Ежелгі Грецияның алғашқы философиялық мектептері: 1) Милет мектебі;
2) пифагорлік мектептер;
3) Элей мектебі;
4) Атомистер мектебі.
5) Софистік мектеп
Милет мектебі б.д.д VI ғ. Ежелгі Грецияда - Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік - полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды. Милет мектебінің өкілдері: 1) Материалистік позицияны ұстанды;
2) Философиямен ғана емес, басқа да нақты жаратылыстық ғылымдармен айналысты.
3) Табиғат заңдарын түсіндіруге тырысты (сол үшін оларға «физиктер» - «табиғатты зерттеушілер» деген екінші ат тағылды).
4) Субстанцияны - дүние жаратылған бастапқы негізді ізденіс.
Милет мектебі б.д.д VI ғ. Ежелгі Грецияда - Кіші Азияның ірі сауда кәсіптік - полисінде пайда болды. «Жеті дана» деп аталған ойшылдар осы мектептің негізгі өкілдері болды.
Олардың әйгілілері:
1. Фалес;
2. Анаксимандр;
3. Анаксимен болды.
Пифагор - (б.д.д. VI ғ. екінші жартысы мен V ғ. басы) ежелгі грек философы, математигі.