5 Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі



бет1/13
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97357
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13
Байланысты:
орфографияны оқыту әдістемес


МАЗМҰНЫ
Кіріспе.............................................................................................3
Негізгі бөлім....................................................................................5

  1. Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі.................6

    1. Орфографиялық норма тілдік норманың бір түрі ретінде ........7

    2. Орфографиялық нормалардың ерекше белгілері.......................11

    3. Тілдік қатынастағы орфографиялық нормалары...............15

  2. Орфография және оны қалыптастыру мүмкіндіктері..................18

    1. Орфографиялық нормаларды қалыпастыру мәселелері.............22

Қорытынды......................................................................................23
Әдебиеттер тізімі.............................................................................26

Кіріспе
Тілдік қатынас ауызша және жазбаша болатыны белгілі. Олар жетіліп, кемелденіп әдеби тілдің көрсеткіші дәрежесіне жету үшін нормаға түсуі қажет. Норма - белгілі бір жүйе, заңдылыққа негізделген бірізділік. Сонда әдеби тіл дәрежесіне жеткен тілдердегі сөздердің айтылуында болсын, жазылуында болсын жалпыға бірдей ортақ, қалыптасқан бырыңғай нормалар болады деген сөз. Нормалар неғұрлым бірізді, қалыптасқан болса, қатынас құралы да соғұрлым жетіліп, кемелдене түсері ақиқат.
Тілдің ауызша формасын нормалауды орфоэпия , жазбаша нормасын - орфография қарастырады. Дұрысы, орфоэпия - сөздер мен сөз тіркестерінің бірізді, дұрыс айтылуын қамтамасыз ететін ережелер жиынтығы. Елдің егемендігін, мемлекеттің тәуелсіздігін баянды етудің аса маңызды факторларының бірі – ұлттың тұтастығы мен бірлігі. Ал ұлттың ыдырамас тұтастығы, мызғымас бірлігі, түптеп келгенде, ұлт тілінің тұтастығы оның әдебилігімен тығыз байланысты. Өйткені ұлтты ұйыстыратын, оны өзге этностардан өзгешелігі мен айырмасын айқын аңғартатын негізгі белгісі де, бет-бедері де оның тілі, әсіресе ұлттық әдеби тілі.
Халықтың ғасырлар бойы келе жатқан тіліне, оның дәстүрлі нормаларына сүйене отырып, ұлы суреткерлер, мәдениет, ғылым, қоғам қайраткерлері қазақтың ұлттық әдеби нормаларының жетіліп, дамып, саралана түсуіне, оның бейнелілігі мен орамдылығының арта беруіне зор үлес қосты. Курстық жұмыстың өзектілігі:Жазуда қателік жібермейтін, орфографияны білетін адамды сауатты деп атайды. Дегенмен, сауатты адам деп тілдегі барлық сөздерді қалай жазуды білетін емес, ережелермен, сөздіктермен және анықтамалармен сөздің жазылуын түсіндіре алуға қабілетті адам танылады.
Қазіргі кездегі жазудың кең таралуы әрбір адамға орфография заңдылықтарын білуді міндеттейді. Сауатты жазу мәселесіне әркім өз ыңғайымен жанасады. Біреу үшін ол - сәтті каръера кепілі; екіншілер үшін - престиж ісі, ал үшіншілер жазу ережесін мектеп жастан үйренеді. Орфография, сонымен қатар, қазақ мәдениетінің бір бөлігі болып табылады. Сауатсыз жазудың артында өз халқына, толықтай дәстүрі мен мәдениетіне деген құрметсіздік жасырынады. Сөздердің жазылуы орфографиялық нормалар арқылы анықталады. Орфографиялық нормалар – жазудағы сөздің теоретикалық жабдықталуы мен тарихи қалыптасқан тілдік норманың әр түрлілігі. Орфографияның қолданбалы негізі орфограмма болып табылады. Орфограмма – жазушы ережелерге сүйене отырып, сөздердің графикалық жабдықталуын таңдау элементі.
Қазіргі таңда тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру қазақ тілінде өзекті мәселеге айналып отыр. Кез келген орфографиялық норма лингвистикалық талдауды қажет етеді. Сондықтан да тіл білімінің теоретиктері тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыруға көп көңіл бөледі.
А.Н. Гвоздевтің орфографиялық ережелерге деген талабы, Н.Н. Алгазина еңбектері, А. Б. Селезневтің орфографиялық нормаларды қалыптастыру еңбектері маңызды болып табылады. Отандық зерттеушілерден Ж. Мангышеваны айтуға болады.


Достарыңызбен бөлісу:
  1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет