5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Анықтаңдар Тас дәуірі тұрақтарынан табылған артефактілерді  ежелгі адамдар қандай мақсаттарда қолданған? Жауаптары



Pdf көрінісі
бет23/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Анықтаңдар
Тас дәуірі тұрақтарынан табылған артефактілерді 
ежелгі адамдар қандай мақсаттарда қолданған?
Жауаптары. 
Ежелгі адамдар қырғыш, кескіш, 
шапқы еңбек құралдарын терімшілік пен аңшылық 
кәсібінде қолданған. Аң аулау және қауіпті аңдардан 
қорғану кезінде ежелгі адамдар тасты қолға ұстау- 
ға икемдеп, өңдеп алғанын байқауға болады. Қыр- 
ғышпен аң терісін сылып, кескіш арқылы қолдың 
күші жетпейтін заттарды кескен. Шапқымен жеуге 
жарамды тамырларды қазып алған, отын шапқан. 
Тас бұрғыларды тасты өңдеуге, жер қазуға қол-
данған. 
Бағалау мүмкіндіктері
Оқушыларды тапсырмаларды орындау барысын-
да қалыптастырушы бағалау мүмкіндігі бар. Саралау 
тапсырмасы барысында археологиялық олжалар-
дың барлығын салыстыра алған оқушыларды ынта-
ландырыңыз.
Қосымша тапсырма
Археология ғылымы, артефактілер туралы білген 
соң, оқушыларға археолог рөліне еніп, 1-сурет-
те қандай құралдарды көріп тұрғанын, осы еңбек 
құралдарын адамдар не үшін қолданғанын, құрал-
дардың неге ұстайтын саптары сақталмағанын 
сұраңыз. Бұл сұрақтарды қадамдап қойыңыз. Тапсыр- 
маны жұппен орындатыңыз. 1-оқушы – археолог, 
2-оқушы көмекші болады. 1-оқушы сұрақтар бой-
ынша фотосуреттен алған ақпараттарын айтып тұра-
ды, 2-оқушы айтылған ақпараттарды жазып алады. 
Бұл жазбаша жұмысты сабақ соңында бағалау үшін 
жинап алуға болады.
 
Жауаптары.
Фотосуреттегі заттар – Қазақстаннан 
табылған палеолит дәуіріне жататын артефактілер. 
Фотосуретте найзаның тастан үшкірленіп жасалған 
ұшын, пышақ тәріздес құрал, тасты тегістегіш құрал-
дар берілген. Найзаның ұшын алғашқы адамдар 
аң аулауда қолданған. Ал тас пышақтарды бірнеше 
мақсатта қолдануы мүмкін. Жемістер мен көгөніс- 
терді кесуге немесе қазып алуға, бұтақтарды не-
месе етті кесуге болады. Ал тас тегістегіш құралды 
еңбек құралдарын жасау кезінде тасты қойып, оны 
қажетінше тегістеуге қолданған. Бұл еңбек құралда-
рының ағаштан жасалған сабы болған. Ағаш шіриді, 
сондықтан еңбек құралдарының тастан жасалған 
бөлігі ғана сақталған.


18
1-тарау.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   19   20   21   22   23   24   25   26   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет