5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ


Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі



Pdf көрінісі
бет31/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
1.3.
Адамдардың шаруашылық өміріндегі 
өзгерістер және еңбек құралдарының 
жетілдірілуі 
(2 сабақ)
Оқу мақсаты
5.4.1.1 ежелгі адамдардың кәсібін сипаттау.
Тірек сөздер
неолит 
қыш
тесе
өндіргіш шаруашылық
Ресурстар
1. Қазақстан тарихы. Көне заманнан бүгінге дейін. 
I том. – Алматы: Атамұра, 2010.
2. Жанайдаров О.К. Көркемсуретті Қазақстан та-
рихы. I том. – Алматы: Қазақстан энциклопедиясы, 
2006.
Оқулық: 
Адамдардың шаруашылық өміріндегі өзгерістер және еңбек құралдарының жетілдірілуі,
22-23 бет.
Зерттеу сұрағы: 
мезолит пен неолит кезең-
дерінде алғашқы адамдардың өмірі қалай өзгерді?
Сабаққа дайындық 
Қыш құмыра суреті салынған кеспеқағаз дайын-
даңыз. Әр суреттің астында оқушы жауап жазатын 
орын қалдырыңыз. Екі түсті стикерді оқушыларға 
жеткілікті мөлшерде дайындаңыз. 
Сабақтың деректі материалдары
Жаңа тас ғасыры – неолитте (б.з.д. 5–3 мыңжыл-
дықтар) тастан жасалған еңбек құралдарының түрі 
көбейді. Тастан, сүйектен жасалған еңбек құралда-
рына ағаштан саптар жасалды. Бұл кезеңде алғашқы 
адамдар тасты жылтырата тегістеу, жүзін жіңішке-
леп өткірлеу, тесу әдістерін меңгерді. Терімшілікпен 
айналысатын әйелдер зығыр, қалақай сабағынан, 
шыбықтардан себеттер, кілемшелер тоқыды. Яғни, 
әйелдер тоқымашылық өнерді білген. Теріп алған 
дәндері шашылмау үшін себеттерді лаймен сылай-
тын. Осындай себеттердің отта қалып қоюы қыш 
ыдыс жаңалығының ашылуына түрткі болған деген 
болжам бар. Неолит дәуірінде адамдардың қыш құ-
мыра жасау жаңалығын ашқанын археологтар дәлел-
деді. Неолит дәуірінің қыш құмыралары әлемнің әр 
түкпірінен табылуда. Қазақстан аумағынан да жаңа 
тас ғасырына жататын құмыралар көптеп табылды. 
Осы кезеңнің ең маңызды жаңалығы – егіншілік пен 
мал шаруашылығының пайда болуы тарих ғылы-
мында "неолиттік төңкеріс" деп аталады. Адамзат 
баласы табиғаттың дайын өнімін тұтынудан өндір-
гіш шаруашылық түрлеріне көшті. Шаруашылықтың 
жаңа түрлерінің пайда болуы адамзат қоғамының 
дамуына зор əсер етіп, адам еңбегінің ауқымы мен 
көлемін кеңейтті. Алғашқы қауым адамдарының өн-
діргіш күштерді дамытудағы неолит кезеңіндегі қол 
жеткен деңгейі басқа да мəдени-тұрмыстық жаңа-
лықтардың ашылуына ықпалын тигізді.
Неолит кезеңінде Қазақстанның табиғаты бү-
гінгі күнге ұқсас болды. Қазақстанда 600-дей нео-
лит дәуірінің ескерткіштері жақсы зерттелген. Ор-
талық Қазақстандағы Зеленая Балка, Қарағанды 
тұрақтарынан қолға үйретілген малдардың сүйек-
тері табылған. Қызылорда облысындағы Сексеуіл 
тұрағынан табылған жануарлардың сүйектерінің 80 
пайызы қой мен сиырдың сүйектері, қалғаны жа-
байы аңдарға тиесілі. Тұрақтардан табылған орақ, 
балта, тесе, дәнүккіш секілді еңбек құралдары егін-
шіліктің де дамығандығының дәлелі болып табыла-
ды. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   27   28   29   30   31   32   33   34   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет