5 Мұғалімге арналған нұсқаулық Қазақстан Республикасының Білім және ғылым министрлігі бекіткен ӘОЖ



Pdf көрінісі
бет33/274
Дата08.09.2022
өлшемі3,03 Mb.
#149005
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   274
Байланысты:
G5 Қазақстан тарихы THB KZ
Смагулова 1рк Ги
Анықтаңдар
Оқушылардан мұз басу дәуірінен кейінгі табиғат-
тағы өзгерістер туралы не білетінін сұраңыз. Егіншілік 
пен мал шаруашылығы үшін қандай табиғи жағдай-
дың қолайлы болатынын балалардың білетінін тек-
серіңіз. Сабақ соңында оқушыларды бағалағанда 
жақсы жауаптар айтқан оқушыларды ескеріңіз. Енді 
оқушыларды топқа бөліп, егіншілік пен мал шару-
ашылығының негізгі шаруашылыққа айналуының 
себептерін талқылауды ұсыныңыз. Қорытынды жау-
аптарында оқушылар егіншіліктің маңыздылығының 
артуы себебін бір түсті стикерге, мал шаруашылығы-
ның негізгі шаруашылыққа айналуының себебін 
басқа түсті стикерге және әрқайсысына кемінде 3 
себепті жазу керектігін ескертіңіз.
Жауаптары
1. Бұл уақытта адамдар табиғаттың 
дайын өнімін тұтынбайтын болды. Дайын өнім мен 
азыққа қарап отыру кейде азықсыз қалуға алып 
келетін. Аң аулау бірде сәтті, бірде сәтсіз болады.
2. Сонымен қатар терімшілік кезінде адамдар азық 
іздеп бірнеше шақырым жерлерге баратын, ендігі 
жерде ондай дақылдар үйдің жанында өсіп тұрды. 
3. Қолдан күтіп-баптап өсірген дәндер салмақты әрі 
нәрлі болады. 4. Адамдар енді өсімдіктердің табиғи 
түрін жоймайды, бұл жалғаса берсе, табиғат жұтаң 
күйге түсіп, тақырға айналады. Жануарларды қолға 
үйрету кезінде адамдар шөпқоректі жануарларды 
таңдады. Сонымен қатар ет пен сүтті, теріні, жүнді 
мол беруіне де назар аударды. 5. Енді аң аулап, ба-
сын қатерге тігу қажет емес, үй жанында өз азығын 
өзі өсіріп, өнімін алады. Адамның еңбегі өнімді бол-
ды, ол енді табиғи қиыншылықтарға да төтеп бере 
бастады.
Бағалау мүмкіндіктері
Сұрақтарға жауап бергенде оқушылардың ар-
хеологиялық олжаларды өзгерістермен байла-
ныстырып, сипаттай алатындығына, осыған дейін 
өтілген тас дәуірінің бастапқы кезеңіндегі еңбек 
құралдарынан айырмашылығын білетіндігін тек-
серіңіз. Сабақ соңында адамдардың кәсібі мен ша-
руашылығының өзгеруіне әсер ететін фактордың 
бірі – табиғи фактор екендігіне тұжырым жасап, бұл 
өзгерістің пайдалы және маңызды жағын ашып көр-
сетіңіз. Оқушылар сабақ барысында тұтынушы ша-
руашылық пен өндіруші шаруашылық ұғымдарын 
түсіндіре алатындай білім көрсете алулары тиіс. 


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   29   30   31   32   33   34   35   36   ...   274




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет