5 группа 6В01701 Шет тілі : екі шет тілі Қалмағанбет Шұғыла Нұрғалиқызы



бет2/7
Дата07.02.2022
өлшемі27,59 Kb.
#89070
1   2   3   4   5   6   7
Байланысты:
Ежелгі антика философиясы.Грек философиясы

Антикалық философия (лат. antiquitas "ежелгі") - бзд. VIғ-да Сократқа дейінгі философиядан басталып, 529 жылы Афинада соңғы философиялық мектепті Император Юстиниан І жарлығымен жабылғанға дейін жалғасқан Ежелгі Грек және Ежелгі Рим философиясы (бзд. VІғ - VIғ). Дәстүр бойынша Фалес алғашқы антикалық философ, ал Боэций соңғы антикалық философ саналады.
Ежелгі грек философиясы (ілімі, мектептері) деп қазіргі Греция мен Кіші Азиядағы грек полистерінде (қала-мемлекеттерде), Жерорта жағалауларында, Қырымда, Азия мен Африканың эллиндік мемлекеттерінде және Рим империясында өмір сүрген грек философтары жасаған рухани философиялық қазына аталады. (Ежелгі Рим философиясы ежелгі грек философиясымен тікелей «Ежелгі грек-рим» немесе «Антикалық философия» деген атпен бірігеді).
Ертегірек (антикалық) философиясы өзінің даму тарихында үш кезеңнен өтті:
1. Сократқа дейінгі немесе ежелгі грек философиясының қалыптасу кезеңі. (б.з.д. ҮІ- б.з.д. ҮІІ ғғ.) – басты назарда ғарыштың, табиғаттың (физистің) проблемалары. Кезеңнің басқаша атауы – “натуралистік кезең”.
2. Сократтық немесе классикалық грек философиясыСократтың, Платонның, Аристотельдің ілімдері (б.з.д.Ү- б.з.д. ІҮ ғғ.). Басты назар адамның проблемаларына, оның мәні мен танымдық мүмкіндіктеріне аударылады;
3. Грек-римдік, немесе эллинизм кезеңі ( б.з.д. ІҮ ғ соңы - б.з. ІҮ ғ.). Эллинизм дәуірі (б.з.д. ІҮ ғ. соңы) дегеніміз А.Македонскийден кейін, оның римдіктерді жаулап алғанына дейінгі эпикуреизмнің, стоицизмнің, кинизмнің,скептицизмнің,эклектика, неоплатонизмнің қалыптасуы болып табылады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет