59 жастағы ер адам клиникаға эпигастрий аймағында ауру сезіміне шағымданып келді, ауру сезімі арқасын беріледі, кейде бел аймағында белдемелі ауруымен байқалады. Анамнезден: он екі елі ішектің ойық жарасынан шамамен 10 жыл зардап шегеді


52 жастағы ер адам, 10 жылдан бері 2-типті қант диабетімен ауырады, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуінде гепатомегалия белгілері анықталды



бет19/32
Дата26.05.2024
өлшемі185,63 Kb.
#202914
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32
Байланысты:
МдХирВб Окончательно Сириус

151
52 жастағы ер адам, 10 жылдан бері 2-типті қант диабетімен ауырады, іш қуысының ультрадыбыстық зерттеуінде гепатомегалия белгілері анықталды.
Қант диабетімен ауыратын науқастарда гепатомегалияның ең ықтимал себебі ?
* майлы гепатоз +
* гепатит
* цирроз
* жүрек жеткіліксіздігі
* Гилберт синдромы

152
27 жастағы әйел шөлдеу, терісінің құрғауына, көру қабілетінің нашарлауы, жиі зәр шығару туралы шағымдармен жүгінді. Объективті: жоғары тамақтану (ДСИ – 36 кг/м2), қан қысымы 140/100 мм.с.б. ЖҚА зертханалық деректерінде : ерекшеліктері жоқ , аш қарынға қандағы глюкоза – 12,5 ммоль/л, гликозилденген гемоглобин-10,5%


Қандай қантты төмендететін препараттардың комбинациясын қолдану қолайсыз?
* глимепирид және метформин
* глибенкламид және инкретиндер
* гликлазид және глибенкламид +
* гликлазид және инсулин
* метформин және инсулин

153
30 жастағы әйел 1,5 жыл бойы тез мұздауға, ұйқышылдыққа, іш қатуға шағымданады. Объективті зерттеу кезінде қалқанша безінің ұлғаюы анықталды. Болжама диагноз «Біріншілік гипотиреоз»


Бұл диагнозды растау үшін ең ақпаратты зерттеу әдісі:
* Қалқанша безінің сцинтиграфиясын жүргізу
* ТТГ деңгейін анықтау +
* Қандағы Са 2 деңгейін анықтау
* T3 деңгейін анықтау
* T4 деңгейін анықтау

154
Учаскелік дәрігерге 40 жастағы әйел жүрек қағуына, ентігу, әлсіздік, тітіркену, терлеу, салмақ жоғалту туралы шағымдармен жүгінді. Өзін жарты жылдан бері ауру санайды. Ауруының дамуын жарты жыл бұрын болған, ауыр күйзеліспен байланыстырады. Объективті: мылжың, көздері жарқырайды, саусақтары дірілдейді, гипергидроз. Өкпеде везикулярлы тыныс алу. Жүрек тондары қатты, жүрек соғу жиілігі-115 рет 1 мин, қан қысымы 150/100 мм. с. б. Үлкен дәреті іш өтуге бейім.


Қандай диагноз болуы мүмкін?
* Нейроциркуляторлық дистония
* Гипертиреоз +
* Гипотиреоз
* Феохромоцитома
* Бастапқы альдостеронизм

155
27 жастағы әйел салмағының артуына, әлсіздікке, бетінің ісінуіне, терісінің құрғауына, іш қатуға, аменореяға, есте сақтау қабілетінің нашарлауына шағымданды. Терісі құрғақ, суық. Қалқанша безі пальпацияланбайды. АҚ - 90/60 мм.с.б. , пульс-52 рет 1 мин. Т3, Т4 төмендеген, ТТГ-жоғарылаған.


Қандай емдеуді тағайындау керек?
* Тиреостатикалық препараттар
* Тиреоидты препараттар +
* Диуретиктер
* Йод препараттары
* Стероид емес қабынуға қарсы препараттар

156
Әйел адам, 50 жаста, шағымдары: әлсіздік, ұйқышылдық, мұздау, бетінің және аяқ-қолының ісінуі , іш қату, салмақ қосу. 15 жыл бұрын субтоталды струмэктомия жасалған. Тексеру кезінде науқас тежелген, апатия, бет пен аяқтың ісінуі. Терісі құрғақ, суық, қабыршақты, тығыз ісінулер бар. Жүрек тондары тұйықталған, брадикардия, ЖЖЖ 50 рет 1 мин. Қан холестерині 8,8 млмоль/литр. "Орташа ауырлықтағы операциядан кейінгі гипотиреоз" диагнозы қойылды.


Бұл жағдайда қандай препарат ең көп көрсетілген?
* L-тироксин +
* преднизолон
* мерказолил
* йод препараттары
* йодомарин

157
Әйел 34 жаста. Жүктіліктің 19-20 аптасында. Науқаста артық салмақ, қалқанша безі ұлғаю дәрежесі- I, пальпацияда тығыз. Беті ісіңкі. Тері құрғақ. Тіл ісінген. Пульс-64 рет 1 минутта . Іш қату бар. Орташа экзофтальм, склераның қанталауы, Грефе симптомы оң. Қандағы ТТГдеңгейі қалыпты шегінде, жалпы Т4 және ТГ антиденелері-жоғары. Қалқанша безінің ультрадыбыстық зерттеуінде: Эхотығыздығы біркелкі емес.


Ең ықтимал диагноз қандай?
* Диффузды уытты зоб 1 дәреже.
*Аутоиммунды тиреоидит, гипертрофиялық түрі. Эндокриндік офтальмопатия.
* Бастапқы гипотиреоз. Эндокриндік офтальмопатия.
* Аутоиммунды тиреоидит, гипертрофиялық түрі, зоб 1 дәреже, клиникалық гипотиреоз. +
* Диффузды уытты зоб дәреже. ісінген экзофтальм.

158



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   15   16   17   18   19   20   21   22   ...   32




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет