1-тарау.
Қазақстандағы ежелгі адамдардың өмірі
25
Талқылаңдар
Берілген мәтін мен суретті қолданып, Ботай қо-
нысынан табылған заттарға қарап, олардың ерек-
шеліктерін топта талқылауды ұсыныңыз. Сыныпты үш
топқа бөліп, бірінші топқа Ботайдан табылған еңбек
құралдары мен қару-жарақтардың ерекшелігін, екін-
ші топқа Ботай қонысындағы баспаналардың ерек-
шелігін, үшінші топқа ботайлықтардың кәсібі мен
шаруашылығындағы ерекшеліктерді бөліп беріңіз.
Стикерге кемінде үш ерекшелігін (оқушылар ерек-
шеліктерді анықтау кезінде осыған дейінгі кезеңдерді
еске түсіреді) жазуды ұсыныңыз. Топтық талқылаудан
кейін топтар жауаптарын белгілі бір түстегі стикерге
жазып, тақтаға жабыстырып, таныстырады.
Жауаптары.
1. Еңбек құралдарының ерекшелігі:
а) жасалу техникасы жағынан тасты өңдеу жетілген,
найзаның, жебенің ұштары бұрынғыдан үшкір және
өткір; ә) тастан жасалған құралдарының арасында қа-
ру-жарақтар көп, жебе, найза, болас; б) еңбек құрал-
дарының арасында мыстан жасалғандары кездеседі.
2. Баспаналарының ерекшеліктері: а) үшбұрышты,
кейде төртбұрышты үлгіде салынған; ә) құрылыс мате-
риалдары: ағаш пен шым, кейде терілерді қолданған;
б) әр үйдің ортасында ошақ орналасқан. Сонымен
қатар азық-түлік сақтайтын арнайы шұңқырлары бар.
3. Кәсіптері: а) әртүрлі әсемдік заттар мен бойтұмар-
дың, ине мен біздің табылуы оларда тігін тігу мен зер-
герліктің болғанын көрсетеді; ә) мал шаруашылығы
болған, соның ішінде жылқы малы өсірілген; б) бо-
тайлықтардың тағы бір маңызды кәсібі аң аулау бол-
ды.
Достарыңызбен бөлісу: