5. континенттердің ҚҰрылымдық элементтері


гранулитті-гнейсті белдеулер



бет5/12
Дата14.02.2023
өлшемі151,5 Kb.
#168748
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12
Байланысты:
8-9 лек

гранулитті-гнейсті белдеулер негізінен архей
жаралымдарынан құралған, алайда олардың қимасының
жоғарғы бөлігінде төменгі протерозой жаралымдары да
ұшырасады. Бұл жаралымдар қарқынды метаморфтық
өзгерістерге ұшыраған, олар көбінесе қышқыл құрамды
таужыныстардан – гранулиттерден жəне гнейстерден тұрады.
Бұл белдеулердің ішкі құрылымы алуан түрлі гранитгнейсті
күмбездермен күрделілене түскен, кейде габбро-
анортозиттердің ірі-ірі плутондары да ұшырасады. Мұндай
белдеулердің көрнекті өкілдері ретінде Солтүстік Америка
платформасы ауқымындағы Гренвиль белдеуін, Африка
платформасындағы Мозамбик белдеуін, Шығыс Еуропа
платформасындағы Беломор белдеуін т.б. атауға болады.
Көне платформалардың кристалдық іргетасындағы
жасылтасты белдеулер негізінен ортаңғы-жоғарғы архей
жаралымдарынан құралған (3,5-2,5 млрд жыл бұрын), сирегірек
төменгі жəне ортаңғы протерозой жаралымдары да ұшырасады.
Бұл белдеулерді құрайтын жаралымдардың метаморфтану
дəрежесі гранулитті-гнейсті белдеу жаралымдарымен
салыстырғанда төмендеу. Жасылтасты белдеу қимасының
заттық құрамы жасылтасты дəрежеде өзгерген негізді құрамды
вулканиттерден, азын-аулақ дəрежеде дамыған орташа құрамды
жəне қышқыл құрамды вулканиттерден, біршама кең дамыған
шөгінді таужыныстардан тұрады. Мұндай белдеулердің
ұзындығы жүздеген км-мен өлшенеді, кейде мыңдаған км-ге
созылатын өкілдері де ұшырасады. Ені əдетте ондаған жəне
Н. Сейітов, Т.Н. Жарқынбеков
140
алғашқы жүздеген км шамасында болып келеді. Жасылтасты
белдеулер гранулитті-гнейсті белдеулерді тілгілей созылады
жəне де олардың шекаралары əдетте терең жарылымдарға
сəйкес келе отырып, өте анық сағаланады. Жасылтасты
белдеулер өздерінің созылу бағытына көлденең бағытта
қатпарлармен жəне бастырмалармен (надвиг) күрделілене
түскен синклинорийлік құрылымды еске салады.
Қазіргі таңда жасылтасты белдеулер жер шарындағы
барлық көне платформалар ауқымында анықталған жəне де
олардың бір ғана емес, бірнеше генерациясы болатындығы, олар
бір-біріне жарыса созылатындығы белгілі болып отыр.
Осылайша жарыса созылған белдеулерді құрайтын
жаралымдардың геологиялық көнелігі нақтылы бағытта бірте-
бірте «жасара беретіндігін» соңғы жылдардағы зерттеу
нəтижелері анықтады.
Жасылтасты белдеулерді құрайтын жаралымдардың
көлденең қимасы үш түрлі таужыныс бірлестіктерін біріктіреді.
Жалпы қалыңдығы əдетте 10-15 км аралығында болып келетін
бұл қиманың төменгі бөлігі азын-аулақ дəрежеде
метаморфтанған (метаморфизмнің жасылтасты фациясы) негізді
құрамды вулканиттерден, яғни толеитті базальттардан құралған.
Қиманың осы төменгі бөлігінің құрамында «коматииттер»
деп аталатын ультранегізді магма лавалары жиі ұшырасады.
Фанерозойлық вулканиттер құрамында ультранегізді құрамды
эффузиялық таужыныстар ұшыраспайтындығы белгілі, осы
тұрғыдан алғанда, қимасында коматииттердің ұшырасуы
жасылтасты белдеулердің тек өздеріне ғана тəн ерекшелігі
десе де болғандай. Қиманың төменгі бөлігінде шөгінді
таужыныстар болмайды десе де болады, алайда бұл бөлікте де
темірлі кварциттер (джеспиллиттер) мен силициттердің
(кремнийлі таужыныстардың) шағын қабатшалары аракідік
ұшырасып қалып отырады. Қиманың ортаңғы бөлігі де негізінен
вулканогендік таужыныстардың шешуші рөлімен сипатталады,
алайда бұл бөліктегі вулканиттер негізінен орташа жəне
қышқыл құрамды болып келеді (андезиттер сирегірек, дациттер
мен риолиттер көбірек ұшырасады). Қиманың бұл бөлігінде
Геотектоника жəне геодинамика
141
шөгінді таужыныстардың рөлі азды-көпті артады жəне
шөгінділер арасында сынықты (терригендік) шөгінді
таужыныстар молынан ұшырасады. Қиманың жоғарғы бөлігінде
шөгінді таужыныстар жетекші рөлді иеленеді. Бұл шөгінділер
арасында сынықты (терригендік) шөгінді таужыныстар, əсіресе
сырт көрінісі байырғы молассаларды еске салатын ірі кесекті
шөгінділер көптеп ұшырасады.
Көне платформалар өздерінің қазіргі таңдағы көрініс беру
ерекшеліктеріне қарай қалқандарға жəне тақталарға
жіктелетіндігі жоғарыда айтылды. Қалқандар көне платформаның
ұдайы жоғары көтерілуі салдарынан қалыптасады, осы көтерілу
процесіне байланысты платформаның архей-протерозой
жаралымдарынан тұратын кристалдық іргетасы жер бетінде
ашылып, денудацияға ұшырайды. Қалқандар əдетте тең
өлшемді (изометрлі) пішінді иемденеді, олардың көлденеңі
(диаметрі) 1000 км-ге жетуі, тіпті одан да артық болуы мүмкін.
Көне платформаның біршама қалың шөгінді тыспен
көмкеріліп жатқан аймақтары тақталар құрайды. Бұлар да өте
ауқымды құрылымдар, олардың ұзыны мен ені мыңдаған км-
мен өлшенуі мүмкін. Тақталар, өз кезегінде, антеклизалар мен
синеклизаларға жіктеледі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   12




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет