59 жастағы ер адам клиникаға эпигастрий аймағында ауру сезіміне шағымданып келді, ауру сезімі арқасын беріледі, кейде бел аймағында белдемелі ауруымен байқалады. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді



бет17/32
Дата26.05.2024
өлшемі185,63 Kb.
#202914
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32
Байланысты:
МдХирВб Окончательно Сириус

34 жастағы әйелде тұмауға қарсы вакцинациядан кейін терінің аздап сарғаюы, шаршағыштық, сол жақ қабырға доғасы астында ауырлық мазалады. НВ 64 г/л, эритроциттер - 2,9х10 12/л, ТК – 0,9, ретикулоциттер– 40%, лейкоциттер 7,8 х 109 /л, тромбоциттер 360х109л, ЭТЖ – 17 мм/сағ. Қанның биохимиялық талдауында: жалпы билирубин 88 мкмоль/л, тікелей 10 мкмоль/л. Кумбс сынамасы – оң.
Сіздің диагнозыңыз қандай?
* гемолитикалық анемия. +
* постгеморрагиялық анемия
* темір тапшылығы анемиясы
* көкбауыр инфарктісі
* сидероахрестті анемия

134
Жасөспірім 16 жаста, шағымдары: әлсіздік, бас айналу, ентігу, жүректің жиі қағуы, жүрек аймағындағы ауырсыну, бел тұсындағы ауырсыну, зәр түсі күңгірттенуі. Объективті тексеру кезінде терінің сарғаюы байқалады, көкбауыр сол жақ қабырға доғасынан 4 см-ге шығыңқы. Қанда эрититроциттер 3,2х1012/л, НВ 92 г/л, ТК 0,9, лейкоциттер 8,4х10 9/л, тромбоциттер –205х10 9/л, ретикулоциттер 8, ЭТЖ 29 мм/сағ. Билирубин - 60,8 мкмоль/л.


Гемолитикалық анемияның себебі неде?
* талассемия
* орақ жасушалы анемия
* пароксизмальды түнгі гемоглобинурия +
* тұқым қуалайтын микросфероцитоз
* аутоиммунды гемолитикалық анемия

135
34 жастағы әйел 5 жыл бойы "аутоиммунды гемолитикалық анемия" диагнозымен диспансерлік есепте тұрады. Жылына 2-3 рет аурудың өршуіне байланысты ем алады, жағдайы жақсарады. Орта мектепте мұғалім болып жұмыс істейді. Анамнезінде: жиі суық тию, АГ I дәреже


Бұл жағдайда МӘС бағытына қандай көрсеткіштер болуы мүмкін?
* артериялық гипертония
* жиі суық тию
* науқастың жасы
* мектепте мұғалім болып жұмыс істеу
* жиі кризі бар ауыр гемолитикалық анемия +


136
25 жастағы ер адам дәрігерге терінің сарғаюы, әлсіздік, сол жақ қабырға доғасы астында ауырлық туралы шағымдармен жүгінді. Анамнезінде: үш апта бұрын ауруханада пневмония бойынша емделді, жоғары дозаларда цефалоспориндер мен фторхинолондарды, флуканозолды, парацетамолды, ибупрофенді қабылдады. Науқаста спленомегалия. ЖҚА: Нв - 64 г/л, эритроциттер - 2,0х10/12л, ТК - 0,9, ретикулоциттер - 40, тромбоциттер - 215х10/9л, лейкоциттер - 15,0х10/9л, ЭТЖ-15 мм/сағ. Жалпы билирубин 60 мкмоль/л, тікелей емес - 50 мкмоль/л, сарысулық темір - 20 мкмоль/л. Кумбс сынамасы оң.
Емдеудің қай тактикасы ең қолайлы?
* кортикостероидтарды қолданыңыз +
* спленэктомия қажет
* цитостатиктерді тағайындау
* темір препараттарын тағайындау
* антибиотиктерді тағайындау


137
35 жастағы әйел қолдың кішкентай буындарының, білек пен оң тізе буынының ауырсынуымен және ісінуімен жүгінді. Шамамен 3 жыл ауырады. Таңертеңгі бойкүйезділік, қолдың ульнарлы девиациясы, ауырсынудың созылмалы қабынулық сипаты анықталды. Теріде бөртпелер жоқ. Ваалер-Роуз реакциясы 1: 64, Райт пен Хеддльсон реакциясы теріс.
Қандай диагноз ықтимал?
* Ревматикалық артрит
* Ревматоидты артрит +
* Псориатикалық артрит
* Подагра
* Бруцеллез

138
34 жастағы әйелде , білек, шынтақ, метакарпалды-фалангалық және метатарсалды-фалангалы буындары ауырып, содан кейін ісіп кетті. Таңертеңгі бойкүйезділік күндіз 12 – ге дейін, кешке-субфебрильді температура. 3 айдан бері, ЖРВИ-мен ауырғаннан бастап өзін ауру деп санайды. Ауырсынудың салдарынан кетонал қабылдаған, енді кетонал инъекциясына көшкен. Дәрі әсері ішінара байқалады. Объективті: ісіну, зардап шеккен буындардың жергілікті температурасы, қолдың қысу симптомы оң , активті және пассивті қозғалыстардың шектелуі. ЖҚА: Эр – 3,2 х1012/л, Нв - 105 г/л, Л – 11,9 х10 9/л, Лф - 12%, ЭТЖ 55 мм/сағ. РФ – 52 ХБ\мл, АЦЦП-оң.




Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет