Әйелге сыпайылық, ибалылық қажет. Онсыз әйел сұлулықтан, әдеміліктен, мәдениеттен де жұрдай болады. Сыпайы, ибалы әйел өзін әрдайым ішкі түйсігімен сезініп дұрыс әрекеттер жасап отырады. Ол тек қана ізгі, дұрыс әрекеттерге барады.
Сыпайы, ибалы әйел өз отбасында ибалықпен билік жүргізіп, ол қоғамға, бүкіл әлемге ықпал етеді.
Сыпайы, ибалы әйел тұрмыстың тауқыметімен ұсақталып кетпейді, өзі сыйлап, өзін де сыйлата алады.
Бұл өте нәзік көзге көрінбейтін дүние. Бір-ақ әрбір әйел білуге тиіс нәрсе. Егер отбасыңызда бақ, береке, молшылық болсын десеңіз отбасыңыз тек қана өзінің ішкі қызығушылығымен ғана өмір сүрмеуі керек.
Егер отбасы құлқынының құлын ғана ойлап, өзімшіл болса, онда адамдар олардан бас тартып, ол отбасына пайда ойлайтындар ғана бас сұғып, өздеріне қажетін ғана алып, сізге бақыт тілемейді.