5 Орфографияны оқыту әдістемесі жіне ерекшелігі


ІІ Бөлім. Тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру



бет10/13
Дата07.02.2022
өлшемі173 Kb.
#97357
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13
Байланысты:
орфографияны оқыту әдістемес

ІІ Бөлім. Тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру

    1. Орфография және оны қалыптастыру мүмкіндіктері

Орфографиялық норманы қалыптастыру проблемасы барлық тіл үйренуші және үйретуші адамдар практикасында кездеседі. Жазудың автоматтандырылған дағдыларын игергендер үшін маңызды мәселе осы дағдыларды сындырып алмау, қайта оқуға жүгінбеу болып табылады. Сондықтан да орфографиялық нормаларды қалыптастыру мәселелерін оның рационализациясына практикалық түрде қызыққан, сонымен қатар, жеке терең қызығушылықпен жанасатын адамдармен талқылау қажет.
Жақсы «орфографиялық норманы қалыптастыру» деген не? Оны қалайша қаншалықты ол «жақсы» немесе «нашар» екенін талқылауға болады? Және қандай да бір орфографиялық нормаларды қалыптастыруды бағалау критерийлері бар ма?
Бір жағынан алып қарағанда, сөйлеу дыбысын жазу құралымен көрсетуге арналған орфография сөздің дыбысталуынан айтарлықтай ерекшеленбеуі тиіс, себебі «дыбыс» пен «әріп» арасындағы айырмашылықтар жазу мен оқу дағдыларын игеру процесін қиындатып жібереді. Тірі дыбысталатын сөздер тұрақты, тез болмаса да өзгеріп отырады, осыған байланысты орфографиялық ережелер мен нормалар да өзгеріске ұшырайды.
Басқа жағынан алып қарағанда, орфографиялық нормалар замандастардың тек қана бір социумы үшін ғана тағайындалмауы керек, ол сонымен бірге, тұрақтылық қасиетіне ие болуы тиіс, консервативті де бола отырып, «ұрпақтар байланысын» жүзеге асыруы тиіс.
Орфографиялық нормалардың қалыптасуында барлық жерде және әрқашан шиеленіске түсетін осындай жағдайлардың парадоксальдылығы да болатыны белгілі. Осы тұста екі сұрақ туады:

  1. Орфографиялық нормаларды егер олар дыбысталу сөзімен практика жүзінде ерекшеленетін және жазу дағдысын игеруді қиындататын болса, сол тілдік қатынастағы орфографиялық нормаларды қалыптастыру қажеттілігі бар ма? Жоқ. Бұны көп жылдар бойы тілдің шынайы жағдайын көрсететін дәстүрлі жазу жүйесі бар екендігі куәландырады. Олар қазіргі күнде онымен қолданатындар үшін айтарлықтай қиындық тудырады. Мысалы, XIII-XV ғасырларда ағылшын тілінің орфографиялық нормалары мен ережелері бекітілді, нәтижесінде ағылшын фонемалары үшін белгілеудің 22 түрі белгілі, соның ішінде көп әріптік, кейде уникалды ( мысалы daughter сөзінде) болып келеді. Ағылшын тілінің орфографиялық қиындықтары көп. Дегенмен, ағылшындықтар бұл қалыптасқан орфографиялық норомаларын қайта өзгерте қоймайды. Ал қытайлықтардың иероглифтік таңбалары ағылшындықтардыкінен «күрделі». Қорыта келгенде, біз ешнәрсе өзгертпей-ақ өмір сүре берсек болады.

  2. Орфографиялық нормаларды уақыт өтуіне орай қазіргі заманға сай өзгертіп отыру мақсатты іс – әрекет пе? Әрине, ия – бірақ бұл мына шарт орындалғанда ғана болады: өзгерту теріс салдарларды шақырмауы үшін бүкіл тіл жүйесі тұрғысынан алып қарағанда терең ойластырылып жасалуы керек, себебі бір өзгеріс басқа қиындықтарды тудырмауы керек, Ал бұл өзгерістерді жоғары кластағы лингвисттер, әсіресе, тек осы тақырыппен терең шұғылданатын мамандар айналысуы керек.

Бұл бөлімде сонымен қатар, жазудың маңызы, сөзді дұрыс жазу мәдениеті, орфографиялық нормадан ауытқуға болмайтындығы, оны сақтаудың міндеттілігі түсіндіріледі. Емле ережесіндегі соңғы толықтырулар мен өзгерістер тіл фактілері негізінде талқыланып, олардың дағдыға айналуы қадағаланады.
Оқушылар жазудың адам ойын жүйелі, тиянақты, толық жеткізуге мүмкіндік жасайтындығын ұсынылған тақырыптарға құрылған ауызша және жазбаша мәтін үлгілерін салыстыра көз жеткізеді.
Бұл сыныпта тіл мәдениетін оқытуда сөз таптарының әрқайсысының тіл мәдениетімен қатысы, сөз таптарының ойды анық, дәл, нақты білдірудегі мәні, сөз таптарының ауызша және жазбаша тіл мәдениетімен байланыстары, орфографиялық, орфоэпиялық нормалар және оқшау сөздердің ауызша және жазбаша тілдегі қолданылу ерекшеліктері қарастырылады.
Графика және орфография- бұл екеуі фонетика ғылымының құрамдас бөлшектері. Графика — тіл дыбыстарын жазуда таңбалайтын шартты белгілер жиынтығы. Дыбыс алғашқы, табиғи, ал графикалық таңба соңғы жасалынады. Түркі тілде солардың, ішінде қазақ тілінде де, көне замандардан бастап әр дәуірде қолданған жазу түрлері болған. Сондай жазулардың ғылымда белгілі болған алғашқысы — Көне түркі жазуы немесе «Орхон Енисей» жазуы деп аталатын жазу. Бұл жазу мола басына қойылған құлпы тасқа, басқа да әртүрлі қатты заттарға қашап түсірген таңбалар түрінде сақталған, бірер сөздерден ғана тұратындары болмаса, қағазға жазылып сақталған көлемді ескерткіш емес. Зерттеушілер бұл жазуды түркі халықтары V—VIII ғасырларда қолданған деген пікір айтады. Түркі халықтары қолданған орфографиялық жазудың екінші түрі — көне ұйғыр жазуы деп аталатын жазу. Графикалық сипаты жағынан бұл жазу көне түркі әліппесіне ұқсас, сонымен төркіндес болған.
Қазан төңкерісіне дейін түркі халықтарының біразы, солардың ішінде қазақтар да, араб жазуын қолданса, чуваштар сияқты бірді-екілері орыс графикасын қолданды, қалған көпшілігінде тіпті жазу деген болмады.
Ислам дінінін енуіне байланысты IX—X ғасырлардан бастап түркі халықтары арасына тараған араб жазуы жергілікті халықтар тілдерінің дыбыстық ерекшеліктеріне сәйкестендірілмей, арабтарда қалай қолданса, сол қалпында өзгеріссіз түркі тілдерінде де колданылды. Өйткені өз заманында қалыптасқан ұғым бойынша араб тілі канондық тіл деп есептеледі, сондықтан оны өзгертуге арабтарға тәуелді болған халықтардың хұқы болмады. Сол себептен консонаттық принципті араб жазуы түркі тілдерінің дыбыс жүйесіне сай келмеді. Бірақ соған қарамастан ол он шақты ғасыр бойы түркі халықтарының, солардың ішінде қазақ халқының да мәдени-рухани дамуына қызмет етіп келді.
Түркі халықтары орфографиялық нормасының дамуын XX ғасырдың бас кезінен бері қарайғы өзгерістерін үш кезеңге белуге болады:

  • Араб графикасын түркі халықтары тілдерінің дыбыстық жүйесіне сәйкестендіріп қолдану кезеңі:

  • Араб графикасынан латын графикасына негізделген жазуға көшу кезеңі.

  • Латыннан крилл жазуына кешу.

Бұл кезеңдерде жүргізілген жұмыс түрлері түркі халықтарының көпшілігінде біртектес болды. Сондықтан оны Қазақстан топырағында істелген істер арқылы да байқатуға болады. Бұл мәліметтер орфографиялық нормалардың қалыптасу тарихынан дерек береді.
Сондай-ақ, түркі тілдеріндегі буын түрлері, акценттік, интонациялық құбылыстар, орфоэпия мен орфография мәселелері де, диалектілер мен говорлардың фонетикалық ерекшеліктері, салыстырмалы тарихи және типологиялық фонетика мәселелері де қолға алынып келеді.
Сөз өнері туралы сөз еткенде орфография, орфоэпия, пунктуацияның алатын орны ерекше.
Бүгінде тіл білімін зерттеушілер қазақ тілінің өмір сүру және қызмет етуін жан-жақты қарастырып келеді. Әдеби тіліміздегі сөздерді қатесіз, сауатты жазуға қандай маңыз берілсе, сөйлеу мәдениетіне де сондай маңыз беріледі. Ана тілінде дұрыс, сауатты жаза білу күрделі мәселелердің бірі болып саналады.





    1. Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   5   6   7   8   9   10   11   12   13




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет