5 в 050400 «Журналистика» мамандығына арналған


***Тележурналисты Франции недовольны



бет4/9
Дата11.01.2017
өлшемі2,14 Mb.
#7402
1   2   3   4   5   6   7   8   9

***Тележурналисты Франции недовольны


Опубликовано: Понедельник, 14 Янв 2008

Профсоюзы, объединяющие 11 тысяч работников французского государственного телевидения «Франс Телевизьон», обратились к генеральному директору телевидения Патрику де Кароли, протестуя против недавнего решения Николя Саркози убрать рекламу с гостелевидения, передают в субботу французские СМИ.

«Убрать рекламу с гостелевидения, наверное, возможно, но предложенный способ нереален», — говорится в коммюнике профсоюзов.

Решение с 2009 года полностью убрать рекламу с гостелевидения, о котором Саркози заявил в среду, быстро стало непопулярным среди работников телевидения. На общем профсоюзном собрании было решено обратиться к гендиректору «Франс Телевизьон», чтобы он воспротивился решению президента.

Опасения работников телевидения связаны с тем, что без рекламы организация потеряет около 800 миллионов евро в год. Также предвидятся большие сокращения, в первую очередь рекламного отдела, который насчитывает 320 человек.

Де Кароли пообещал своим подчиненным разобраться в проблеме, но, тем не менее, не дал никакого конкретного ответа. Он также распорядился остановить набор новых сотрудников, чтобы распределить сокращаемых работников на вакантные должности.

Решение Саркози стало непопулярным не только среди телевизионщиков — представители многих французских СМИ критикуют президента за излишнюю торопливость и необдуманность действий.

Франция тележурналистикасы

18 тележурналистік этикалық принцип

Бұл кодекс 1994 жылы қаңтарда Францияның ең танымал журналистерімен құрылған.

1) Көрермендердің сезімін құрметтеу

2) Қатал немесе қиындық туғызатын жаңалықтар барасында көрермендердің сезімін құрметтеу

3) Порнографиялық көріністер көрсетер кезде адамның ұялшықтығын туғызатын репортаж дайындамау.

4) Балалық шақты көрсетер кезде отбасының айтқан тілектерін тыңдау.

5) Журналистер адамның жаман істерін айтқызуға тиіс, айтпаған жағдайда репортажға қосу.

6) Кадрдың қайталануын болдырмау.

7) Сот шешімі шықпайынша адамды айыптамау

8) Белгілі бір организациямен немесе тұлғамен мейірімді, өзін әдепті ұстау.

Владимир Познер

Мадақтамалары:

1) «Отан алдындағы еңбегі үшін» 4 дәрежелік орден (2006 ж 27 қараша)

2) «Құрмет» ордені (1999 ж 3 желтоқсан)

3) «Халық достығы» ордені (1994ж 29 наурыз Ресей)

4) «За вклад в жизнь» (2013 ж Муз-ТВ премиясы)
Журналистік өмірі:

1961 жылы Познер «Новости» баспа орталығына кіріп, «VSSR» журналында да редактор болып жұмыс істеді.

1970 жылы АҚШ пен Англия телевизиясы комитетінің коментаторы болды. 1985 жылы ағылшын тілінде радиобағдарлама жүргізді.

Nightline каналының жиі қонағы болады, әсіресе Филда Донахью шоуында.

1991-1997 жылы CNBC каналында «Познер және Донахью» каналында жүргізуші болды.

Қазіргі таңда Евразия бірінші каналының «Познер» атты авторлық бағдарламасының жүргізушісі.

1986 жылы «КСРО журналисті» деген премияның лауреаты атанды. 1987 жылы 8сәуірде америка және кеңес одағы телекөпірінің жүргізушісі болды. Телекөпірлерден кейін орталық телеарналарға ауысты.

1991 жылы АҚШ-та жұмыс істеу туралы ұсыныс алды. 1994 жылы Ресей телевидения академиясының президенті болып сайланды, 2008 жылғы 26 қазанға дейін осы академияны басқарды.



Ұсынылатын әдебиеттер: 
1.Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2.Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3.Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4.Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5.Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7.Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8.Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9.Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978
7-дәріс.

Италия тележурналистикасы.
Дәріс сабағының мазмұны:
1. Италия тележурналистикасының дамуы
2. Италия тележурналистикасының өркендеу кезеңі
3. Италия тележурналистикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі.
4. Италия телевизиясы: тарихы, мәселелері, болашағы.

5. Мемлекеттік телекомпаниялар: РАИ- 1, РАИ-2, РАИ-3 –құрылым, хабар тарату құрылымы.


Италияда радио 1924 жылдан, теледидар 1954 жылдардан бастау алады. 1984 жылы елде 14 миллиондай телеабонент болса, оның ішінде 6 миллионы түрлі-түсті теледидар көрермені, радио тыңдаушылар 15 миллионға жуық болған.

Италия әлемде телестанцияның көптігі жөнінен тек АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Мұнда 7 ұлттық және 500 жергілікті телестанция бар. Сұрау жүргізіп байқағанда 90% жуық адам теледидар көрсе, 50% жуық адам радио тындайтынын айтқан.

1977 жылы теледидарға мемлекеттік монополия жойылғаннан кейін, Берлускони жергілікті кабельдік телестанцияға 1 миллиард лир қаржы жұмсаған, сөйтіп коммерциялық ірі үш телесетті иемденген, жарнамалық бизнесті күшейткен. Алайда бұған қарағанда мемлекеттік теледидар көрермендер аудиториясын көбірек қамтиды.

Ал, италия информациялық агенттігі 1945 жылы кооперативтік негізде құрылған. Қазір ол күнделікті газеттердің басым көпшілігімен жұмыс істейді. Агенттік жер жүзінің 65 елімен информация алмасып тұрады. Радио, телеорталықтар да оның қызметін пайдаланады. Италия тілінен басқа испан, француз, ағылшын тілдерінде хабарлар таратады. Елде және шетелде корреспонденттік жүйесі жұмыс істейді. Журнал шығару ісінде Италия көптеген елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Әсіресе телебағдарламаларға және жүргізушілерге арналған журналдар жарты миллион тиражға жуықтайды. Елде басқа Еуропа елдері секілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген монополия, қаржы қожайындары, жарнамамен пайда түсіру секілді іс-әрекеттер орын алған.

Италияның ақпарат жүйесінде теледидардың алатын орны қомақты. 80-жылдарда мемлекеттік сондай-ақ, жекеменшік түрінде де жедел дамыды. Италия аудиовизуальды сала бойынша терең өзгеріске ұшырады. Еуропалық телерынокта күнделікті баспасөзге қарағанда өзгешелік байқалады, 90-жылдары Италия жанұясы Франция мен Германияға қарағанда теледидарды тұтыну жағынан асып түсті.

Дүниежүзілік ірі телекомпаниялар арасында РАИ елге ықпалы жағынан БИ-БИ-СИ-ге жақын келеді. РАИ негізінен акционерлік қоғам. РАИ өз елінде көлемді телеаудиторияны қамти отырып, шетелдерге де ықпалын тигізуді көздейді. Оның бағдарламаларын Корсика, Мальта, Далмация тұрақты түрде көреді.

Дамыған елдердің телерыногы сияқты Италияда да телебағдарламаның табысты болуы оның жүргізушісіне тікелей байланысты. Көңіл көтеретін танымал бағдарламалардың жүргізушілері итальян теледидарында көптеп саналады. Олардың кейбіреуін атап өтсек, Майк Бонджорно Ренцо Арборе, Пиппо Баудо, Рафаэлла Карра және т.б.

Италиядағы сұхбат жанрын меңгерген ең үздік репортер Энцо Бьянджи. Ол жасының ұлғайғандығына қарамастан Бьяджидің есте сақтау қабілеті мен білімі таңқаларлық. Бұқаралық ақпарат құралдары саласындағы 40 жыл ішінде көптеген телебағдарламалар, 41 кітап, үш комедия жазды. Кезінде АҚШ-та Уолтер Кронкайт қандай беделді болса, Италияда Бьяджи дәл сондай.

РАИ мен «Финивест» компаниялары Италияда ең танымал болып саналады, дегенмен де «Видеомьюзик» мамандандырылған ұлттық арнаны айтып кетуге болады. Бұл 1984 жылы Европада тұңғыш рет тәулік бойы әуен беретін арнаулы арна болып табылады.



Елдің телерыногында РАИ мен негізгі бәсекелес – «Финивест» тобының үш каналы болып табылады. 90-жылдардың ортасында елге премьер-министр болып келген С.Берлускони теледидардың тізгінін өз қолына алып, үш каналды иеленді. Бұрын коммерциялық арналар көңіл көтеретін және балаларға арналған хабарлар, фильмдер мен телефильмдер арқылы көрермен жинаса, РАИ-дың ақпараттық, мәдени және спорт бағдарламалары көпшілікке танымал.

Италия журналистикасының бастау көздері Римнің сонау кездері пайда болған. Мысалы, «Акта дьюрна попули романи» («Рим халқының күнделікті ісі») деген антикалық дәуірімен байланыстырылады. Ол кезде жыл сайын немесе белгілі бір уақытта қолжазба түріндегі газеттер мемлекет өмірі, қоғамдық оқиғалар, соғыстар мен әртүрлі ойындар туралы мәліметтер жариялап тұрған. Цезарьдың бұйрығы бойынша «Комментариус рерум новарум» («Жаңа окиғалар туралы жазбалар») деген апталықты 300 құл көшіріп, 10 мың тираждан астам данамен таратып отырған. 

Ал негізінен бұл елдегі «журналистиканың бесігі» Венеция болып саналады. Өйткені онда ХVVІ ғасырларда саяси газет саналатын «жаңалықтар листогы» (парақшасы) шықты. Онда да ішкі-сыртқы оқиғалар мен фактілер, сауда, дін туралы жарияланды. Ал типографиялық тәсілмен шығарылған алғашқы шығарма Цицерондікі болды. Ол 1468 жыл еді. Содан кейін кітап басу ісі әр жерде қолға алына бастады. ХVШ-ХІХ ғасырларда «Каффе» деген және «Обсерваторе» («Бақылаушы») деген энциклопедиялық әрі әдеби журналдардың шығуы айтуға тұрарлық еді. Бұдан соң елде цензура күшейіп, кедергі бола бастады. Сондықтан басылымдар өткір саясатқа араласпай, жеңіл нәрселерді жазуына тура келді. Дегенмен қанша қыспақ болса да, өздігінен әрі жасырын шығып тұратын «Дэй э пополо» («Құдай мен халық») және «Джустициа э либерта» («Әділдік пен бостандық») деген газеттер патриоттық бағытты ұстады. 

Италия біртұтас ұлттық мемлекет ретінде 1870 жылы құрылды. Сөйтіп 1946 жылға дейін монархиялық басқарумен келді. Бұл елдің нағыз профессионал, газеттері шындығын айтқанда Англия мен Францияның үлгісімен қалыптасты және тираж мәселесі де бұл елдерге жетпейтін. Англия, Францияда тираж миллионға жеткенде, Италияда 100 мыңның маңайында ғана болды. Сол уақыттары «Секало» («Ғасыр»), «Коррьере делла сера» («Кешкі почта»), «Мессаджеро» («Хабаршы»), «Маттино» («Таң») деген газеттер шығып тұрды. 

XIX ғасырдың аяғы мен XX ғасырдың басында Италия журналистикасы партиялық баспасөз ретінде әжептәуір дамыды. Бұл ретте республикалық партия мен социалистер партиясының көп әсері болды. Республикалық партия «Джорнале дель пополо» («Халықтық газет»), «Италия дель пополо» («Халықтық Италия») деген, ал социалистер «Аванти!» («Алға»), «Темпо» («Время») деген газеттер шығарды. 1920-45 жылдар аралығында фашизмнің пайда болып, Еуропа елдерін жаулап ала бастауына байланысты Италияның дамып келе жатқан баспасөзі тоқырап қалды. Сол жылдары жасырын түрде «Унита» («Бірлік») компартия газеті шығып тұрды. 1946 жылы Италия республика болып құрылды да, елде көп партиялық жүйе пайда болды. Мұның өзі баспасөздің көбеюіне жол ашты. Айталық, 50-ші жылдардың аяғына қарай елде 90-нан астам күнделікті газет және 5000-дай саяси, экономикалық, ғылыми, әдеби басылымдар шамамен 8 миллион тиражбен шықты. 70-ші жылдары Италияда газет тиражының өсуі байқалды. Бұл соғыстан кейінгі баспасөздегі өрлеу болды. Яғни, баспасөз тиражы 30 процент ұлғайды. 1980 жылы елдегі газет тиражы 5 миллионнан асты, ал 1987 жылы 6,5 миллионға жетті. Италиядағы газет пен журналдың айырмашылығын бөліп айту керек. Елдегі журналдың бір жолғы тиражы газеттен бірнеше есе асып түседі. Мәселен ай сайынғы журналдар 38 миллион дана болса, апталықтар 24 миллион дана. Жасы үлкен газет оқырмандары 41 процент болса, журнал оқитындар 70 процентке жуықтайды. Сөйтіп, журнал шығару ісінде Италия көптеген елдерге қарағанда алдыңғы қатарда. Әсіресе, телепрограммаға және автомобилистерге арналған журналдар жарты миллион тиражға жуықтайды. Сондай-ақ көп тиражды басқа да журналдар қатарында информациялық апталықтар «Эпока», «Панорама», «Экспрессо», «Оджи», «Дженте» деген басылымдар бар. Әрине, бұл елде де басқа Еуропа елдері секілді бұқаралық ақпарат құралдарына деген монополия, қаржы қожайындары, жарнамамен пайда түсіру секілді іс-әрекеттер орын алған. Бұл орайда Аньелли есімді әулеттің тасы өрге домалап, айрықша көзге түседі. Олар бірнеше мерзімді басылымдардың иесі, яғни баспасөз өндірісінің өкілдері, миллионерлер. 
Ал радио мен телевидение туралы айтар болсақ, елде радио 1924 жылдан, телевидение 1954 жылдан басталады. 1984 жылы елде 14 миллиондай телеабонент болса, оның ішінде 6 миллионы түрлі-түсті телевидение көрермені, радио тындаушылар 15 миллионға жуық еді. Италия әлемде телестанцияның көптігі жөнінен тек АҚШ-тан кейінгі екінші орынды алады. Мұнда 7 ұлттық және 500 жергілікті телестанция бар. Сұрау жүргізіп байқағанда 90 процентке жуық адам телевидение көрсе, 50 процентке жуық адам радио тыңдайтынын айтқан. 
1977 жылы телевидениеге мемлекеттік монополия жойылғаннан кейін, Берлускони жергілікті кабельдік телестанцияға 1 миллиард лир қаржы жұмсаған, сөйтіп коммерциялық ірі үш телесетті иемденген. Жарнамалық бизнесті күшейткен. Алайда бұған қарағанда мемлекеттік телевидение көрермендер аудиториясын көбірек қамтиды. 

Ал Италияның информациялык агенттігі 1945 жылы кооперативтік негізде құрылған. Қазір ол күнделікті газеттердің басым көпшілігімен бірлесе жұмыс істейді. Агенттік жер жүзінің 65 елімен информация алмасып тұрады. Радио, телестанциялар да оның қызметін пайдаланады. Италия тілінен басқа, испан, француз, ағылшын тілдерінде хабарлар таратады. Елде және шетелде корреспонденттік жүйесі жұмыс істейді.**

Телерадиосы. 1997 жылы «Lete Pin» акционерлiк қоғамда бiраз өзгешелiктер болды: «Canal Plus» компаниясы «Кirch» корпорациясы және «Tele Pin» компаниясының 45 % акциясын сатып алады.

“Cecchi Gori Group» концернi «Videmosic» ұлттық арнаның операторын өзiне қаратып алады. «TVC» мен «TVC2» арналары байланыстың жаңа беттерi. 1997 жылы парламент қабылдаған заңда кабельдiк және спутниктiк бағдарламалар талқыланған және аудандық радиолар мен телебағдарламалардағы ақпарат, бүгiнгi таңда нарық көзiне айналғанын қарастырды. Соңғы уақытта үкiметте 1981 жылы қабылданған заңға арнайы баяндама жасауды ұсынды. Бұл баяндама 1999 жылға дейiн талқыланды. Автордың баяндамасында көтерiлген мәселе: компанияның негiзгi жүргiзушiсi оператор. Ол өте кең көлемдi иеленді. Ондағы басты ұсыныс баспасөздер мен теледидарларда, радиоларда ақпарат «редактордың өнiмi» атты ғаламдық мәселеге айналу болды. Ол соңғы жылдары өз өнiмiн ақтады. Спутниктiк байланыстар арқылы Италия ақпараттары әлемге тарала алады. 1999 жылы Италия Германиямен, Испаниямен біріккен жобаға қол қойды. Ол жоба - ақпарат алмасу. Теледидарлар мен радиохабарларда бағдарламалар мына тiлдерде жүргiзiледi: итальян, француз, ағылшын, поляк тiлдерiнде. Бүгінгi таңда Италия спутниктiк байланыстардан бiршама жетiстiктерге жетiп отыр. Италияның ең iрi қалалары: Римде, Неапольда, Туринде, Миланда бағдарламалар екi тiлде итальян және француз тiлiнде жүргiзiлiп отырады. Мерзiмдi баспаға қарағанда теледидарға сұраныс басым.



Ақпарат агенттiктерi. Кез келген мемлекеттiң ақпараттық жүйесiн ақпарат агенттiктерiнсiз елестету қиын. Ақпараттарды тарату және жинау жүйесi жоғары дамыған, «ANSA» ақпарат агенттiгi бар. 1981 жылы қабылданған заң бойынша мынадай критерийлерге жауап беретiн агенттiктер ғана ұлттық агенттiк бола алады:

1. Почта және телекоммуникация министрлiгi бекiтiп берген арналар арқылы кем дегенде бес облыстағы 15 күнделiктi газет пен телетайптық байланыстар орната алған жағдайда;

2. Агенттiкте тұрақты түрде 10 кәсiпқой журналист, 15 техникалық қызметкер қызмет iстеу керек.

3. Агенттiк тәулiгiне кем дегенде 12 сағат ақпараттар таратып тұруы керек.

Ұлттық агенттiктер – «АНСА», «АДЖИП», «КРОНОС», «АСКА» және «РАДИОКОР» бұл талаптарға толығымен жауап бере алады. Бұлардың iшiнде «АНСА-ның» ақпарат тарату ауқымы кең, әлемнiң көптеген елдерiнде тiлшiлер пунктi бар. Бұлардан басқа Италияда 200-ге тарта кiшiгiрiм агенттiктер бар. Әлемдiк ақпарат агенттiктерi «АФП», «РЕЙТЕР», «ЮПИ» мен 60-тан аса үлкендi-кiшiлi ақпарат агенттiктерiмен хабар алмасады. Агенттiктiң фото қызметi, электронды документация бөлiмi бар. «АНСА» күнделiктi бес континенттегi үш мың жазылушыға 2000 хабар таратуға мүмкiндiгi бар. Әр ұлттық агенттiктiң өз даму жолы бар. «ЭНИ-ге», әрi мемлекетке қарасты «АДЖИП-тiң» 19 аудандық бюросы күнiне 20 мың сөз таратады. АДН - Кроностың Римде, Миланда екi редакциясы қызмет iстейдi. Сонымен бiрге, шетелдiк хабарлардан басқа, мамандардың саясатқа, ғылымға, экономикаға қатысты мақалаларын таратып отырады.

1948 жылғы баспасөз туралы заңның маңызы. Италия газеттерінің типологиясы. Ұлттық басылымдардың ақпарат рыногындағы орны. Италияның беделді басылымдары. Басылымдар арасындағы өзара бақталастық. Спорттық газеттердің ақпарат рыногындағы орны.

Италия газетттеріне тән ерекшеліктер.Талантты журналист П.Миели дүниеге әкелген «Миели моделінің» жаңашылдығы.

Италия журналдарының типологиясы, аудиториясы. Информациялық апталықтардың басымдылығы.

Италиядағы діни басылымдардың рөлі. Монополиялану ісіндегі ерекшеліктер. Ірі өндірістік топтардың БАҚ-қа ықпалы. С.Берлускони – Италиядағы беделді баспасөз магнаты. АНСА ақпарат агенттігінің қызметі. 
Бақылау сұрақтары: 

1. Италиялық «аралас» газеттердің тақырыптары қандай? 

2. С.Берлускони монополиясы жайында не білесіз? 

3. Италиядағы діни басылымдардың рөлі қандай? 



Италия Республикасы – Еуропаның Оңтүстік бөлігінде, Жерорта теңізі жағалауындағы Апеннин түбегінде, Сицилия, Сардиния және бірнеше ұсақ аралдарда орналасқан мемлекет. Жер көлемі – 301,2 мың км2. Халқы – 57,5 млн. адам (1998). Халқының 94%-ы италиялықтар. Мемлекеттік тілі – италия тілі. Халқы христиан дінінің католик тармағын ұстанады. Астанасы – Рим қаласы (2,8 млн.). Бұған қоса Милан (1,6 млн.), Неаполь (1,2 млн.), Турин (1,1 млн.), т.б. ірі қалалар бар. Италия территориясында тәуелсіз 2 мемлекет (Ватикан, Сан-Марино) орналасқан. Әкімшілік-территориялық жағынан 20 облыстан тұрады. Оның 5-еуінің (Сицилия, Сардиния, Трентино-Альто-Адидже, Валле Д’Аоста, Фриули-Венеция-Джулия) ерекше автономиялық мәртебесі бар. Облыстар 94 провинцияға бөлінеді. Италия – парламенттік республика. 1948 жылы қабылданған конституция бойынша елді Президент басқарады (1992 жылдан О.Л. Скальфаро). Ол 7 жыл сайын қос палаталы парламент депутаттары мен облыстардан келген өкілдердің бірлескен жиналысында қайта сайланып отырады. Заң шығарушы орган екі палатадан: Республика сенаты (372 сенатор) мен Депутаттар палатасынан (630 депутат) тұрады. Атқарушы билік Министрлер Кеңесінің қолында. Ұлттық ақша бірлігі – лира.

Тарихы
Ежелгі Рим. Ежелгі дәуірде Италия территориясында Рим мемлекеті салтанат құрды. 4 – 5 ғасырларда Рим империясына көршілес герман, ғұн, авар тайпалары күйрете соққы берді. 476 жылы Батыс Рим империясы құлап, орнына Одоакр корольдігі (476 – 493) құрылды.


Экономикасы
Италия – әлемдегі аса жоғары дамыған жетекші елдердің бірі. Ұлттық табыс көлемі (1146,2 млрд. АҚШ доллары, 1997) жағынан дүние жүзінде АҚШ, Қытай, Жапония, Германия, Франциядан кейін 6-орында, оны жан басына шаққанда 3-орында. Экономикасында шет ел капиталының үлесі үлкен. Экономикасындағы негізгі салалары: машина жасау, автомобиль жасау, тамақ, химия, тігін, металлургия, т.б. Соңғы жылдары роботтар мен электронды жабдықтар өндірісі тез дамып келеді. Ауыл шаруашылығы жоғары деңгейде. Астық өнімдерінен бидай, жүгері, күріш (Еуропада 1-орында), оған қоса жеміс-жидек, жаңғақ, жүзім (90%-ы – шарап жасауға жұмсалады), помидор өсіріледі.

Италия – аса ірі туризм орталығы (жылына 50 млн-нан аса адам туристер келеді). Ел сыртқы сауда мөлшері бойынша дүние жүзінде 6-орында. Сыртқы саудадағы негізгі әріптестері Еуропалық одақ елдері (ең алдымен Германия, Франция, Ұлыбритания) – 40%-дан астам, АҚШ (7%), Жапония, Орталық және Шығыс Еуропа елдері, т.б.

Испандық өктемдiлiк және Франция ықпалының өсуі
Елдегі саяси бытыраңқылық, сауда жолдарының Жерорта теңізінен Атлант мұхитына ауысуы 16 ғасырда өнеркәсіп пен сауданың құлдырауына алып келді. Елдің бытыраңқылығын пайдаланған Франция мен Испания Италия жері үшін өзара соғыстар жүргізді (1494 – 1559). Нәтижесінде Сицилияны, Сардинияны, Милан герцогтығын, Оңтүстік Италиядағы мемлекеттерді (Венеция, Папа облысы, Совоя герцогтығынан басқаларын) Испания басып алды.
Италия телевизиясы: тарихы, мәселелері, болашағы.

Италия телевизиясының даму тарихы. Мемлекеттік РАИ телевидениесінің және Медиасеттің коммерциялық жүйесі. Италия каналдарының бағдарламалық саясаты. Италияның телегазеттері. Жарнама, Италия телевидениесінің заңдық базасы. Италия телевизиясының болашағы. Италия медиасекторындағы С.Берлускони. Сети Сильвио Берлускони – ірі медиамагнаттары: «Канл 5», «Италия – 1», «Ретекуатро».

РАИ Жаңа әкімшілік кеңесі. Альдо Грассо – 2000 жылғы «Италия телевидениесінің тарихы» кітабының авторы, телевидениенің танымал сыншысы, А.Грассо, Италия телевидениесі дамуының кезеңдері.

Мемлекеттік телекомпаниялар: РАИ-1, РАИ-2, РАИ-3 – құрылым, хабар беру саясаты, танымал хабарлары.

Ватикан телерадиобағдарламалары.

Өзін-өзі бақылау сұрақтары:
1. Италия тележурналистикасының дамуы
2. Италия тележурналистикасының өркендеу кезеңі
3. Италия тележурналистикасының бүгінгі тыныс-тіршілігі.

Ұсынылатын әдебиеттер: 

1. Барманкулов М. Вес мир у вас в квартире. Алматы., 1972.
2. Молдабеков А. Хабардың бес белесі. Алматы., 2000
3. Масғұтов С. Көгілдір экран-өмір айнасы. Алматы., 1976
4. Вачнадзе Г. Весмирное телевидение. Тбилиси., 1989
5. Барманкулов М. Телевидение: деньги или власть. Алматы., 1997
6.Тұрсынов Қ. Көгілдір экран құпиясы. Алматы., 1999
7. Кузнецов Г. ТВ-журналист. Москва., 1980
8. Саппак В. Телевидение и мы. Москва., 1988
9. Амандосов Т. Совет журналистикасының теориясы мен практикасы.
Алматы., 1978


8-дәріс

Қытай тележурналистикасы

1. Қытай тележурналистикасы.

2. Аспанасты елінің ақпарат айдыны: бүгіні мен даму үрдісі.

Әлемдік өркениеттер тоғысқан ғасырдың түрлі ауыс-күйістері сапырылысқан шеңбері ішінен қай мемлекеттің болмасын шығып қалуды қаламайтыны анық. Сөйте тұра жаһандану үрдісінде өз мемлекетінің мызғымас идеологиялық тұғырын бекемдеу мақсатында бар күшін аямасы да ақиқат. Бұған келгенде дәл қазіргі кезеңде шағын мемлекеттер ғана емес, алып державалардың өзі етек-жеңін қымтай ұстайтындығын байқаймыз. Ал, ондағы басты құрал -ақпараттық жүйелер.

Қазақ елінің тәуелсіз мемлекет ретінде жаһандану үдерісінің қайнаған қазанына жеке-дара бел шешіп араласқанына 22 жыл толды. Сол тұстарда алғашқы жүргізген сыртқы саясатымыздың өзі де жақын көршілермен шекарамызды белгілеуден басталды. Міне солардың бірі - Қытай елі. Қытай мен Қазақ мемлекетінің бүгінгі күнгі қарым-қатынастары түрлі салалар бойынша күн санап еселей түсуде. Мұхиттың ар жағында жатқан елдермен де тығыз байланыстар орнатып отырған Қазақстан үшін жақын көршінің әр басқан қадамының маңызы өз алдына бір төбе. Алып елдің кең тыныстауына көмегін тигізіп отырған мемлекеттегі ақпарат құралдарының бүгінгі тыныс-тіршілігін білу, бізге де пайдасы тиер біраз көлденең сұрақтарға жауап болары сөзсіз.

Санғасырлық әлем өркениетінің бедерлі іздерін өз тарихының бөлінбес еншісі ретінде алтын әріппен айшықтап қалдырған, өрелі мәдениеттің бастау көзін бес мың жылдық тарих көшімен жылнамалаған Қытай жұрты өздерін бұл ғасырдың да айдарынан жел ескен жүйрігі санайды. Осылайша сол қағазға хатталған жылнамалар арқылы арғы заман тарихының құнарлы ақпаратын бүгінге жеткізуі адамзат мәдениетіне қосқан қомақты үлесі деп есептелсе, қазіргі заман ақпаратының да замана үрдісінен шет қалып отырғаны жоқ.

Қытайда, ХХ ғасырдың бас кезінде патшалық Маньчжурия үкіметі биліктен аластатылуымен қоғамның әр саласы ауқымды өзгерістерге ұшырады. Сыртқы әлемнің ықпалы және шетелден білім алған зиялы топтың елге келуімен Қытай журналистикасы да өз дамуының алғашқы қадамын жасады. Міне, содан қазірге дейінгі бір ғасырлық уақыт көшіне көз салар болсақ, Қытай журналистикасының талай қақпақылға түсіп, шыңдала жүріп бүгінгі биігіне қол артқанын байқау қиын емес.

Социалистік Қытай Халық Республикасында ақпарат саласына арналған жеке заң әзірше жарыққа шықпаған. Ата Заңының бір тармағында көрсетілгендей, адамдардың қоғамдық-әлеуметтік мәселелерде өз ой-пікірін еркін білдіруіне, бейбіт шеруге шығуына, сондай-ақ саяси көзқарас еркіндігіне жол берілетіндігі айтылған. Қытай еліндегі сөз бостандығының бірден-бір сүйенетін заңдық кепілі де осы. Қытай кезіндегі КСРО сияқты жабық идеологиямен де, батыс елдеріндегідей ашық демократиямен де келіскісі келмейді. 80-жылдардағы Қытай саясаткері Дың-шяу-пиң (Дэн Сяопин) айтқандай, «Біздікі қытайлық ерекшелікке ие социализм жолы. Мысықтың түсінің ақ немесе қара болуы маңызды емес, тышқан аулай алса, болғаны».

Өзіне төнер қауіптен әркез сақтанып жүретін елдің тыныштығы осындай саясат арқылы жүзеге асырылады. Ал заңның 57-тармағына сай, ақпараттық қателік жіберген журналист жазасының ауыр-жеңілдігіне қарай айыппұл тартпақ.

Ел экономикасының қарқынды дамуы мен ауқымды аудиториялық қажеттілік қытай журналистерін әркез шеберлікке ұмтылдырып, сапалы жұмыс істеуіне ынталандырып отырады. Бастауын 1931 жылдан алатын Синьхуа агенттігі - дүние жүзіндегі алдыңғы қатардағы ақпараттық орталық. Құрамында 10 мың тілші қызмет атқарады. Агенттік білікті журналистер мен озық техникалық базаның арқасында оқиға ортасынан жылдам әрі шынайы ақпараттарды әр тілде әлемге таратады. Ақпараттық орталық қосымша шығаратын өздерінің әртүрлі басылымдарымен де танымал. Мемлекеттің ішкі-сыртқы саясатын, экономикасын, мәдениеті мен өнерін, ғылыми жетістіктерін шетел оқырмандарына дәріптейтін, сондай-ақ сыртқы әлемді ел оқырмандарына таныстыратын бұл басылымдардың Қытай мемлекеті үшін маңызы айрықша. Жоғарыда айтқанымыздай, түрлі ақпараттық құралдар арқылы сыртқы әлемді танып-білу, әсіресе, өздеріне жақын көршілерін ішкерлей түсініп, бар мен жоғын түгендеп отыруды көптен мақсат тұтатыны, жалпы Қытай ақпаратына тән ортақ құбылыстай аңғарылады. Мәселен, солардың бізге қатыстысы ретінде «Орта Азия» журналын (қытай, ұйғыр тілдерінде) атауға болар еді. Журналда жарық көретін материалдың басым бөлігі Орталық Азия елдері ішіндегі Қазақстанға тиесілі. Онда әр облыс жеке талданып, қалалары, халқының саны, өндірісі, жер байлығы мен пайдалы қазба игілігінің қоры дәлдік деректермен беріледі екен.

Қуандық Шамақайұлы «20 ғасырдағы әлем журналистикасы» еңбегінде 2001 жылғы мәлімет бойынша 2111 газет жылына 35,106 миллиард данамен таралатынын келтірген. «Оның 210-ы күнделікті, 782-сі провинциялық, 882-сі қалалық, 237-сі аудандық. 304 радио, 354 телеарна бар», -деп жазады. Бұл Қытай журналистикасының ауқымды қызметін көрсетеді.

Солардың ішіндегі біз білетін, әлемге танымал бұқаралық ақпарат құралдарының маңызды деген бірнешеуіне тоқтала кетуді жөн көрдік. Қытайда облыстық, аудандық телеарналар жергілікті хабарларды негіз етсе, Бейжіңдегі орталық телевизияның әрбір арнасы қоғамның әр саласына қарай бөлінуден тыс, адамдардың жас ерекшелігіне қарай балалар, жастар, отбасы арналары болып жіктеліп, өз аудиториясын қажетті ақпаратпен қамдайды. 1958 жылы мамырдың 1-і күні Қытайда тұңғыш телевидение станциясы құрылды. Алғашқы аты «Бейжің телевизиясы» деп аталды. Ол 1978 жылы Қытай «Орталық телевизиясы» болып өзгертіліп, ағылшынша қысқартып CCTV деп аталды. Қазір орталықтың жасанды серік арқылы тарайтын 42 телеарнасы, және ақылы көруге бағытталған цифрлы жүйедегі 12 телеарнасы бар. 2005 жылғы мәліметтер бойынша мұнда 7400-ден астам адам жұмыс істейді. Мемлекет ішіндегі жалпы телеөнім мен түрлі тележарнама рыногының 30 пайызын да еншілеп отыр. 2005 жылғы жалпы қазыналық кіріс пайдасы 1 миллиард 240 миллион юаньге жеткен. Аталмыш мекеме 134 мемлекеттің 208 ақпарат орталықтарымен түрлі әрптестік байланыстар орнатқан. Шетелдерде 70-тен астам тілшілер қосыны жұмыс жасайды.

Қытайдың «Орталық халық радиосы» (CNK) 1940 жылы 30 желтоқсанда құрылған. Қазіргі күні жасанды серік арқылы тарайтын 11 радиоарнасы, 4 цифрлы радиожелісі бар. «Орталық халық радиосының» 8-ші радио толқыны Қытайда тұратын қазақ (Қытайдың Шынжаңындағы қазақ радиосынан бөлек), моңғол, ұйғыр, кәріс тілінде хабар таратуға арналған. Сонымен қатар осы мекемеде «Қытай радио газеті», «Қытай радиосы» журналы, Қытай радио дыбыс-кескін баспасы, радионың жеке сайты жұмыс істейді.

Ал баспасөз саласына келсек, «Жоңко рыбау» (Қытай күнделікті газеті) басылымы өзінің ұзақ тарихы мен де, қазіргі ақпараттық күшті әлеуетімен де басқаларға дес беріп отырған жоқ. Газеттің алғашқы сандары Чиің (Цинь) патшалығының соңғы кезінде, яғни, 1900 жылдары жарық көрген. Бүгінгі күні «Рыбау» әлемдегі 150-ден астам мемлекеттер мен аймақтарға таратылады. Бейжің, Шанхай, Гонконг, Нью-Йорк, Еуропа елдерінде газеттің баспа орталықтары орналасқан. Таралымы 2 миллион данадан астам болып, оның үштен бірі мемлекет аумағынан сырт жерлерге шығарылып отырады. Елдегі іргелі басылымның тағы бірі -Қытайдың мемлекеттік билік партиясының орталық газеті саналатын «Жэньминь жибао» (People Daily). Бұл газет («Жэньминь жибао» қытай тілінде «Рін мин ры бау» деп дыбысталып, қазақшаға аударылғанда «Халық газеті» деп аталады) 1948 жылдан бері жарық көріп келеді. Мемлекеттің тыныс-тіршілігін, қоғамның түрлі салаларын ақпарат көзі ете отырып, билік партиясының саясатын халыққа үгіттеу міндетін де тыңғылықты атқарып отыр. Бұл газет те «Жоңко рыбау» сияқты әлеуеті мығым, елдегі ең ірі газеттердің санатына жатады. 1997 жылы газеттің сайт нұсқасы жасалып, ғаламтор арқылы әлемге жаңалықтарын тарата бастады. 2000 жылы сайт нұсқасы атауын «Жэньминь уаң» («Рін мин уаң» - «Халық сайты») деп өзгертті. Қазіргі кезде аталмыш газеттің сайты жапон, ағылшын, орыс, француз, араб, испан, корей тілдерімен қатар қазақ тіліндегі (төте жазумен) нұсқасын да шығарып отыр.

Қытайдағы көш бастаған бұл ақпарат құралдарынан басқа да ақпарат тарататын орталықтарының жалпы ауқымы бір, әрқайсысы өз ерекшелігімен аудиториясының қолдауын тапқан. Таралым мен жарнамадан түсетін қаражат негізіндегі экономикалық жоғары деңгейдегі ынталандыру журналистің алаңсыз жұмыс істеп, сапалы қызмет көрсетуіне үлкен қолдау. Журналистері де халық алдындағы жауапкершілікті сезіне, қоғамдағы түйткілді түйіндерді сергек, ширақ қимылмен жариялауға құлшына кірісіп отырады. Кейде қылмыстың бетін ашуда тәртіп сақшылары мен әділет органдарының өзін шапшаңдығымен шаңына ілестірмей жататыны жиі кездеседі. 2001 жылы Қытай экономикалық газетінің екі тілшісі жарна билеті арқылы елді алдаумен ақша тапқан Ланжу қаласындағы белгілі фирма басшысының ісін әшкереледі. Қылмыстың бұлтартпас дәлелдерін қолға түсірген тілшілер өздеріне ұсынылған 5 миллион қытай юанінен бас тартады. Осының нәтижесінде 26 қылмыстық топтың ұясы талқандалды. 168 басбұзар атаман қылмыстық жауапқа тартылды. Мұндай мысал мыңның бірі ғана. Қазірде осы қылмыстық топтың әрекеті шынайы дерекке құрылған фильмнен өріс тапты. Мемлекеттің сенімін ақтай алмаған лауазым иесінің ақыр аяғында бәрінен жұрдай болып, заң құрығына іліккен аянышты халі мен өкініші арқылы өз ортасына тәрбие беріп, ескерту жасауда. 
Қытайдың әлемдік деңгейде дамып отырған ақпарат тарату әлуетін, мол мүмкіндіктерін, жемісті тәжірибесін Қазақ елі өз саласында пайдаға асырып жатса жаман болмас еді. Осы тұрғыда көрші елмен болған түрлі салалардағы әлдеқашан қалыптасқан байланыстар ізімен Қытай мен Қазақстанның ақпарат құралдары да өзара серіктестік қарым-қатынас орнатып үлгіргенін атап өтеміз. Бүгінде «ҚазАқпарат» халықаралық ақпараттық агенттігі Қытайдың беделді ақпарат құралдары саналатын «Синьхуа» агенттігі, «Жэньминь Жибао» газеті, «Жэньминьван», «Тяньшаньнет» ақпараттық сайттарымен серіктестік байланыстарды жолға қойған. Атап айтсақ, 2012 жылы 29 ақпан күні Бейжіңде «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ мен Қытайдың «Жэньминьван» сайты арасында ынтымақтастық туралы келісімге қол қою рәсімі өтті. Бұл іс-шараға «ҚазАқпарат» ҰК» АҚ-ның басқарма төрағасы Дәурен Дияров қатысқан болатын. Ал 2013 жылғы қазанда «ҚазАқпарат» агенттігі директорының орынбасары Қаламқас Әбуованың қатысуымен «ҚазАқпарат» пен «Тяньшаньнет» ынтымақтастық туралы келісімге Үрімжіде қол қойылды. «Тяньшаньнет» - ҚХР ШҰАӨ Халықтық үкіметі жанындағы жетекші және ірі ақпараттық интернет-ресурсы.

2014 жылдың басында халықаралық мәртебе алған «ҚазАқпарат» агенттігі наурыз айында сайттың қытай тіліндегі нұсқасын қосты. Бұл сайттың ҚХР Сиань қаласындағы таныстырылымы кезінде гонконгтық күнделікті шығатын «Вэнь Вэйпо» газетінде (жыл сайынғы тиражы - 2 млн. астам, қытай және жапон тілдеріндегі нұсқалары бар, АҚШ-та, Канадада, Еуропада, Малайзияда, Үндістанда, Филиппинде, Кореяда және басқа да елдерде шығарылады) «ҚазАқпарат» туралы мақала жарық көрді.




Қытай Орталық телевизиясы ( ағылш. China Central Television, қысқаша CCTV; (қыт. 中國中央電視臺 Пиньинь:Zhōngguó Zhōngyāng Diànshìtái) — Қытайдың материктік бөлігіндегі негізгі телетаратушы. Қазіргі уақытта, CCTV-де 22 арна бар, күніне 24 сағат хабар таратады. Азұлт өкілдері тұратын аумақтардағы (Шыңжаң Ұйғыр автономиялық ауданыІшкі МоңғолияТибет автономиялық ауданы және басқалар) жергілікті телеарналар CCTV жаңалықтарын бір сағат уақыт мөлшерінде өз тілдеріне аударып таратады.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет