телевизиясы Қытай тележурналистикасында ерекше орын алады. CCTV туралы білу – Қытай тележурналистикасы туралы білумен пара-пар.
CCTV (Қытай Орталық телевизиясы) тарихыCCTV,China Central Television – Қытай орталық телевизиясы (中国中央电视台). Ол – Қытайдың мемлекеттік арнасы. CCTV Қытай еліндегі ең құнды тауар маркасы ретінде де қарастырылады. Телеарна 1958 жылдың 1 мамырында сынақ ретінде эфирге шығып, 1 қыркүйекте ресми жұмыс бастаған. Алғашқы аты Пекин телевизиясы. 1978 жылдың 1 шілдесінде аты Орталық телевизия станциясы болып өзгерген. Ағылшын тілінде қысқартылып CCTV болып жазылады. CCTV Қытайдағы ең ықпалды ақпарат тарату құралы және Қытай коммунистік партиясының, саяси үкіметінің қарапайым халыққа сөйлейтін ауызы рөлін атқарып келеді. Идеологиялық билік жүргізудегі басты атқарушылық сипатқа ие.
Қытай телехикая жасау орталығы (1983 жылы 18 қазанда бой көтерген) мемлекеттік дәрежедегі кәсіптіктелехикая жасау органы; Орталық деректі фильм және жаңалықтар түсіру органы (1993 жылдан басталған), деректі фильмдерді түсіру және бағдарламаларды жасауға жауапты арнайы мекеме; Пекин технологиялық кино жасау және оқу-ағарту орталығы (1995 жылдан бастап жұмыс атқарған) ғылым-техникалық фильмдерді түсіру, тарату және мультфильм жасаумен айналысады; Қытай халықаралық телевизия бас серіктігі, бұл компания 1984 жылы Орталық телевизия станциясы қаржыландыру корпорациясы болып құрылып, теле жасалым, көрілім салыстырмасы, жарнама, саяхатты дамыту, базар бақылау, кәсіп ашу сынды салаларда қызмет көрсеткен; Орталық жасанды серік телевизиясы (1995 жылы құрылған) жасанды серік арқылы телебағдарламалардың кедергісіз таралуына кепілдік беру қызметін атқарды; Орталық сандық телевизия арнаулы серіктігі (2003 жылы жолға қойылған) ақылы телеарналардың қалыпты жұмысын қадағалау орталығы болып есептеледі; "Шаттық" қытай музыка тобы (2004 жыл құрылған) ел ішіндегі ең үздік музыкалық, ойын-сауық арнасы.