«Жалпы тіл білімі» пәніне арналған әдістемелік нұсқаудың өзектілігі: Жалпы тіл білімі – тіл ғылымының жалпы тілдік теориясы. Ол – бүкіл тіл туралы ғылымның бағыт – бағдарын белгілейтін компас ғылым. Бұл пән– студенттерді теориялық лингвистиканың ең негізгі, өзекті мәселелерімен таныстырады. Оларға жалпы тіл білімі ғылымның өткен тарихынан, қазіргі күйінен, негізгі бағыт-бағдарынан, ғылым алдында тұрған басты мәселелерінен жүйелі білім береді. Осындай мақсаттарға сәйкес курс күрделі төрт бөлімге бөлінеді: лингвистика тарихы, тіл теориясы, лингвистикалық әдістер мен методикалар, тіл білімінің басқа ғылымдармен қарым-қатынасы.
Достарыңызбен бөлісу: |