5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі


Педагогикалық менеджментте білім сапасының мониторингісі



бет21/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

1.7. Педагогикалық менеджментте білім сапасының мониторингісі

Бақылау функция ретінде өзара байланысты, бірақ білім беру мекемесімен басқарудың бөлек, жергілікті кезеңі болуда. Білім берудің заманауи жүйесінің алдында тұрған міндеттердің күрделілігі, онда заманауи менеджменттің идеяларын іске асыруын, сондай-ақ білім сапасының мониторинг жүйесін құруда жүзеге асырылатын білім сапасын қадағалауға деген инновациялық көзқарастар талап етеді.

ҚР-ның «Білім туралы» (2007ж.) заңындағы «Білім беру сапасын басқару» 55-бабында

1.«Білім беру сапасын басқару білім беру саласындағы біріңғай мемлекеттік саясатты іске асыруға бағытталған және білім сапасын бағалаудың біріңғай ұлттық жүйесін құрайтын мемлекеттік және институционалдық құрылымдарын, білім беруді қаржыландыруға бөлінетін қаражатты пайдалану ұтымдылығын және білім беру жүйесі жұмыс істеуінің тұтастай тиімділігін қамтиды».

2. Білім беру сапасын басқару білім беру мониторингінің нәтижелері негізінде барлық деңгейлерде басқарушылық шешімдерді қабылдау арқылы жүзеге асырылады.

3. Білім беру мониторингі білім сапасын сырттай және ішкі бағалау әдістері арқылы өткізіледі.

Білім беру сапасын сырттай бағалау білім беру ұйымдарын лицензиялаудың, мемлекеттік аттестаттаудың білім беру ұйымдарын аккредиттеудің рәсімдерін, ұлттық бірыңғай тестілеудің, мемлекеттік аралық бақылаудың, сондай-ақ барлық үлгідегі және түрдегі білім беру ұйымдарын саралау, мен техникалық және кәсіптік, орта білімнен кейінгі ұйымдарда білім алушыларға біліктілік берудің рәсімдерін қамтиды.

Білім беру сапасын ішкі бағалау сапа менеджменті жүйесін, білім беру; ұйымдары қызметінің барлық түрлерінің өзін-өзі бағалауының әртүрлі рәсімдерін, үлгерімді ағымдағы бақылауды, білім алушылардың білім алу-жетістіктерін бағалауды қамтиды.

Жоғары оқу орындарының қызметін бағалау осы оқу орнындағы оқыту сапасы туралы студенттердің пікірін қамтиды деп көрсетілген [1].

Сонымен, білім сапасының мониторингісі маңызды шарт және сол уақытта білім беру аясындағы менеджменттің құраушысы болады. Мониторингті өзінің мәні бойынша логикалық даму және осы оқулық басылымында жоғарыда айтылғандай, бақылау функциясын жетілдіру ретінде ғана емес, бірақ белгілі дәрежеде басқарудың сапалы басқа функциясы деп қарауға болады.

XXI ғасыр үшін жоғары білім туралы Дүниежүзілік декларацияда (Париж, 1998жылғы 9 қазан) «жоғары білім аясындағы сапа оның барлық функцияларын және оқу мен академиялық бағдарламалары, ғылыми-зерттеулер мен шәкіртақылар, кадрлармен, оқушылармен жинақтау, ғимарат, материалдық-техникалық база, жабдық, қоғам игілігіне жұмыс, акдемиялық орта сияқты қызмет түрлерін қамтуға тиіс көп өлшемді тұжырымдама болуда» делінген [59,93б.]. Осының салдарынан, білім беру жүйесіне сапа мониторинг ұғымы енуде және тек жоғары мектепке ғана емес, білім берудің басқа да деңгейлеріне өтуде (мектепке дейінгі, жалпы орта, орта кәсіптілік және т.б.)

Мониторинг ұғымы педагогика теориясы мен тәжірибесіне табиғи ғылымдардан келген, онда ол бақылау, болжау, қорғау мақсатымен қоршаған орта жағдайына (атмосфера, гидросфера, топырақты-өсімдік жамылғысы, сондай-ақ техногендік жүйелер) деген бақылауды белгілеген. Қызметтің осы саласында мониторингтің келесі түрлерін айырады [17,732б]:



  • жаһандық (биосфера мониторингісі);

  • өңірлік (геожүйелік мониторингісі);

  • жергілікті (қоршаған орта кейбір құрауыштарының санитарлық-гигиеналық мониторингісі).

Қазақстан Республикасында 2011-2020 жылдарға арналған білімді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасында, жоғарыда айтылғандай, бағдарламалық мақсаттардың бірі ретінде білім берумен басқарудың мемлекеттік –қоғамдық жүйесін қалыптастыру анықталған. Осы бағдарламалық мақсат сондай-ақ білім беруді дамыту мониторинг жүйесін жетіліру, оның ішінде халықаралық талаптарды есепке алумен ұлттық білім статистикасын құру арқылы іске асырылатын болады деп күтілуде [2,3б]. Көп деңгейлі білімнің ұлттық жүйесін жаңғыртудың күтілетін нәтижелерінің арасында сонымен қатар, халықаралық статистикалық стандарттарға сай білімнің статистикалық көрсеткіштерінің жүйесін, мониторинг жүйесін және білім беру жүйесінің дамуын болжау жүйесін құру аталған.

ISO 9001:2008 «Сапа менеджмент жүйелері-Талаптар» стандартында «ұйым мониторингтің тиісінше әдістерін қолдануға тиіс. Осы әдістер үдерістердің жоспарланған нәтижелеріне жетуін көрсетуге тиіс. Жоспарланған нәтижелерге қол жеткізілмегенде, өнім бекітілген талаптарға сәйкес келеді деген сенімділікті қамтамасыз ету үшін тиісті түзетулерді және түзету әрекеттерін жасауға тиіс» делінген [92, 21б].

Танысу үшін педагогикалық әдебиетте келтірілген мониторинг мәнінің кейбір анықтауларын келтіреміз.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   17   18   19   20   21   22   23   24   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет