5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет23/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

ҚОСЫМША МАТЕРИАЛ

Неғұрлым көп автономдық (д(ербестік) ЖОО-на белсенді ұстанымды алуға мүмкіндік береді: жоғарыдан нұсқаулықты тоспай, өз әлеулетін жүзеге асыруына тырысу, өз бетімен даму стратегиясы мен саясатын анықтау, өз айырмашылығын есепке ала отырып, өзінің жетістікке жету межелерін орнату, жаңа сапаға қол жеткізу.

... Стратегиялық университеттік менеджменттің әртүрлі тұжырымдамалары үшін жалпы белгісі негізгі кезеңдерді орындау цикілділігі, интерактивтілігі болып табылады. Мұндайда сапаны бағалау мен бақылау орталық орындарының бірінен орын алады. Бір жағынан, жағдайды бағалау, оны талдау, қызметті жоспарлау, өндірістік үдерістерді ұйымдастыру және алға қойылған міндеттердің жүзеге асыру кезеңінен әрдайым бұрын болады.Басқа жағынан алғанда, басқарушы циклы бағалау кезеңімен және онда негізделген жетістіктер талдаумен аяқталады. Сонымен, басқару үдерісінде бағалау рөлін анықтағанда, дәл сапаны бағалау мен бақылау басқарудың циклдігін және үздіксіздігін негіздейді деп мақылдауға болады. Бұл жайт осы кезеңді ең маңызды етеді.

Білім жүйелерінің және институттармен басқаруда қолданылатын бағалаудың әртүрлі үлгілері белгілі. Олардың мақсаттары, бастамашылдары әртүрлі болуы, әртүрлі аспаптық механизмдерді пайдалану мүмкін. Үкімет пен кәсіби ұйымдардың тарапынан бақылау дәрежесі, экономикалық қыспақ, мәдени дәстүрлер және т.б. тарихи қалыптасқан дәстүрлер ғана емес, сондай-ақ ЖОО-да өзін-өзі басқару жүйесінің дамығандығы да қандай да бір үлгінің басым қолданылуы себепші болады.

Көптеген елдерде жоғары білімді басқару ісін Білім министрлігінің немесе ұлттық комиссиялар жүргізеді. Ал АҚШ-та жоғары білім институционалдық деңгейде жүргізіледі. Мұнымен АҚШ-ғы университеттер ең алдымен, университеттің өзі бастап жүргізетін ішкі бағалауға бейімделгені анықталды. Ең бастысы, мұндай бағалау университет қызметін жақсартуға және сапаға қол жеткізугн бағытталған. Ал бұл институционалдық, бағдарламалық және жеке деңгейде өзін-өзі бағалаудың жалпыны қамтитын үдерісін жүргізу жолымен атқарылады және де осы қызмет оқу мекемесінің ішінде шоғырланған. Бағалаудың осындай үлгілері көптеген канадалық ЖОО-да және Латын Америкасы елдерінің бірқатар университеттерінде пайдаланылады.

Ұлыбритания университеттерінің көпшілігі ішкі бағалаудың жиі пайдаланылады, бұл осы елдегі ЖОО әртүрлі қорлар арқылы қаржыландыру мәселелерімен байланысты.Ішкі бағалау ЖОО-ның қызметі жалпы қабылданған стандарттарға қаншалықты сәйкес келетінін анықтау мақсатында үкімет және кәсіби ұйымдармен атқарылады. Бұл жағдай да, білікті жақтас бақылаушылармен орындалатын қызметтің сараптамалық шолуы инструментарий болып табылады. Сондай-ақ, Францияда республика президентіне бағынатын жоғары біліммен басқарудың ұлттық органымен жүргізілетін сыртқы бақылау басым бағытта.

Көптеген елдер сыртқы және ішкі бағалауды қолдана отырып, аралық ұстанымға ие болады. Мысалы, Нидерландыда университеттердің бір бөлігі ішкі бағалауды бағдарламалық деңгейде қолданса, Норвегия,Дания және Финляндияда сыртқы бағалау жүргізілген сон атқарылады; Испанияда ішкі бағалау оқу бағдарламаларында және зерттеулерінде оқыту сапасын бағалағанда ғана емес, сонымен қатар, университет деңгейінде басқару бағалауында да белсенді қолданылады.

... Ең бастысы, бағалау мақсаттарын түсінуді өзгерту, барлығы қолданатын және ұғынатын белгілерді әзірлеу қажет.

Бағалауды жүргізу мақсаты тек жай ғана жұмыстағы кемшіліктерді анықтау және сол үшін жазалау болмауға тиіс.Осы рәсімнің басты міндеті – нақты адамның жұмыс сапасын жақсарту және бүкіл ұйымның жалпы жұмысының жаңа сапасына қол жеткізу. Осындай көзқараста әңгіме өз қызметінің сапасын жақсарту бойынша әрі қарай жұмыстың бағыттары жөнінде болады. Бұл жағдайда адам үдеріс объектісінен қандай да бір дәрежеде үдеріс субъектісіне айналады және өзін-өзі бағалауда белсенді қатысу мүмкіндігіне ие болады. Өз жұмысының сапасын жақсартуға деген ұмтылыс, міндетті түрде, оның қатысуына уәждеу боладыы. Тек осындай уәждеу өзін-өзі бағалау, өз жетістіктері жөнінде формалды есеп беруді дайындауға, мақсаты басшылықтың оң бағалауына қол жеткізетін қандай да бірмезгілді түсірілімге айналмауына кепілдік береді. Өзін-өзі бағалау сапалық межелерден (жарияланымдар, конференцияларға қатысу және т.б.) басқа, әріптестердің, студенттердің басшылардың, сыртқы сарапшылардың және басқаларының пікірлері мен бағалаулалары ұсынылуға тиіс тұрақты, үздіксіз үдеріс болу керек, жеке жетістіктері мен сәтсіздіктердің және т.б. талдауы болуға тиіс.

Бағалаудың қабылданатын және ұғынатын межелерін жасау бағалау рәсімін жүргізуге кәсіби көзқарас кезінде маңызды мезеттердің бірі болады. Профессорлық-оқытушы құрамының қызметін бағалаудың жалпыға танылған сипаттамалары мен межелері болса да, әр нақты ЖОО-да, оның ерекшелігі мен міндетіне байланысты сипаттамалардың басымдылығы әртүрлі болуы және осы тізімінде межелердің жаңалары пайда болуы мүмкін.


ІІ тарау.БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕСІНДЕГІ БАСҚАРУ СУБЪЕКТІЛЕРІ



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет