Бүгінгі таңда жауапкершіліксіз аналардың кесірінен жапа шегіп жатқан балалар бар.
Аналар бір сәттік қызық, атақ, даңқ үшін өзінің жақсы мінез-құлқын дамыту керек екенін, негізгі борышын ұмытып кетеді.
Ылғида жұмыс бастылық, мансапқорлық, қызмет бабы, ғылымның соңынан түсу үлкендерге құремет көрсетуді, қішілерді сыйлауды ұмытып, жолдасын, отбасын екінші орынға ыстырып шығарады. Мұндай өзімшілідік қатынас әйелді өз табиғатынан алшақтатады.
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Риясыз сүю ананың табиғатынан берілген қасиеті.
Күйеуін риясыз сүйетін әйелдер асыл тастай құрметті, хош иісті гүлдей нәзік, отбасының сақтаушысы, от анасы бола алады.
Отбасы ана үшін нағыз қасиетті орын болуы тиіс. Ол ана үшін мешіті, оның мектебі, оның қызмет орны және т.б.
Бала тәрбиесіндегі ананың рөлі
Ана өз іс-әрекетінде жақсы мен жаманды, ақ пен қараны ажырата білу қасиетінің арқасында өз күйеуінің ар-намысына, абыройына нұқсан келмейтін әрекеттерге ғана барады.
Әйелдің шынайы таңғажайыптығы оның мейірімді мінез-құлқында ғана.
Адамгершілік оның тыныс алысы сияқты, қарапайымдылығы оның өмірлік күші, ақиқат жолында жүруі оның күнделікті парызы. Ана өзінің ар-намысын сақтауда өзін құрбандыққа да шала алады. Ол өз даналығы мен ақылдылығының арқасында күйеуінің алдында кішірейе де алады.