудиторлық практика жөніндегі комитет (ХАПК). Аталмыш комитет 1997 жылы Нью-Йорк қаласында негізі қаланған бухгалтерлердің халықаралық федерациясының Кеңесі жанындағы тұрақты комитет болып табылады.

Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының мүшесі болу автоматты түрде, Лондон қаласында негізі қаланған, халықаралық бухгалтерлік есеп стандарттары жөніндегі Комитетке мүше болуға құқық береді. Бұл екі ұйым бір-бірінен тәуелсіз, біріншісі аудитке қатысты болса, соңғысы — бухгалтерлік есеппен байланысты. Бухгалтерлердің халықаралық федерациясының басқа тұрақты комитеттері этика, білім беру, қаржы жөне басқару есебі, мемлекеттік сектор, ақпараттық технология және мүшелікке алу мәселелерін қарастырады.

Аудиторлық іс-тәжірибе жөніндегі халықаралық комитет аудит пен соған жалғас қызметтердің бүкіл әлемдегі бірегейлік дәрежесін көтеру үшін солар бойынша стандарттар мен ережелерді жарыққа шығарды.

Казіргі кезде қолданыста жүрген халықаралық аудит стандарттарын әзірлеу ХХ-ғасырдың 70-ші жылдары басталған болатын. Үш таңбалы номерге олар 1994 жылы ие болды. Соңғы жылдарда болған маңыздырақ өзгерістердің арасынан 1998 жылғы жинақта басылып шығып, 1999 жылғы 1 шіддеден бастап күшіне енген, аудитгегі ішінара тексеруге қатысты халықаралық аудит стандартының жаңа нұсқасын атап айтуға болады. Халықаралық аудит стандартының баяндалу стилі хабарлай айту үлгісімен берілген және онда аудиторға бірнеше альтернативтік іс-әрекеттерді қарастыру жиі ұсынылатын көптеген мысалдар мен ұсыныстар қарастырылған.

Аудит стандарттары аудиттің сапасы мен сенімділігіне қойылатын нормативтік талаптарды анықтайды және тәуелсіздіктің, әділеттіліктің, кәсіби біліктіліктің, аудиторлық тексеру нәтижесі жөніндегі ақпараттардың құпиялығын сақтаудың белгіленген деңгейін қамтамасыз етеді. Экономикалық реформалар механизімінің жетілдірілуіне қарай аудиторлық стандарттарды уақыт талабына сай ету мақсатымен, оларды кезең сайын қайта карап отыру қажет.

Республикамызда халықаралық бірлескен фирмалар қызметінің дамуына, сонымен бірге аудиторлық қызметтің аймақтарда енгізлуіне байланысты аудитті халықаралық масштабта үйлестіру қажеттілігі туындады. Тәжірибе көрсеткендей, аудиторлық қызметтің алыс және жақын (ТМД) шетелдердегі даму жолы бірдей, сондықган аудиттің кезекті мәселелерін шешуші қандай-да бір елдің аудиторлық фирмалары оның методологиясына, ғылыми және практикалық маңыздылығына көңіл аударды және экономикалық құрылыстың ерекшеліктерін ескере отырып аудит стандарттарын жасайды.

"Казақстандағы Халықаралық аудит стандарттары" версиясы бухгалтерлер мен аудиторлардың Еуразия аумақтық Халықаралық федерациясының шешімімен негіз етіп алу үшін ТМД елдеріне ұсынылған.

Аудиттің фирмаішілік стандарттары

Аудиттің халықаралық стандарттары тек оны еткізудің жалпы тәсілдерін, тексеру жүргізу ауқымын, аудиторлық қорытынды есептің түрлерін, методология мөселелерін, сондай-ақ, аудиторлар қолда-нуға тиісті базалық принциптерді айқындайды. Алайда, ол стандар-ттар тексеру жүргізу процессінде қолданылатын нақгы іс-әрекеттерді, тәсілдерді, процедураларды белгілі бір тәртіпке бағындыра алмай-ды. Ондай мақсаттағы қызметті аудиттің фирмаішілік стандарттары атқарады.

Жоғары сапалы қызмет көрсетуді қамтамасыз ету үшін аудитортлар мен аудиторлық фирмалар халыкаралық аудит стандарттарының негізінде, аудиторлық фирма жұмысының спецификасы (ерекшелігі) ескерілетін және тексеру жүргізудің нақты процедураларының, аудиторлық дәледдеулер жинаудың, оларды құжаттаудың, клиентпен өзара қарым-қатынас саясатының, ішкі бақылаудың және фирманың ішкі қорытынды есебінің мазмұны ашылып көрсетілетін өздерінің ішкі стандарттарын жасауға тиісті. Тексеру жүргізу кезінде ол қажетті дәлелдеулер жинауды жеңілдетеді, тексеру жүргізу уақытын қысқартады, аудиторлық қорытынды жасау кезінде қате жіберу тәуекелдігін азайтады.

Аудиттің ішкі стандарттары белгілі бір аудиторлық фирмада аудиторлық тексерудің бірегей (фирмалық) тәсілін камтамасыз етеді /22, 78-6/. Орындалатын жұмыстардың көлемін ұлғайту және сапасын көтеру, тексеру жүргізу үшін аудиторларды — ассистенттерді кеңінен пайдалану, аудит технологиясын жетілдіру мүмкіндігі туындайды. Бірақ, стандарттар артық нақгыланбауға, аудитордың еркін тежемеуге тиісті. Себебі, ол аудитті кәсіби ой-пікірмен нығайтылмаған, жай ғана мәліметтер жинауға айналдыруы мүмкін. Фирманың экономикалық және қоғамдық статусы үшін ішкі стандарттардың маңызы жоғары болғандықтан, олардың мазмұны коммерциялық құпия болып табылады.

Әдетте, ішкі стандарттарға оларды жасаушылар қол қояды және міндетті түрде аудиторлық фирманың жетекшісі бекітеді.

Фирмаішілік аудиторлық стандарттарды үш блокқа біріктіруге болады:

• аудиторлық фирмалардың қүрылымы жене оның қызметін үйым-дастыру технологиясы;

• зандар мен стандарттардың талаптарын жүзеге асыру бойынша құжаттар;

• тексеру жүргізу өдістемесі.

Бірінші блоктың құжаттары аудиторлық фирма жүмысының ерекшелігін, оның үйымдық құрылымын, клиенттерімен өзара қарым-қатынас жасау принциптерін, ішкі бақылаудың және ішкі қорытынды есеп берудің қүрылымын, жүмыскерлердің лауазымдық міндеттері мен өкілеттіліктерін, олардың білім деңгейіне қойылатын талаптар-ды, көсіби этика мәселелерін және тағы басқаларды ашып көрсетеді.

Екінші блок құжаттарының негізін бухгалтерлік есеп және каржылық қорытынды есеп беру мәселелерін реттеуші нормативтік кұжаттардың тізімі; бастапқы құжаттардың, аналитикалық және синтетикалық есеп регистрлерінің кұрамы; есептің белгілі бір салалары бойынша болуы мүмкін бұзушылықгарды топтастырушы аудиторлық процедуралардың орындалу реті аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізу үшін жасалынған тестілер немесе сұраулар тізімі кұрайды.

Үшінші блокка катысты әдістемелер келесі бағыттар бойынша алынады;

• бухгалтерлік - клиенттің бухгалтерлік есебінің жекелеген бөлімдері бойынша әдістемелер;

• заңдық- клиент қызметінің кұқықтық жағынан қамтамасыз етілуін тсксеру әдістемелері (құрылтай құжаттарының және жарғылық капиталдың аудиті, шаруашылық келісім-шарттарының сараптамалары, салық заңының сақталуына талдау жасау және т.б.);

• арнайы - ортақ арнайы белгілерді иеленуші кәсіпорындар тобына тексеру жүргізу әдістемелері (шағын көсіпкерлік субъектілерінің, шетелдік инвестициялары бар объектілердің өкілдіктердің және т.б. аудиті).

Бұл стандарттардың әрқайсысында төмендегілер болуы мүмкін:

• тексерудің мақсаты мен міндеттері;

• тексерілетін бөлімдер керсетілген аудит өткізу бағдарламасы;

• нормативтік-құқықтық кұжаттар;

• клиенттің бухгалтерлік және баска құжаттары (каржылық есеп беруі, регистрлер, бастапқы құжаттар);

• есептің осы участогы бойынша болуы мүмкін бұзушылықтарды топтастырушы (аудитті жоспарлау кезеңінде сұрақ беруді өткізуге арналған тестілер немесе сұраулар тізімі; осы участоққа тексеру жүргізу кезінде қолданылатын аудиторлық процедуралардың тізімі);

• аудиторлық процедуралардың орындалу реті;

• аудитордың жұмыс құжаттарының жасалынған нысандары (үлгілері).

Сондай-ақ, аудиторлық стандарттардың болуы аудиторлық фирма мен оның жұмыскерлерінің қызметіне тиімді ішкі бақылауды жүзеге асыруға мүмкіндік береді.
Тақырып № 10 Бухгалтерлік істі компьютерлендіру

Дәріс 14,15



Дәріс конспектілері: Кез келген кәсіпорында бухгалтерлік есепті автоматтандыру онда бухгалтерлік ақпараттар жүйесін жасау деген сөз. Қазіргі уақытта сондай ақпарат жүйелерін құру кәсіпорынның өз күшімен программалық кешендер жасау емес, автоматтандыру мәселелерін тиімді шешетін, дайын программалық өнімдерді сатып алуды білдіреді.

Алайда осы тәрізді программалар кәсіпорынның барлық ерекшеліктерін (кызмет аясын, ұйымының көлемін, автоматтандыруға қойылатын талаптарды) қанағаттандыра алмайды, сондықтан олар параметрлік икемге келтіру үшін үлкен резервпен жасалады және протрамманың негізгі сипаттамаларын кеңінен түрлендіруге мүмкіндік береді. Осыған байланысты программалық кешенді нақты жұмыс жағдайына бейімдеу қажеттілігі туады.

Бухгалтерлік ақпарат жүйелері құрылымы икемді және ашық жүйелі болу керек. Бұл бухгалтерлік есеп саласында болған өзгерістерге байланысты кез келген уақытта үлгіге өзгеріс енгізуге болады деген сөз. Бұл талаптар автоматтандырылатын объектілердің қатаң параметрленуі және модульдік принциптер бойынша іске асырылады.

Программалық өнімді программалаусыз қамтамасыз етуге тиісті икемділік, параметрлеуге негізделген. Икемді күйге елтірудің біреселігі (ендіру сәтіне), жүйені пайдаланушылардың санын, физикалық құрылғылардың ерекшеліктер мен құрылымын қызмет көрсетуді іске асырудағы технологиялық ерекшеліктерін сонымен қатар бухгалтерлік технологияларының өзгерісін тұжырымдайды. Бухгалтерлік технологияларының өзгеруіне байланысты (шоттар жоспары және баланысты құру алгоритімінің өзгеруі) икемді күйге келтіру ағымдағы болуы мүмкін, мұндай жағдайда икемдеуді бухгалтердің өзі атқарады.

Икемді күйге келтіру спекторына байланысты кәсіпорындағы программалық өнімнің бейімделуі және енгіз 1-2 айдан 3 жылға дейін, ал бейімдеу жұмысы мезретті (меню) икемдеу күйге келтіру, есеп беру нысанын жасаудан бастап мүлдем жаңа программалық модуль жасауға дейің өзгереді. Қазіргі кезде әр түрлі меншік нысандарындағы кәсіпорындарда бухгалтерлік есеп жүргізу, деректерді компьютерлік өңдеусіз тиімділігі шамалы, сондықтан жаңа ақпараттық технологиялар негізінде бухгалтерлік ақпарат жүйелерін (БАЖ) құрудың және оның жұмысының үлкен мәні бар.

Бухгалтерлік ақпарат жүйесін таңдау мынандай әр түрлі факторлардан: меншік нысандарынан (ЖШС, АҚ және тағы басқаларынан); кәсіпорын көлемінен; қызмет түрлерінің санынан; есептік және қаржылық операцияларының ерекшеліктері мен көлемдерінен; қолданылатын есептеу техникасы мен әр түрлі телекоммуникациялар құралдарынан; оның қолданылуының ұйымдастырылған нысандарынан (АЖО, ЖЕЖ, ГЕЖ) және басқаларынан тәуелді.

Есептік деректерді өңдеудің ең тиімді нысаны ретінде икемді әрі сенімді бухгалтерлік жүйелер құруға және жүйенің ақпараттық қорына желінің кез келген абонентінің қол жеткізуін қамтамасыз ететін автоматтандырылған жұмыс орындарын (АЖО) құруды айтуға болады.

Автоматтандырылған бухгалтерлік есеп жүргізуге бағьпталған ақпараттық жүйелерді шартгы түрде үш топқа бөлуге болады: 



  1. мини-жүйелер; 

  2. шағын және орта кәсіпорындар үшін әмбебап жүйелер; 

  3. ірі кәсіпорындарға бағытталған кешендік жүйелер. 
    Мини-жүйелер айналымы үлкен емес және жүйенін жұмыс істеу мүмкіндігіне қойылатын талаптары жоғары емес кәсіпорындарға арналған, оларға есеп теңге түрінде жүргізіледі. Бұл жүйелерге БАС БУХГАЛТЕР, 1С БУХГАЛТЕРИЯ жатады. 

Ірі кәсіпорыңдарға бағытталған ірі кешендер мен жүйелер, жергілікті есептеу желісі мен есептің белгілі бір бөлігінде бағытталған: негізгі құралдар; банктік операциялар; касса; жалақы; материалдар; қойма және тағы басқа осы сияқты АЖО-ның жиынтығын береді.

Мұндай жүйелердің сипаттық белгілері деректерді басқару және өндеу құралы, сонымен қатар енгізу және шығару нысандарының қуатты көзі болып табылады. Ондай жүйелерге ЛУКА-ІІРО, ИНТЕГРАТОР, БОСС 1.0, RS - баланс. СУПЕР-МЕНЕДЖЕР және тағы басқалары жатады.

Қазіргі кезде Қазақстанда бухгалтерлік есептің халықаралық тәжірибеге бағытталған реформалау үрдісі белсенді жүргізілуде. Реформа кезеңдерінің бірі 1997 жылдың 1 қаңтарында жасалып, қабылданган бухгалтерлік есептің ұлттық стандартын айтуға болады. Бұл шетелдік капиталы бар фирмаларды және Қазақстан Республикасындағы кәсіпорын-резиденттерінде бірыңғай бухгалтерлік есеп жүйесін жүріізуге мүмкіндік береді.

Ақпараттық жүйе есебін таңцағанда оның тиімділігін, сенімділігін, бейімділігін, құндық көрсеткіштерін және тағы басқаларын ескеру қажет. 

1. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер

2. Бухгалтерлік ақпараттың классификациясы

3. Бухгалтерлік есепті автоматтандырудың мәні және маңызы 
Бухгалтерлік ақпараттық жүйелер – бұл экономикалық объектіні басқару үшін ақпарат теру, сақтау, жаңарту, талдау және ақпарат беру болып табылады.

Қазіргі уақытта ақпарттық жүйе көп көлемде немесе түрлі арнада қолданылады. Олардың бір-бірімен келесі факторлармен айырмашылығы бар: өзгеше басқару объектісі, бухгалтерлік ақпараттық жүйе жинақталған тәжірибе бойынша тудыру және функциялау, басқару және басқарушылық жүйе құрылымы, қолданылатын жинақтау құралдары, мәліметтерді беру және өңдеу, бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді басқару объектісінің басшылық позициясы және т.б.

Олардың ортақ, әрі өзгеше белгілері бар екенін бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау кезінде ескерген жөн. Ортақ құрылу принциптеріне бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функциялауына келесілер жатады: бірінші тұлғаның қағидасы, жүйелік тәсіл, сенімділік, үздіксіз даму, үнемділік және үйлесімділік.

Басқарудың әртүрлі деңгейлердегі жауапкершілік тәртібін және қорытынды қою құқығын бірінші тұлғаның қағидасы анықтайды.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді жобалау барысында объекті талдауын түгел басқарумен оны басқару жүйесін және объект функциялаудың критерийлері мен жалпы тізбектің автоматизация жағдайында анықтау. Берілген қағида мәліметтерді жүйеге бірретті енгізуді және оның көпретті қолдануын, мәліметтер базасының бірлігі, кешенді бағдарламалық қамтамасыз етуді көрсетеді.

Сенімділік қағидасы бухгалтерлік ақпараттық жүйелер жұмысының сенімділігін әртүрлі амалдар көмегімен қамтамасыз етеді, мысалы: жүйе құрылымын дубляждау немесе олардың шығындылығы. Жүйенің үздіксіз даму қағидасы ұйымдастырушылық өзгерістерсіз оның кеңеюін талап етеді. Үнемдеу қағидасы жаңа бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің пайдасы оның шығындарынан аспауын қамтамасыз етеді.

Жобаланған бухгалтерлік ақпараттық жүйелер кәсіпорынның ұйымдастырушылық құрылымын есепке алады, және қызықтары мен бухгалтерлік есепте жұмысқа дайындығын шартты түрде дайындайтын квалификацияланған адамдар жұмысын сәйкестік қағидасы жүзеге асырады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге спецификалық ерекшеліктер тән. Осылай, біріншілік ақпарат негізінде бухгалтерлік ақпараттық жүйелерде есептің әртүрлі түрлерінің (жеделдік, бухгалрелік және статистикалық) интеграциясын жүзеге асырады. Бірақ, осы түрлердің бірігуі жүзеге аспайды, өйткені олардың әрқайсысы өзіндік функцияларды жүзеге асырады және өз өз есептерін шығарады.

Кері байланыс қағидасы басқарушылық жүйесінің негізгі қағидаларының бірі болып табылады. Бірақ бухгалтерлік есептің есептерін шығарып кері байланысты жүзеге асыруға болады. Ақпараттық жүйе (АЖ) – кері байланыс үшін жалғыз ақпарат көзі болып табылады.

Шешім қабылдау үшін кәсіпорын басқарушылары осы ақпаратты қолданады.

Есептің барлық бөліктеріндегі есептік ақпаратты автоматты түрде өңдеу мүмкіндігі бухгалтерлік ақпараттық жүйелерге тән үрдіс жинаудан және ақпаратты тіркеуден басталады.

Бухгалтерлік ақпараттық жүйе екі бөліктен тұрады: функционалдық және қамтамасыз етуші. Бухгалтерлік ақпараттық жүйелердің функционалдық бөлігі – жүйелер, кешендер есептері немесе мазмұнды бөлігін құрайтын пәндік аймақтық жиынтық. Бұл бухгалтерлік есептің нақты есептері. Қамтамасыз етуші бөлігі – бұл автоматты режимдегі жүйені функционалдау үшін қажетті шарттар жиынтығы.

Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету – бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді функционалдау және жобалау бойынша құралдар мен әдістер, іс-шаралар кешені. Ұйымдастырушылық қамтамасыз ету бухгалтерлік ақпараттық жүйелерді құрумен және қолдануымен байланысты үлкен оқыс жағдайлар шеңберін құрайды; элементтер құрамын, олардың байланысын, өзара әсерін, ұйымдастырылған құрылымын анықтайды; жүйенің қызметін реттейтін құқықтық актілерінен тұрады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет