Байланысты: Ежелгі антика философиясы.Грек философиясы
Софистерге тән сипат: 1) қоршаған дүниеге сыни қатынас;
2) барлық нәрсені, процесті іс жүзінде тексеруге ұмтылыс, қандай да болмасын ойдың дұрыс не бұрыстығын логикалық тұрғыдан дәлелдеуге ұмтылыс;
3) ескірген дәстүрлі мәдениет негіздерін қабылдамау (нигилизм);
4) сүйенетін негізі жеткіліксіз көне дәстүрлерді, дағдыларды ережелерді терістеу;
5) мемлекет пен құқықтың шарттылығын, олардың жетілмегендігін дәлелдеуге ұмтылыс;
6) моральдік нормаларды абсолютті деп емес, сынау, жетілдіру объектісі ретінде қабылдау;
7) пікірлер мен баға берудегі субъективизм;
8) объективті болмысты терістеу және барлық нәрсенің тек адам ойында тіршілік ететінін дәлелдеуге талпыныс.
Көне замандағы философтардың, әсіресе грек ойшылдарының негізгі мақсаты ұдайы күрес, пікір тартысы, идеологиялық тұжырымдарды қарсыластарына қарсы жұмсап, қалайда жеңіске жетуді көздеу емес. Керісінше, әрбір дәуір тудырған экономикалық, саяси-әлеуметтік қайшылықтарды жете түсініп, дұрыс шешу оңайға соққан жоқ. Сонымен, қорыта келгенде түйіндеген ойымыз – көне грек философиясы адамның мәнін түсінуге үлкен қадам жасады. Ал одан кейінгі дәуір – ортағасыр адаға тікелей назар аударып, оны ендігі жерде ғарышпен, табиғатпен, заттармен шатастырмай, оны құдайдың сүйген құлы, тірі жан деп есептеді. Сөйтіп, жаңа дәуірде адамды сезімдік материалдық зат деп қараудан арыла бастады. Бірақ адамды затпен, табиғатпен, ғарышпен шатастырған теріс көзқарастан толық арылуға әлі де көп уақыт бар еді. Ол үшін алдағы сан ғасырларды бастан кешіру керек болды.