№52 бастауыш мектептің бастауыш сынып мұғалімі
Сейдуалиева Ляззат Мыктибаевна
Сыныбы: 1 «Б»
Пәні: Ана тілі Сабақтың тақырыбы: Ф. Оңғарсынова «Әже». Сабақтың міндеті : Әженің асыл қасиетін , мейірімін түсіндіру. Сабақтың мақсаты : Білімділік : Өлеңдегі жазушының жалынды , көркем әсерлі сөздері арқы-лы баланың анаға деген махаббат сезімін сезіне білуді ұғындыру. Дамушылық : Өз ойларын дұрыс жеткізе білу дағдыларын қалыптас-тыру , сөздік қорларын молайту , тіл байлықтарын арттыру. Тәрбиелік : Адамгершілікке, мейірімділікке, ізеттілікке, ана сүйіспеншілі- гіне, инабаттылыққа тәрбиелеу.
Сабақтың типі : Жаңа білім беру.
Сабақтың түрі : Аралас сабақ.
Әдіс тәсілдері : Түсіндіру, сұрақ – жауап, топтастыру, венн диаграммасы, сызбалар бар.
Болжамдап отырған нәтиже : Өлеңнің мазмұнын толық ашып түсінген жеке тұлға. Көрнекі құрал – жабдықтар : Үн таспа, бейне көрініс таспа, сөзжұмбақ. Сабақтың жоспары :
1.Ұйымдастыру кезеңі :
Психологиялық дайындық.
2.Үй тапсырмасын тексеру :
а) «Жылу» өлеңін жатқа сұрау.
б) Өз аналары туралы әңгіме жазу.
в)Сұрақ – жауап :
Қорытындылау : СТО – топтастыру «Ана».
3.Жаңа сабақ :
а) Оқулықпен жұмыс . «Сөзжұмбақ» шешу
б) Бейнетаспадан көрініс «Әже».
в) Сызбаны толтыру , дәптермен жұмыс.
Қорытындылау : Венн диаграммасы .
4.Сабақты бекіту:
а) «Менің әжем» шағын эссе жазу.
5.Үй тапсырмасы :
«Әже» өлеңін жаттау, мақал – мәтел жазып келу.
6.Оқушыларды бағалау :
Сабаққа белсене қатысқан оқушыларды жеке – жеке бағалау.
I.Ұйымдастыру кезеңі :
Сабаққа зейіндерін аудару.
- Балалар түзуленіп, аяғымызды еденге тигізіп, екі қолымызды партаға түзу қойып, кеудемізді, басымызды көтеріп отырамыз.
- Сабаққа керекті құрал – жабдықтарды алып, енді назарымызды сабаққа аударамыз.
- Балалар бүгінгі сабағымыз ерекше сабақ болайын деп тұр, себебі бізге бүгін қонақтар келіп отыр.
– Қонақтар сендер сабаққа қалай қатысып, жауап беретіндеріңді көреді. - Балалар топпен бәріміз сәлемдесеміз.
Психологиялық дайындық :
Қазақ тілім - өз тілім, ана тілім ,
Абай,Мұхтар сөйлеген дана тілім.
Қастерлейді ұл – қызың мәңгі сені
Балалығым ,бақытым, қазақ тілім – дей келе ана тілі сабағымызды бастай- мыз.
II.Үй тапсырмасын тексеру.
1.а) «Жылу» өлеңін жаттау.
б)Өз анаң туралы әңгіме жазып келу.
2.Өткен сабақты пысықтау.
-«Жылу» өлеңінен нені түсіндіңдер ?
-Балалар бір сөзбен айтқанда анамыз күннің шуағындай бізге бар жақ –сылықты, мейірімділікті шашып тұрады. Олай болса, күннің шуағы арқы-лы, әркімнің өзінің анасы, қандай екенін СТО – топтастыру әдісімен қоры-тындылаймыз.
Қорытынды :
Қамқоршы үйдің жылуы
Ана
ақылшы мейірімді
жанашыр инабатты
III.Жаңа сабақ: «Әже»
-Балалар үнтаспадан мақал – мәтел тыңдайық.
Күннің шуағы жылы ,
Ананың құшағы жылы.
Күн мен ана ұқсайды. Күнің шуағы табиғатқа жылу береді, ана қашанда баласына мейірімін төгеді.
-Балалар үнтаспадағы мақалдың мағынасын түсіндіріп кетейін. Олай болса, «Ана жылуы» бейне көрінісін көрейік.
-Ал балалар , бейне көріністен не көрдіңдер ?
-Балалар анамыздың бізге керек екенін өздерің көрдіңдер. Айтып жеткі-зіп жатырсыңдар. Олай болса, әкеміздің, анамыздың анасын кім деп атай-мыз?
-Әже
-Дұрыс, әжеден жаралған. Анамыз қандай жақын болса, әжеміз де сондай жақын. Әжеміз бізге ақылын, өзінің өнерін үйретеді.
-Олай болса, «Әже» сөзіне сөзжұмбақ шешіп көрейік.
-Сөзжұмбақты шеш.
1. «Қуатты» сөзін басқаша тағы қалай атайды ?
2.Ананың құшағы қандай ?
3.Көп нүктенің орнына сөз қой: . .. .-асқар тау.
Ә
Ж
Е
Сөзжұмбақтың ішіндегі сөздерге қысқаша тоқталып кету.
- Қанша түрлі тағам болса да, ананың сүтіне жетпейді.
«Нәрлі» сөзінің мағынасы – қуатты, күшті.
- «Жылы» сөзінің мағынасы –күннің жылуы,ананың алақанының жылуы.
- «Әке» - асқар тау. Әке сендердің асыраушыларың , қамқоршыларың , үйдің тірегі.
-Балалар сөзжұмбақта шешілген әжеге арнап Ф.Оңғарсынова «Әже»туралы өлең жазған. Олай болса , өткен сабақта өткен Ф. Оңғарсынованың өмір -баяны мен шығармашылығын айтып беріңдер.
1.Ф.Оңғарсынова кім ?
2.Қай жылы, қай жерде туылған?
3.Қандай шығармаларын өттік?
-Олай болса, Ф.Оңғарсынованың өлеңін мәнерлеп оқып беремін.
«Әже».
Түсіндіру мағынасын ашу.
-Кез – келген әже немересін жақсы көреді. Әжесі немересіне тәтті дәмдерін береді. Тыныш ұйықтауын, ауырмауын тілейді. Әже қамқоршы, әже асыл, әже ертегісін , әндерін айтады, бар шуағын шашады.
Сергіту сәті :
Бәріміз тұрайық,
Күннен жылу алайық.
Алтын күн , жарқын күн,
Шуағыңды төге бер.
Арайыңнан нәр алған,
Біз бақытты балдырған.
Оқулықпен жұмыс : (Жеке-жеке оқыту ).
1.Әже туралы бейне таспадан көрініс көрейік.
2.Әже алыстағы немересін сағынып хат жазып отыр.
3.Әжесі немересін мектепке жіберді.
4.Әжесі немересіне бауырсақ, шәйін дайындап күтіп отыр.
5.8-ші наурызға немересі әжесіне гүл сыйлаған.
6.Әжеміз ұлттық салт – дәстүрдің ізін жалғастырушы мейірімді жан.
- Балалар, көрген көріністерің өлең мазмұнына сәйкес келіп тұр.Әжесі не-мересін мектептен тосып алып , тәтті дәмдерін дайындап , күтіп отыр .
Немересін қасына алып , бесік тербетіп ертегісін , әндерін айтады. Баланы бесікте жатқаннан бастап, дұрыс тәлім – тәрбие беретін біздің әжелеріміз.
-Көрініс, өлең бойынша не түсіндіңдер ?
-Осы өлеңде ақын қолданған сөзге назар аударып, сызбаны толтырайық.
- Ренжіп ашуланып деген сөзді ақын өлеңде қолданған көркем сөз қалай айтылып тұр ?
-Мақтап , шаттанып деген сөзді ақын өлеңде қолданған көркем сөз қалай айтылып тұр ?
-Балалар , аналарымызды, әжелерімізді ашуландырып ренжітпеңдер. Олар сендердің жанашырларың. Сендердің қателіктеріңді кешіріп, жақсылықта-рыңды асыратын, ақылшы, қамқоршыларың.
Дәптермен жұмыс : «Әже»
Мен ұйықтарда айтады,
Ертегісін әндерін.
--------------------------------
--------------------------------
Қорытындылау : Венн диаграммасы .
Әже Ана
Кария
Әкенің анасы
Ұлттық дәстүрді
жеткізуші
Жас
Баланың анасы
Ұрпақ жалғастырушы
IY.Сабақты бекіту : «Менің әжем» шағын эссе.
Әже көңілдің ажары
Немере өмірдің базары – деп сабағымызды аяқтаймыз.
Y.Үйге тапсырма : «Әже» өлеңін жаттау, мақал - мәтел жазып келу.
YI.Бағалау: Белсене қатысқан оқушыларды жеке -жеке бағалау.
Достарыңызбен бөлісу: |