5 Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі



бет8/13
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97357
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
орфографияны оқыту әдістемес

Орфографияның нормалары – сөздердің жазылу ереесі. Олар дыбыстарды әріптермен белгілеу ережелерін, сөзерді бірге, бөлек және дефиспен жазу ережелерін, бас әріппен жазу және графикалық қысқарту ережелерін, сөздерді тасымалдау ережелерін қамтиды.
Орфография мен пунктуация нормалары «Қазақ тілінің орфография және панктуация ережесінде» бекітілген. Орфографиялық нормаларды қолдану Р.Сыздық, Б.Қалиев, Н.Уәлиев, А.Алдашева еңбектерінде барынша айқындалады.
Орфография (грек тілінен алғанда orthos түзу, дұрыс және grapho жазамын) – сөздерді жазуда әріптік және әріптік емес (дефистер, бос орындар, сызықшалар) графикалық символдарды қолдану тәсілдерін анықтайтын, сонымен қатар орфографиялық ережелерді қалыптастыратын тілтанудың қолданбалы бөлімі.
Орфография бірнеше бөлімдерден тұрады:

  • сөздің маңызды бөліктерінің жазылуы (морфемалар) – түбірлерді, жұрнақ, жалғауларды жазу, яғни сөздің дыбыстық құрамын белгілеу;

  • бірге, бөлек және дефис арқылы жазу;

  • бас және кіші әріптерді қолдану ережелері;

  • тасымалдау ережесі;

  • сөздерді графикалық қысқарту ережесі.

Әдеби тілдің диалектілерден ерекшеленетін сипатты белгісі ондағы кодификацияланған нормалардың болуы болып табылады. Белгілі бір нормаларды ұстану сөйлеу мазмұнын қабылдауды жақсартуды қабілеттендіреді, жазу анықтылығы мен нақтылығын қамтамасмыз етеді. Сондықтан да нормалар тіл қатынасында маңызды рөлге ие. Тілдік нормалардың ішінде лексикалық, грамматикалық, сонымен қатар орфографиялықнормалар бір-бірімен өте тығыз байланыста дамиды және бүкіл әдеби тілдің көрінісін сипаттайды. Орфографиялық нормалар сөздегі жазу формасының спецификасын қалыптастырады.
Әдеби тілді толық меңгеру үшін тілдік нормаларды ұстану қажет. Орфографиялық нормаларды ұстану лексикалық және грамматикалық нормалар тәрізді маңызды болып табылады. Сауатсыз жазылған кез келген шығарманы оқуға қолайсыз, ал бұл тікелей әлеуметтік зиянды алып келеді. Сондықтан да орфографиялық нормаларды қалыптастыру мәселелері қазіргі кездегі өзекті тақырып болып отыр. Осы тұрғыдан басылып шыққан кітаптардың барлығы да орфографиялық норма бойынша тексерілуден өтіп отырады.




  1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет