І Бөлім. Орфографиялық оқыту әдістемесі
Орфографиялық норма тілдік норманың бір түрі ретінде
Тілдік нормалар (әдеби тіл нормасы, әдебиеттік нормалар) – бұл әдеби тіл дамуының белгілі бір кезеңіндегі тілдік құралдарды қолдану ережесі, яғни айтылу, жазу, сөз қолдану, грамматика ережелері. Норма – тіл элементтерінің (сөздер, сөз тіркестері, сөйлемдер) жалпыға бірдей бірыңғай қолдану үлгісі.
Тілдік құбылыстар мынадай белгілермен сипатталса нормативтік болып табылады:
тіл құрылымының сәйкестігі;
сөйлеушілердің көбісінің тілдік іс – әрекеті үрдісіндегі массалық және ұдайы дамыту;
қоғамдық қолдау мен мойындау.
Тілдік нормалар барлық халықтың әдеби тілінің даму кезеңдерін көрсетеді. Тілдік нормаларды бұйрық бойынша енгізуге немесе керісінше, жойып тастауға болмайды, оларды әкімшілік жолмен реформалау мүмкін емес.Тілдік нормаларды зерттеуші ғалым-тілтанушалардың іс-әрекетінің мазмұны басқада: олар тілдік нормаларды анықтайды, сипаттайды және кодификациялайды.
Орфографиялық тілдік нормалардың қайнар көздеріне мыналар жатады:
классик-жазушылардың шығармалары;
классикалық дәстүрлерді жалғастырушы заманауи жазушылардың шығармалары;
бұқаралық ақпарат құралдарының публикациясы;
жалпы қоғаммен танылған замануи орфографиялық тілдік нормаларды қолдану;
лингвистикалық зерттеулер деректері.
Орфографиялық тілдік нормалардың сипатты белгілері мыналар болып табылады:
салыстырмалы түрде трақтылық;
кең таралғандығы;
жалпы қолданыста болуы;
жалпыға міндеттілік;
орфографиялық нормаларды қолданудың тілдік жүйе мүмкіндіктері мен дәстүрлеріне сәйкес болуы.
Орфографиялық нормалар әдеби тілде өзінің тұтастығы мен жалпыға ұғынықты болуына көмектеседі. Жалпы тілдік нормалар әдеби тілді диалектті сөйлеуден, әлеуметтік және кәсіби жаргондардан, қарапайым сөйлеу сөздерінен қорғайды. Бұл әдеби тілге өзінің ең маңызды қызметі – мәдени қызметін атқаруға мүмкіндік береді.
Сөйлеу нормалары қоғамдық коммуникация процесінде жинақталған және бекітіллген тілдік жүйенің барынша тұрақты дәстүрлі түрде жүзеге асырылуының жиынтығы.
Тілдің даму динамикасы және орфографиялық нормалардың өзгергіштігі. Тілдің әрдайымғы дамып отыруы әдеби нормалардың өзгеруіне алып келеді. Өткен жүзжылдықта, тіпті 15-20 жыл алдын болған тілдік нормалар қазір ауытқу болып саналуы мүмкін. Дегенмен орфографиялық нормалардың қалыптасу тарихында мыналар да кездеседі:
ескі норманың сақталуы;
екі нұсқаның бәсекелестігі, онда сөздіктерде дәстүрлі нұсқасын ұсынады;
нұсқалардың бәсекелестігі, онда сөздіктер сөздің жаңа қолданылған нұсқасын ұсынады;
жаңа нұсқаны бірыңғай нормативті сапа ретінде бекіту.
Тіл тарихында тек қана орфоэпиялық емес, орфографиялық және басқа да тілдік нормалар өзгеріске ұшырайды.
Достарыңызбен бөлісу: |