№5 орта мектептің МАД тобында ұйымдастырылған
оқу іс – қызметінің технологиялық картасы
Сапарбаева Құралай Жұмабекқызы
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Білім беру саласы: «Қатынас»
Ұйымдастырылған оқу іс-қызметі: «Сауат ашу»
Тақырыбы: Л, л дыбысы мен әрпі
Мақсаты: Л, л дыбысы мен әрпімен таныстыру.Л дыбысы бар сөздерді ойлап табуға, дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуға, баспа түрде жазуға дағдыландыру. Ойын арқылы тілдерін, ой-өрістерін, сөздік қорларын, есте сақтау қабілеттерін дамыту.
Тәрбиелік:Өз ойларын еркін жеткізе білуге тәрбиелеу.
Көрнекіліктер: Л әрпінің баспа түрлері, суреттер, текшелер, карточкалар. «Сауат ашу. Әліппе-дәптер».
Сабақ барысы
|
Мұғалімнің іс-әрекеті
|
Оқушының іс-әрекеті
|
1.Кіріспе
«Көңілді күн» жаттығуы
(интерактивті тақтамен жұмыс)
|
Шаттық шеңбері:
Біз әдепті баламыз,
Біз ерекше боламыз.
Қонақтарды көргенде,
Сәлемдесіп аламыз.
Здравствуй школа, здравствуй класс,
Школьный день встречает нас.
Вот уже звенит звонок,
Начинается урок.
|
Шаттық шеңберін құрады, жаттығуларды орындайды.
|
Тұсау кесер
Топқа бөліну.
|
Балалар бүгін бізде сауат ашу оқу –қызметі
Сабақты бастамас бұрын А,Т,П әріптерін балаларға таңдатып 3 топқа бөлемін
|
А,Т,П әріптеріне қарап топтарға бөлінеді.
|
Ой қозғау
|
Біз өткен оқу іс-қызметінде қандай дыбыспен танысып едік есімізге түсірейікші
-Дұрыс айтасыңдар.(Р-дыбысын тақтаға ілу)
-«Р» дыбысы дауысты ма әлде дауыссыз дыбыс па?
-Дұрыс айтасыңдар.
«Р» дыбысын қандай текшемен белгілейміз?
«Р» әріпінен,және кездесетін сөздерді маган кім айтып береді?
Радио, қасқыр, ысқырық, ара, зымыран (слайд)
Алдымен қазақ алфавитінде неше әріп бар? -Балалар, дыбыс пен әріптің қандай айырмашылығы бар?
Дыбысты айтамыз, естиміз
Әріпті жазамыз, көреміз.
Дыбыстар нешеге бөлінеді?
Дауысты және дауыссыз
|
Слайд бойынша жұмыс жасайды
-«Р»дыбысы
-«Р»дыбысы
Дауыссыз дыбыс
-Р дыбысын көк текшемен белгілейміз
Радио, ара, зымыран,т.б.
балалар жауап береді
|
Топпен жұмыс
ІІІ. Мағынаны тану.
|
«2 топ сурет қиындыларын жинау арқылы лақ пен лимон бейнесін құрастырады)
Жұмбақ жасыру. (слайд)
Түсі сары сүйкімді,
Дәмі қышқыл бір түрлі.
Ащы дей де алмайсың,
Шекерсіз жей алмайсың? Ол не?
«Мә-мә»деген әні бар
Секірер ор, жары бар
Селтеңдейді құлағы
Секіргіш бір жануар
Ол не екен балалар?
- Лимон,лақ сөзінде бірінші қай дыбыс естіледі? (Л)
-Олай болса, бүгінгі Л дыбысымен және әрпімен танысамыз.
-Қане, бәріміз бірге айтайықшы
-«Л» дыбысы қалай айтылып тұр?
Езуімізді жиырамыз, тістерімізді бір-біріне жақындатамыз. «Л» деп айтамыз
Л дыбысына дыбыстық артикульяция жасау. Кедергімен бе ,әлде кедергісіз бе?
-Дұрыс, тіліміз тісімізге тиіп Дыбыстар кедергіге ұшырап қысқа айтылып тұр.
-Өте жақсы, олай болса «Л»дыбыс қандай дыбыс екен?
-Л дыбысы қандай дыбыс,дауысты ма,әлде дауыссыз ба?
|
1-топ: лақ бейнесін
2-топ: лимонды құрастыру
(Лимон)
Лақ
Лл
-Дауыссыз дыбыс
|
Бейнефильм көру
|
«Әріптер мен дыбыстар әлемі» Лл дыбысымен танысу
|
Интерактивті тақтамен жұмыс,қайталап отыру
|
Тіл ұстарту жаттығулары:
|
1.Ла, ла,ла-бұл әдепті бала,
Лу, лу, лу-біздің Нұрай сұлу.
2.Ра-ра келді ара
Ла-ла араның усті ала (слайд)
|
жаттау
|
Дәптермен жұмыс
|
Балалар, «Л»-дыбысын, кәне ауада жазып көрейік.
Дәптерімізді ашайық
Дәптермен жұмыс:
Қаламды дұрыс ұстап,
жазу кезіндегі отыру ережесін еске түсіріп, нүктелерді бастыртып жаздырту.
Дәптердегі үлгіге қарап «л»-дыбысын баспа түрін жазады
Дәптермен жұмыс (слайд)
|
|
Сергіту сәті
|
Девочки и мальчики,
Прыгают как мячики.
Ножками топ-топ,
Ручками хлоп-хлоп
|
Қимыл-қозғалыспен көрсетеді
|
Кубик ойыны
|
Тапсырма. «кубик» (балаларға л дыбысы кездесетін суреттердің атауын ататып, суреттер берілген сөздерді буынға бөлдіру)
|
Шапалақ соғу арқылы буынға бөледі.
|
Дыбыстық талдау жасау
|
А-ла, т-ал, ал-ға, Тал-ғат, Тал-ғар (Текшенің қызыл, көк қазақша, орысша, ағылшынша айтылуын сұрау)
|
|
Сөздерді оқу
|
Аға, ата, апа
|
|
Сөздік лото
|
Нан,ана, ара
|
|
Л дыбысын құрастыру топтық жұмыс
|
Үш топқа тапсырма беру:
Л әрпін жұлдызшадан құрау
Л дыбысын лентадан құрау
Л дыбысын қағаздан құрау
|
|
Ребус шешу
|
Балаларға лара, балапан, Айгүл, Гүлнәр сөздеріне ребус арқылы тапсырма беру
|
|
Рефлексивті-коррекциялаушы кезеңі
|
Қорытындылау -Балалар біз қандай әріппен, қандай дыбыспен таныстық?
Л-дыбысы қандай дыбысқа жатады?
-Бүгінгі сабағымыз ұнады ма?
-Жарайсындар балалар, осымен бүгінгі оқу іс-әрекетімізді аяқтаймыз, кәне келген апайлармен қоштасайық
Біз ақылды баламыз,
Айтқан тілді аламыз.
Бүгін келген қонаққа
Сау болыңыздар деп айтамыз –
Сабаққа жақсы қатысқан балаларға сыйлық таратады.
Мадақтау. Тәрбиешінің бағалауы.
|
Балалар сұрақтарға жауап береді.
Өзін-өзі бағалау.
|
Күтілетін нәтиже:
Білуі керек: Л л дыбысы мен әрпі туралы түсінді, білді.
Игеруі керек: Дауысты – дауыссыз дыбыстарды бір – бірінен ажыратуды, л дыбысы дауыссыз дыбыс екенін игерді
Меңгеруі керек: сұраққа жауап беруді, баспа түрде жазуды меңгерді
Достарыңызбен бөлісу: |