5 в 050400 «Журналистика» мамандығына арналған



бет8/9
Дата11.01.2017
өлшемі2,14 Mb.
#7402
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Техникалық база

Түсірілім барысы жалпы беттік сандық жүйеге көшіп, таратылым автоматты түрде жүзеге асады. Сурет құрастыру желісінен бір дана, алып жүруге қолайлы формат сәйкестіргіш қатарлы осы заманданған, әлемнің ең озық технобазасымен жабдықталған. Тележурналистиканың сапасын және халықтық көрілім деңгейін көтеру үшін арнаулы жоғары тұнық арна және түсірілім сарайларында 12 ауысымды сахна бар. 29 тарату студиясы, 2 дыбыс жазу студиясы, таратылымды қамтамасыз ететін 2 тікұшақ, мультифиликация жасампаздық жүйесі 1 дана, ENG-ден 493 дана.



Телеарна арналары

CCTV-1: Әмбебап арна

CCTV-2: Экономика арнасы

CCTV-3: Көркемөнер арнасы

CCTV-4: Қытай тіліндегі халықаралық арна

CCTV-5: Спорт арнасы (2008 жылдың 1 қаңтарынан бастап 2008 жылдың 30 қыркүйегіне дейін «Олимпиада арнасы» болып өзгерді)

CCTV-6: Кино арнасы

CCTV-7: Әскери-Ауылшаруашылық арнасы

CCTV-8: Телехикая арнасы

CCTV-9: Ағылшын тіліндегі халықаралық арна

CCTV-10: Ғылым арнасы

CCTV-11: Қытай ұлттық театр арнасы

CCTV-12: Қоғам және заң арнасы

CCTV-新闻:Жаңалықтар арнасы

CCTV-少儿: Балалар арнасы

CCTV-音乐: Музыкалық арна

CCTV-E: Испан тіліндегі халықаралық арна

CCTV-F: Француз тіліндегі халықаралық арна

CCTV- العربية: Араб тіліндегі халықаралық арна

CCTV-Pусский: Орыс тіліндегі халықаралық арна

kazakh.cntv.cn/ CCTV арнасы ресми сайтының қазақша нұсқасы (арабша қаріп)


CCTV журналистері

Журналистер қосыны

Қытай Орталық телевизия станциясы білікті тележурналистерді бір арнаға молынан тоғыстырған телеарна, олар телестанцияның ең қымбат байлығы ретінде бағаланады. Олардың тарихи рекордтық еңбегі мемлекет деңгейінде марапат пен сенімге ие болған. Негізгі басқармада 2355 адам (олардың университет дәрежелісі 54%, ғылым кандидаты 8%, порфессорлар 1,9%-ын құрайды), бас желіден тыс жұмыскерлер 5684 адам (ғылым кандидаты 4%, магистранттар 41%, арнаулы маман иесі 55%), зейнетке шыққан адам саны 582.

Мұның сыртында, Орталық деректі фильм және жаңалықтар түсіру органында 469 адам (демалысқа шығып кеткендер 543 адам), Пекин технологиялық кино жасау және оқу-ағарту орталығында 480 адам (демалысқашыққандар 270 адам), Қытай телесериал жасау орталығында 289 адам (демалысқа шыққандар 123 адам) және Қытай орталық телевизиясы халықаралық бас серіктігінде 4388 адам жұмыс істейді. Орталық жасанды серік тарату орталығында 32 адам, сандық телевизия ЖШС-ында 106 адам, "Шаттық" қытай музыка тобында134 адам жұмыс атқарады.

Қытай орталық телевизия станциясында бүгінгі таңда әр түр бойынша жұмыс істейтін адам саны 14519 адамға жетеді.




Экономикалық қуаты


Орталық телевизия станциясының негізі қаржы қайнары – жарнама. Жақын жылдардан бері барлық жақтан жасампаздыққа ұмтылып, бағдарламалар сапасын көтеріп, тележарнамалық кірісте бүкіл мемлекеттік кірісінің 30%-ын ұстап отырды. Сонымен бірге базар бақылауды күшейтіп “қонақтарды басты назарға алу”, “үлкенді іліп, кішіні де жібермеу” сынды бәсекелестікке қабілетті ұтымды жоспарларды алға қойып және жүзеге асырып отырды. Соның нәтижесінде 2004 жылдың 11 қарашасында жалпы кірісі 502 миллион 480 мың юань тұратын сауда-жарнама келісіміне қол жеткізіп, тарихтағы ең жоғарғы өреге жетті. 1999 жылдан бері өсіп келе жатқан экономикалық даму 2004 жылға келгенде 1 миллиард 120 милл. 500 мың юаньға жетті. Бұл көрсеткіш 2010 жылғы CCTV тауар құнын 113 миллиард 583 миллион юаньға жеткізді.


Жаңалықтар қызметі

Түйін

Қытай тележурналистикасы тек Қытай Орталық Телевизиясымен шектелмейді. Қытай еліндегі әрбір провинциялардың өзінде жергілікті телеарналар бар. Бұл жергілікті телевизия станциялар өз ішінен тағы да әрбір қажеттіліктерге сай түрлі арналарға жіктеліп, керекті сұраныстарға сәйкес ұқсамаған міндеттер жүктеліп, сан тарапта жұмыс жасайды. Мысалы, Шин Жияң өлкесін алып қарайтып болсақ, Үрімжі қаласындағы Шин Жияң телевизия станциясының өзінде 12 арна жұмыс істейді. Мұның екеуі қазақ тілінде (XJTV-3, XJTV-8 арналары), екеуі ұйғыр тілінде (XJTV-2, XJTV-5 арналары) ал қалғаны қытай тілінде таратылады. Өлкедегі сегіз арна өз бағдарламаларын бүкіл мемлекет көлеміне таратса, ал қалғаны тек сол жергілікті орын үшін ғана қызмет атқарады әрі өлкедегі әрбір қалада қалалық телестанциялар бар, бұл станциялар сол қала тұрғындары үшін бағдарлама таратады. Бұл жағдай Қытайдығы 26 провинцияға ортақ. Мемлекет көлемінде көрсетілетін телеарналардың қатарына әдетте алып шаһарлардың телеарналары да кіреді. Мысалы, Пекин телеарнасы, Шанхай телеарнасы сияқты қалалар.

Тәуелсіз қазақ журналистикасының, соның ішінде қазақ тележурналистикасының әлемдік өреге көтеріліп, ұлттық мүддеге қызмет етіп жатыр деп ойлаймыз. Бірақ, әрқашан жасампаздыққа ұмтылу, жас ұрпақты тәрбиелеу, қазақ елінің игі дәстүрлері мен құндылықтарын талмай нәсихаттау – бұл қазақтележурналистерінің алдына қойылған мақсаты болғай деп тілейміз. Бүгінгінің міндеті – болашақтың сыны.



Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет