5 І тарау. Менеджмент: теориялық негіздері және білім мекемелерінде іске асыру тәжірибесі



бет25/44
Дата22.05.2020
өлшемі471,85 Kb.
#70597
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44
Байланысты:
Пед.менедж-Китап

Шаруашылық жетекші

Менеджер

1

«Жоғарыдан» шешім тосуда, тырып етпейді, талапсыз, тәуекелдіктен қорқады, бәрі өз бақылауында, тыйым салғысы келеді

Белсенді, жігерлі дербес, қол астындағыларға әрекеттердің барынша еркіндігін ұсынады, тәуекелділікке барады

2

Көбінесе диспетчер, жабдықтаушы, инженер рөлінде болады; жұмыстың «техникалық» аспектілеріне, тактикалық шешімдерге және әрекеттерге бағытталған

Ең бастысы экономикалық және құқықтық проблемаларды шешудің стратегиясын әзірлейді: дауларды шешеді, келіссөздерді жүргізеді

3

Парасатсыз, беделдер алдында бас ұрады, жоғары басшылықтың қуатына сенеді

Парасатты, сыншы, бірінші кезекте өз күшіне сенеді

4

Ойлау мен тәртіптің қос стандартын ұстанады, формалды түрде жоғарыдан түскен тапсырманы орындаса, іс жүзінде өзіне және ең жақсы жағдайда, өз ұжымына жұмыс істейді

Бірінші кезекте жалпы мақсаттарға қол жеткізуге тырысады, сана мен амалдарында екіге бөлінуі жоқ

5

Барлық шешімдерді өзі қабылдайды, бөтен пікірлерге төзбейді

Диолог және дискуссияүдерісінде ұжымдық шешімге келуге бағытталған пікірлестер командасын құрады

6

Ой өрісі мен білімі шектеулі, қоршаған ортаға нашар бағдарланады және оны нашар елестетеді; жаңа білімдерге талпынбайды

Ширақ, жаңа идеялар, білімдер мен ақпаратқа ашық, өмірге деген көзқарасқа ие

7

Басқарушы психологияның, адам қатынастарының мәселелерінде құзыретті емес, қол астындағылардың тұлғасына бейімделмеген

Адамдармен жұмыс істей алады, оларды тұлға ретіне мойындай алады, жақсы педагог

Әсіресе, «менеджмент» және «менеджер» терминінің пайдалануының теріс кеңеюін ерекше ескереді, біздің көзқарасымыз бойынша, тұлғалық ерекшеліктердің және лауазымдық ерекшеліктерінің қатаң үйлесуі тым тура және бір мағыналы. Өкінішке орай, басшымен өзінің басқарушы парадигмасын, оның теориялық құрауыштарын және іс жүзіндегі жүзеге асырылуының түбегейлі қайта құрылуын көздемейтін лауазымдар атауының жай ғана ауысуы жие болады. Сонымен қатар, осы кестеде бұрынғы және заманауи формациялар басшыларының, базалық құзіреттіліктерінің және басқа сипаттамаларының айырмашылықтары жеткілікті деңгейде ақпаратты түрде ашылуда.

Бірақ жақсы менеджерлерде терең өзгерістердің басында тұра алмайды. Бұл үшін түбегейлі басқа ойға және айрықша қабілеттерге ие жаңа типтегі басшылар қажет. Олар жүйе құраушы байланыстарды орната білуі, маңындағыларға шабыттандырушы әсер беруі, басқарудың инновациялық әдістерін қалыптастыру мен қолдануы, жағдайларға сәйкес басшылықтың өз стилін икемді өзгертуі қажет. Тек осындай кошбасшы – менеджерлер өздерінің артынан қызметкерлерін ұйымдастырып ерте алады, оларға Қазақстандық білім беру аясында, қазіргі кезде болып жатқан жаһандық инновациялық өзгерістерге қажетті энергияны бере алады.

Көрсетілген талаптар білім беру мекемелері басшыларының біліктілігін арттыру аясында ҚР білім беруді дамытудың 2011 – 2020 жылдарға арналған мемлекеттік бағдарламасының негізгі қағидалармен жақсы қатынас орнатады. Осы бағдарламады білім берудегі менеджмент бойынша даярлықтан және қайта даярлықтан өткен тұлғалар білім беру ұйымының басшысы деп танылатыны жөнінде ақпарат бар [2]. Сонда 2010 жылы білім беру аясында басшылардың 29%, 2015 жылы - 50%, ал 2020 жылы басқарушылардың барлық 100% менеджмент саласында даярлықтан және қайта даярлықтан отеді деп көзделуде.

Бірақ жаңа білімдерді игеру маңыздылығын мойындай отырып, егер басшының тұлғалық өсуімен өзара байланысты болмаған жағдайда, олардың жетіспеушілігін атап кету қажет.

Өскемен қалалық білім бөлімімен және қалалық әдістемелік кабинетімен мектеп менеджерлердің біліктілігін арттыру жөнінде үлкен жұмыс атқарылуда. Қалада осы бағыттың аясында басылым авторының ғылыми жетекшілігімен басшылық педагогикалық менеджменттің ең тиімді түрлері мен әдістерін іздестіру мақсатында орта жалпы білім беру мектептерін және балалардың мектепке дейінгі мекемелерін біріктіретін «Білім беру сапасының менеджменті» атты эксперименталдық алаңы құрылған және қызмет етуде. Білім беру аясындағы басқарудың маңызды проблематикасы бойынша мектеп директорлары және директорлардың орынбасарлары, мектепке дейінгі мекемелердің меңгерушілері үшін әдістемелік іс шараларды жүйелі және үнемі өткізу басқарушылардың осы санатының біліктілігін жедел жүзеге асыруға мүмкіндік береді. Қалалық білім бөлімінің кеңестерінде, басқарма бастығының маңындағы отырыстарда, мектеп директорлары семинарларында, «Директорлар мектебінің» сабақтарында, әдістемелік кеңестерінде басқарушы қызмет сапасының, оның білім беру мекемесі жұмысының тиімділігіне, педагогтардың кәсіби деңгейін арттыруына әсер ету мәселелері, білім беру үрдісін жетілдіру мен басқару, білім беру сапасы маниторингісін жүйесін құру проблемалары және басқалары тыңдалады және талқыланады. Білім беру менеджерлері қызметінің кәсіптілігінің дамуына ғана емес, сондай – ақ акмеологияда тұлғаның кәсіптілігіне де үлкен назар аударылады. Психологиялық және педагогикалық диагностикалары батареяларының негізінде қалалық білім беру мекемелерінде педагогтардың, оның ішінде білім менеджерлерінің кәсіби қабілеттерінің дамуына көру жүргізеді.

Егер жоғары басшылыққа, өз кезегінде, орта буындағы басқарушылар қатарында, осындай менеджерлердің «сыни массасын» дайындау сәті түссе, онда білім беру мекемесінде жетістікке деген неғұрлым көп мүмкіншілік болады. Қызметкерлерді басқару жөніндегі менеджмент бойынша әдебиетте [46] топ – менеджерлер қаншалықты дарынды болса да, басқарып отырған ұйымның ең төмен деңгейлеріне дейін инновацияларды ілгерілету үшін «өріс командирлері» бәрібір қажет деп көрсетілген. Білім беру мекемесінде қатысты басқару үрдісінің «өріс командирлері» болып педагогтардың өздері де саналады.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   21   22   23   24   25   26   27   28   ...   44




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет