5 в 010200 «Бастауышта оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығына арналған



бет37/54
Дата06.02.2022
өлшемі166,24 Kb.
#75724
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54
Деңгей. Зат. 1. Тұспатұсы, нақ шегі. 2. Белгілі бір шамада, көлемде. 3. Қатар, мөлшер. 4. Дәреже (шыгармашылық мүмкіндік).
Деңгейлік. Зат. Сын. 1. Өлшеуіш (құралы). 2. Жұмыс түріне қарай деңгейін, ауқымын көрсетеді.
«Деңгей» сөзі термин ретінде алғаш математика ғылымында пайда болған. Математикада бұл термин «өлшеу құралы», «шама» деген ұғымға саяды. Бұл жерде аталған анықтама өзінің бастапқы және нақты «өлшем» мағынасында қолданылып отыр. Сонымен қатар берілген түсініктің жалпыға ортақ, әмбебап қасиетке ие екенін де байқау қиын емес. Олай болса, бұл ұғым математикаға ғана емес, адам әрекетінің барлық саласына жататын мәселелерді камтиды. Деңгейлік идеясы басқа ғылым салаларына математикадан енді. Сөйтіп, психология, физика, химия, тағы басқа ғылымдарда кеңінен қолданады. Деңгейлік идеясы шетелдердегі педагогика ғылымына 1920 жылдардың басында енген. Мысалы, жалпы кеңестік педагогикада деңгейлік оқыту мәселесін Лошнова О. Б. «Деңгейлік саралап оқыту», Фирсов В. В. «Міндетті нәтижеге негіздеп деңгейлеп оқыту», Беспалько В. П. «Тапсырмалардың қиыншылығын есепке алу әрекетінің төрт деңгейі», Лернер И. Л., Пидкасистый П. И. «Білімді меңгеру мәселелері» ретінде қарастырған. Сондай ақ бұл мәселе В. В. Фирсовтың, В. М. Монаховтың, Ж. А. Қараевтің еңбектерінде зерттеліп келді.
Педагог ғалым В. П. Беспалько өзінің «Слагаемые педагогические технологии» деген 1989 жылы шыққан еңбегінде былай дейді: «Педагогикалық технология негізгі педагогикалык жүйе, алдын ала ойластырылып жасалған жоспар, оны жүзеге асыру жеке тұлға қалыптастыруға әсер ететін нақты, мақсатты бағыттағы тәжірибеде қолданылатын жоба». Сабақ кезінде деңгейлік тапсырмаларды орындау барысында оқушы төменгі деңгейді орындап қана шектелуі мүмкін немесе бірнеше деңгей тапсырмасын ұқыптылықпен, жауапкершілікпен дайындап бітіруі мүмкін. Ал егер аз уақыттың ішінде оқушы көп тапсырма орындап үлгерсе, ол оқушының біліктілігін, шеберлігін, белсенділігі мен қабілеттілігін көрсетеді. Осындай жұмысты ұйымдастыру және деңгейлік тапсырмаларды дайындау үшін де мұғалімнің шығармашылығы қажет.
Деңгейлік тапсырма негізінде оқу объектілерінің әрі терең, әрі шығармашылық арақатынасы ескеріледі. Оқушының өзін-өзі тануына, өз күйін өзі сезінуіне ізденімпаздық тудыратындай әлеуметтік- мәдени кеңістік жасау қажет. Деңгейлік оқыту технологиясы тек 1995 жылдан бері ғана толық қолға алынғанын айтсақ, оның зерттелу тарихына тереңірек үңілген ғалым академик В. М. Монаховтың «Оқытудың модульдік технологиясы», Б. Блумның «Білімді толық меңгеру технологиясы», A. В. Талызина мен Г. Я. Гальпериннің «Ойлау қызметінің сатылап қалыптасу теориясы» еңбектерінде оқытудың деңгейлік жүйесін әркім өзінше зерттейді.

В. П. Беспалько деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін (сабақтың мақсаты: мазмұны, оқытудың түрі мен құрамы) дәстүрлі түрде оқушының даму процесіне бағыттайды.


Ал В. М. Монахов деңгейлік оқытудың әдістемелік жүйесін модульдік оқыту процесі бойынша блокқа бөліп оқыту арқылы оқушы мен мұғалімнің бірлесіп істейтін жұмыс түрлері үлгісінде көрсетеді. Американдық ғалым Б. Блум «Білімді толық меңгеру технологиясы» еңбегінде оқыту технологиясын үш топқа бөлген:

1) түсіндірмелі-бейнелі;


2) жеке бағдарлау;


3) дамыта окыту.


Дифференциациялап окыту. 1. Бұл - жалпы дидактикалық жүйенің бір бөлігі. Ол әр түрлі деңгейлі оқу талабына арналады. 2. Бұл - оқу үрдісін ұйымдастыру нысаны. Мұғалім мінез-құлқы, білімі ортақ деңгейлі оқушылармен жұмыс істейді.


Дифференциациялап оқыту. 1. Бұл - әр түрлі мектеп, сынып, оқу тобы үшін оқытудың әр түрлі деңгейлі жағдайын жасау. 2. Бұл - әр түрлі омогенді топта, сыныпта оқытуды қамтамасыз ететін әдістемелік, психологиялық және ұйымдастыру, басқару шараларының кешені, оның негізгі ұстанымы - саралай окыту.

Деңгейлік окыту технологиясын іске асыруда қазақстандық ғалым Ж. А. Қараев үш өлшемді әдістемелік жүйені ұсынады. Оның әдістемесі бойынша барлық тақырыпты алдымен модульге бөлу керек. Модуль дегеніміз не? Модуль - ол үлкен, ауқымды тақырып немесе бірнеше па-раграфтан тұратын тарау. Оның ерекшелігі, әрбір тарау немесе модуль үш қорытынды сабақпен аяқталады:


- деңгейлік тапсырмалардан тұратын тақырыптық өзіндік жұмыс (модуль бойынша олқылықты анықтау) -ішкі бақылау, бағасы журналға қойылмайды;


- коррекциялық жұмыс (модуль бойынша олқылықты жою);
- деңгейлік тапсырмалардан тұратын бақылау жұмысы - сыртқы бақылау, бағасы журналға қойылады.

Бұл үш сабақ не үшін керек? Дәстүрлі оқыту бойынша бақылау жұмысына бір сағат беріліп, одан кейін қатемен жұмысқа сағат бөліне бермейтін. Мұндай жағдайда оқушыда өз біліміндегі кемшіліктерді қаншалықты жойғанын дәлелдеуге мүмкіндік болмаған. Сондықтан бұл технология бойынша бақылау жұмысына дайындық ретіндегі өзіндік жұмысқа бір сағат және коррекциялық жұмыстарға бір сағат міндетті түрде бөліну керек. Бұл екі сағатты бағдарлама бойынша берілген жалпы сағат көлемінен мазмұны бір-біріне жақын тақырыптарды біріктіру арқылы шыға-руға болады. Егер сағат саны шектеулі болса, онда жарты сабақ өзіндік жұмысқа және жарты сабақ коррекциялық жұмыска бөліну керек.


Біз үлгі ретінде ұсынып отырған күнтізбелік жоспарда модульдік тақырыптар ретінде - бөлімдердің аттары, өзіндік жұмыс ретінде - бөлімді қайталау, коррекциялық жұмыс ретінде - тіл дамыту сағаттары, ал бақылау жұмысының негізгі түрлері ретінде шығарма, мазмұндама жазу жұмыстары таңдап алынды.
Ж. А. Қараевтің үш өлшемдік технологиясы сабақты өткізуді үш кезеңге бөледі:

1-кезеңге 5-7 минут уақыт бөлінеді. Бұл кезеңде ұйымдастыру, үй жұмыстарын тексеру, өтіп кеткен тақырыптардан бүгінгі сабаққа негіз болатын тапсырмалар орындалады (мысалы, «Әдебиеттік оқу» оқулығындағы жаңа сабақ басталған беттегі 1-тапсырма көбіне осылай өткен сабақпен «көпір» (байланыс) жасау үшін орындалады).


Бұл технологияның бір ерекшілігі: өткенді пысықтауға арналған материалды оқушылар үйде қайталап, жаңа тақырыпты меңгеруге үйден дайындалып келеді. Мұның тиімділігі неде? Біріншіден, уақыт үнемделеді, өйткені дәстүрлі оқыту бойынша оқушылар қойылған сұраққа берілетін жауапты білмесе, мұғалім өзі түсіндіріп, уакыт жоғалтатын еді. Екіншіден, егер мұғалім өткенді жүйелі түрде пысықтауға арналған тапсырмаларды орындауды талап етіп отырса, оқушының барлығы, соның ішінде нашар оқушы да дайындалып келуге мәжбүр болады, нәтижесінде әрбір оқушының белсенділігі мен жауапкершілігі артады.


2-кезең Қараевтің технологиясында синектикалық бөлім деп аталады, яғни жаңа тақырыпты меңгеру, бекіту жұмыстары 20-25 минут жүргізіледі: мәтінді оқиды, мәтін бойынша жұмыстар орындалады.

Деңгейлік тапсырмаларды орындау осы 2-кезеңде іске асады.


Оқушыларға төрт деңгейлік тапсырмалар ұсынылады.






Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   33   34   35   36   37   38   39   40   ...   54




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет