5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет35/75
Дата25.08.2017
өлшемі11,95 Mb.
#27482
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75

Бағалау әдісі: кредиттік оқыту технологиясы бойынша (баллдық жүйе)

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: Интерактивті тақта, компьютерлік сыныптар, кітапхана қоры, электронды оқулықтар
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Экология және қалыпты дамыту

Пәннің коды: Eko 1106

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклі, міндетті компонент

Оқу жылы: 1- ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1

Кредит саны: 2 KZ кредиті

Дәріс беруші: Ибадуллаева С.Ж. – биология ғылымының кандидаты, профессор

Курстың мақсаты: Қазіргі таңда ақиқат болып отырған мәселе- егерде қоғам мүшелерінің интеллектуальдық деңгейі экология саласында жоғары болса, сонда ғана қоршаған ортаны қорғау мәселелерін шешу оңай. Сондықтан мақсат студенттерге:

  • қоршаған дүние туралы теориялық білім беру;

  • организмдердің жіктелу динамикасы мен таралу ерекшеліктерін анықтаудың негізгі заңдылықтарын;

  • бірлестіктердің құрылысы, өсу динамикасы;

  • бүкіл экосистема мен биосфераның бір-біріне әсер ету механизмін анықтау;

  • қоршаған ортаға антропогендік әсерді анықтау;

  • олардың негативтік әсерлерін азайту мүмкіндіктерін белгілеу;

  • қоршаған ортаның ластану жолдары мен тазарту әдістерін таныстыру;

  • ҚР-да қоршаған ортаны қорғаудың құқықтық аспектілері, экологиялық заң шығару жүйелері, көздері, жіктелуі;

  • Экологиялық білі мен тәрбие берудің мақсаттары мен міндеттерін, оның ғылыми-теориялық негіздерін жете түсіну міндеттерін жүктейді.

Деректемелері/Пререквизиттері: «Экология және тұрақты даму» пәнін оқыту студенттердің мектеп қабырғасында өсімдік танудан, жануартанудан, географиядан, жалпы биологиядан алған білімдеріне сүйеніп жүзеге асады.

Экология- өзінің зерттеу объектісі бар және жаратылыстану ғылымдарының басқа салаларымен тығыз байланысты. Бұл бағдарлама экологиялық білім беру жүйесін жетілдіру мен кеңейту, жаңа білім беру үлгісімен, сапалы мамандар дайындауға көшуді тұжырымдайды.



Курстың/пәннің мазмұны «Экология» пәні, оның мақсаты мен міндеттер, зерттеу әдістері. Экологияның қысқаша даму тарихы. Организм және орта. Дарақ экологиясы- аутэкология. Экологиялық факторлар және олардың жүйесі. Популяциялар экологиясы-демэкология. Бірлестік экологиясы – синэкология. Биоценоз, биогеоценоз, экожүйе туралы түсінік. В.И.Вернадскийдің биосфера-ноосфералық концепциясы. Табиғи қорлар және табиғатты тиімді пайдалану. Су ресурстары дәне оларды қорғау. Атмосфералық ауа және оны қорғау .Жер ресурстары қорғау. Қазіргі кездегі әлемдік экологиялық мәселелер. Қазіргі кезеңнің әлеуметтік-экологиялық мәселелері. Қоршаған орта және адам қоғамының тұрақты дамуы. Әлеуметтік-экологиялық дағдарыс және тұрақты даму.

Қызыл кітап. Халықаралық ұйымдардың құжаттары.Кадастр,түрдері, сипаттамасы



Ұсынылатын әдебиет:

  1. ФедровВ.Д., Гильманов Т.Г. «Экология» М.: МГУ, 1980.

  2. Одум Ю. «Экология» М.:Мир, 1986,1-2т.

  3. Тарасова А.О. «Экология и охр.природы» М.:Просв-е, 1991.

  4. Масевнин С.Г., Вакулин А.А. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1991.

  5. Мехеев А.В., Поликент В.К. «Охр.природы» М.:Просв-е, 1983.

  6. Реймерс Н.Ф. «Экология» М.: Просв-е, 1983.

  7. Инозелцев А.А., Тихомеров В.И. «Охраны природы»

  8. Фурсов В.И. «Экологичесмкие проблемы окруж.среды». А-Ата.:Кайнар,1991.

  9. Чернова Н.М., Былова А.М. Экология. М.:Просв-е, 1991.

  10. Банников А. и др. Основы экологии и охр. окруж.среды. М.:Колос, 1996.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Әлеуметтану

Пәннің коды: Ale1104

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі:

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Сахиев С., саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге болашақ мамандар ретінде айналасындағы әлеуметтік әлемді ғылыми тұрғыда тануға жол ашатын әлеуметтанулық ғылымның әдістемелері мен әдістерін, қажетті әлеуметтанулық білім көлемін алуды меңзейді. Әлеуметтану, әлеуметтік өзара әрекеттестікпен даму заңдылықтарының қызмет ету ерекшеліктері, әлеуметтік институттардың қызмет етуі мен дамуы, әлеуметтік құрылымы мен әлеуметтік қатынас ерекшеліктері жайлы, адамның әлеуметтік нақтылық пен өзара байланысқа түсуі және әлемдік қауымдастықтың даму тенденциялары туралы түсінік беру.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Әлеуметтану - әлеуметтік дүние, тұлғаның әлеуметтік өзара қатынастарын қарастырып, адамдар өз өмірін қамтамасыз етіп қоғамдық қатынастарды реттеу үшін, ұрпақ қалдырып қоғамның біртұтастығын сақтап қалу мақсатында құрған күрделі әлеуметтік жүйелер, әлеуметтік институттар туралы ғылым. Әлеуметтану тарихының негізгі бағыттары. Қоғам әлеуметтік жүйе ретінде. Арнайы әлеуметтанулық теориялар және әлеуметтанулық зерттеу жүргізудің әдістері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Икенов А.И., Жүсіпова А.Д. Әлеуметтану негіздері - Алматы, Экономика,2004ж

2. Әбсаттаров Р., Дәкенов М. Әлеуметтану - Алматы, Ғылым, 2003ж

3.Әженов М., М.Садырова Қоғамның әлеуметтік құрылым - Алматы, Қазақ университеті, 2002ж

4.Әлемдік Әлеуметтану антологиясы - Алматы, Қазақстан, 2006ж

5. Қазақ даласының ойшылдары (ІХ-ХІІғғ.) - Алматы: Ғылым,1995ж

6. Абай Қара сөздері - Алматы, 1993ж

7. Тажин М., Аяған.Б. Социология негіздері - Алматы,1992ж

8. Сорокин. П. Человек. Цивилизация. Общество. - Москав,1992ж

9. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

10. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).

Жеке пәндерді сипаттау

Пәннің атауы: Саясаттану

Пәннің коды: Saya1110

Пәннің типі: Жалпы білім беру циклы, міндетті компонент

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі:

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Сахиев С., саясат ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Курстың мақсаты: Студенттерге саяси өмір саласындағы күрделі құбылыстар мен тенденцияларға өз бетінше талдау жасау дағдысын ұялату, саясат туралы қажетті білім беру, студенттердің санасында ұғымдық ақпаратты қалыптастыруға ықпал ету. Саяси дүниетанымы мен саяси мәдениетін қалыптастыруға бағытталған, олардың Қазақстан Республикасы алдында тұрған міндеттерді шешуге белсенді қатысуына септігін тигізеді. Қазақстандағы және одан тыс жерлерде жүріп жатқан саяси процестерді ұғынуға және еркін бағдарлай алу ептілігіне тәрбиелеу.

Деректемелер/Пререквизиттері: - Қазақстан тарихы, Мәдениеттану.

Курстың/пәннің мазмұны: Саясат, саясаттың өмір сүру заңдары, оның тарихи дамуы. Сонымен қатар, билік, мемлекет, мемлекетаралық қатынас мәселелері. Қазақстан Республикасы Президентінің жыл сайынғы халыққа жолдауы аясындағы және үдемелі жаңару кезеңіндегі егеменді мемлекет саясаты. Қазақстанның саяси жүйе, саяси партиялар, қозғалыстар, ұйымдар. Саяси мәдениет пен саяси идеология. Әлемдік саясат және қазіргі халықаралық қатынастар. Жаңа геосаяси конфигурациядағы Қазақстанның ұлттық мемлекеттік мүдделері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Саясаттану негіздері. Қуандық Е. С. Оқу құралы. - Алматы «Дәуір», 2005.

2. Саясаттану. Жамбылов Д. 2-басылым. Алматы - Жеті жарғы, 2005.

3. Саясаттануға кіріспе. Мұстафин Т.Т. – Алматы, 1994.

4. Политология. Учебник для вузов. Нысанбаев А. – Алматы: Ақыл кітабы, 1998.

5. Мұсатаев С.Ш. Қазақстандық азаматтық қоғам: қазіргі жағдайы мен келешегі.. – Алматы, 2007.

6. Казахстанская политическая энциклопедия. – Алматы, Қазақстан даму институты, 1998.

7. ҚР Конституциясы. - Алматы, 1995 ж.

8. ҚР Президенті Н.Ә.Назарбаевтың Қазақстан халқына Жолдауы «Болашақтың іргесін бірге қалаймыз». 28 қаңтар, 2011жыл. Егемен Қазақстан.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістерілекциялық және практикалық сабақтар; интерактивті әдістер – шағын топтарда жұмыс, пікір-талас, презентация, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан - тест, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, интернет-кластары, электронды білім ресурстары (Республикалық ЖЖЖ аралық электронды кітапхана).
Пән аты: Философия

Пәннің коды: Fil2111

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 1-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 3

Оқытушының аты-жөні: Апенов Б.М., философия ғылымдарының кандидаты, аға оқытушы

Пәннің мақсаты: Студенттерде философияық білім негіздері, дүние кұрылымы, дүниедегі адамның ролі мен орны туралы түсініктер қалыптастыру. Болмыс, ойлау, таным, адам мен дүниенің мәні мәселерін талдау. Адамның өзін-өзі тануында, ақпараттандыру мен жаћанданумен байланысты әлеуметтік және этикалық мәселелерді талдаудағы философиялық білімнің ролін түсіну. Қазіргі қоғамдағы тұлғаның еркіндігі мен жауапкершілігінің мәнін ашу, тарихи оқиғаларды сыни көзқарас тұрғысынан талдау қабілетін жетілдіру.

Пререквизит: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мәдениеттану, Адам және қоғам.

Курстың мазмұны: Әлемдік және Отандық философия тарихы, әр алуан философиялық ілімдер. Философия мәдениет феномені ретінде, оның мәдени тарихы контексі. Болмыс философиясы, болмыс және бейболмыс мәселесі. Материя өмір сүру тәсілдері мен формалары. Сана және таным философиясы, таным методологиясы. Диалектиканың тарихи типтері және оның категориялары. Ғылым философиясы. Философиялық антропология, адам өмірінің бірегейлігі. Қоғам феномені, оның әлеуметтік құрылымы мен динамикасы. Жаћандық мәселелер философиясы.

Негізгі әдебиеттер:


  1. Ғабитов Т. Философия. – А., 2005

  2. Кішібеков Д. Философия. – А., 2005

  3. Алтаев Ж., Қасабек А., Мұқамбетқалиев Қ. Философия тарихы. – А., 2000.

4. Философиялық сөздік. – А., 1996.

5. Әбішев К. Философия. – А., 2001.



Қосымша әдебиеттер:

1. Нысанбаев Ә., Әбжанов Т. Философия тарихы. – А., 1999.

2. Мәдени-философиялық энциклопедиялық сөздік. – А., 2004.

3. Философия. Қ.Тұрғынбаев. Алматы 2001.

4. Кішібеков Д., Сыдықов К. Философия. – А., 2005.

5.Алтаев Ж., Ғабитов Т. Философия және мәдениеттану. – А., 1998.

6. Бұқаралық ақпарат құралдары, мерзімді басылымдар, интернет деректері

Интернет-ресурсы


1

http://www.philos.msu.ru/libfile

Философиялық қайнар көздері

2

http://www.yanko.lib.ru/gum.html

Философиялық түп негіздері

3

http://filosof.historic.ru/ -

Философиялық әдебиеттер

4

http://referats.allbest.ru

Реферат тақырыптары


Оқу әдістемелік бағыттары: компаративистік, анализ, сұрақ-жауап, суреттеу т.б.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Пәннің тілі: казақ, орыс тілі

Мамандық бойынша оқытудың негізгі шарттары: материалдық база, кітап қоры, оқу кабинеттері, электронды оқу залдары т.б.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Құқық негіздері

Пәннің коды: ОP 2109

Пәннің типі: Жалпы білім беру, міндетті пән

Оқу жылы: 2-оқу жылы

Оқу семестрі: 3

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Жусупбекова М.Қ., заң ғылымдарының кандидаты, доцент; Мырзағұлова Б.Н., аға оқытушы;

Курстың мақсаты: Заң мамандығын алмайтын студенттерге мемлекет пен құқық теориясының, мораль ұғымының басты түсінігін студенттердің білуі; ұлттық құқықтың жетекші салаларының шеңберінде қажетті білім беру; Қазақстан Республикасының құқықтық жүйесінің дамуының алғышартымен және мәселелерімен таныстыру;

Қазақстандық мемлекеттік- құқықтық механизмнің жетілдірілуінің саяси- құқықтық жолдарын анықтау; Студенттердің ҚР конституциялық құрылымын, мемлекеттік билік жүйесін және олардың басқа қоғамдық- саяси институттармен өзара қатынасын білуі; Студенттердің адам және азаматтық құқықтық жағдайын негіздерін білуі;



Студенттердің егеменді Қазақстанның құқық салаларын білуі (азаматтық, отбасы, еңбек, әкімшілік, қаржы, қылмыстық т.б.)

Деректемелер/Пререквизиттері: Қазақстан тарихы, Саясаттану, Мемлекет және құқық тарихы, Экономикалық теория

Курстың/пәннің мазмұны: «Құқық негіздері» курсы әлеуметтік-гуманитарлық цикл пәндерінің бірі ретінде жоғары білімді мамандар даярлауда үлкен маңызға ие. Қазіргі уақытты алғышарттардың бірі болып құқықтық тәрбие, заңдық білімдерді нақтылау сияқты мәселелер қарастырылуда. Осыған байланысты аталмыш курс бағдарламасында демократиялық, құқықтық мемлекет құру, адам мен азаматтың құқығы мен бостандығының негізгі қағидалары, заң және оның түрлері сияқты ұғымдар тереңірек қарастырылады. Мемлекет пен құқық негізі ұғымдары мен түсініктері. Құқықтық қатынастар. Заңды мінезқұлық және құ-қық бұзушылық. Заңды жауапкершілік. Қазақстан Республикасы конституциялық құқығының негіздері. Қазақстан Республикасының әкімшілік құқық негіздері. Қазақстан Республикасы азаматтық құқық негіздері. Қазақстан Республикасының отбасы құқығы негіздері. Қазақстан Республикасы құқық қорғау органдарының қызметі мен ұйымдастырылуы негіздері. Қазақстан Республикасының қаржы құқығы негіздері. Қазақстан Республика-сының қылмыстық іс жүргізу және азаматтық іс жүргізу құқықтарының негіздері. Халықаралық құқық негіздері т.б.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Қазақтың ата заңы 1,2,3,4,5,6,7,8,9

  2. Сапарғалиев Ғ.С. Мемлекет және құқық негіздері Алматы, 1999ж.

  3. Өзбекұлы С., Қопабаев Ө. «Мемлекет және құқық теориясы». Алматы, Жеті жарғы, 2006ж.

  4. Ағыбаев А.Н. Қылмыстық құқық. Оқулық. Ерекше бөлім, Алматы, 2000 ж.

  5. Байжанов Н. Неке және отбасы. Алматы, 1997ж.

  6. Сапарғалиев Ғ.С. Қазақстан Республикасының Конституциялық құқығы. Оқулық. Алматы, 1997ж,

  7. Төлеуғалиев Г.И. Азаматтық құқық. Жалпы бөлім. А., 2001ж.

  8. Баққұлов Е. Мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2001ж.

  9. Дулатбеков, Амандықова, Турлаев. Қазіргі Қазақстанның мемлекет және құқық негіздері. Алматы, 2004ж.

  10. Оспанов Қ.И. Құқық негіздері. Алматы, «Жеті Жарғы» 2006 ж.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Мамандық 1

Пәннің коды: Mam 1201

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Оқу жылы: 1 –2 ші оқу жылы

Оқу семестрі: 1,2

Кредит саны: 4 KZ кредиті

Дәріс беруші - Бимбетова Ш, академиялық доцент; Ахметов Р., академиялық доцент Курстың мақсаты: Ұлтымздың атадан балаға мирас, төл өнеріміз жыраулық өнердің ғылыми негіздерге ала отырып, дәстүр жалғастығын тауып, оны насихаттап келешекке аманаттау.

Деректемелері/Пререквизиттері: Ауыз әдебиеті, Қазақ фольклорының тарихы, Жыраулық дәстүрді зерттеу әдістемесі.

Курстың/пәннің мазмұны: Мамандық пәні біздің ұстанып отырған оқу бағдарламасына сай студенттерге қазақ халқының төл өнері дәстүрлі жыраулық өнерінің мұрасын ғылыми деңгейдегі жоғары оқу орындарында, насихаттап жинау және жалғастыру.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Кәнекей тілім сөйлеші 1,2 томдар А.,1994.

  2. Мырзастағы жыр мектебі А.,1992.

  3. Қарасақал Ерімбет. А.,1994

  4. Ізтілеуов Т. Назым А.,1986

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Орындаушылық өнер тарихы

Пәннің коды: ООТ 1203

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 2-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші - Шағдатов А., аға оқытушы

Курстың мақсаты: Түрлі ұрпақ буындарының аса көрнекті музыкант-орындаушыларының стилдік және

Орындаушылық қағидаларын игеру, домбыра мен қобыз репертуарының дамуының негізгі кезеңдерін оқып үйрену.



Деректемелері/Пререквизиттері: Методика, Қазақстан тарихы, мамандық.

Курстың/пәннің мазмұны: Қазақтың халық аспаптарында жеке және ансамбльдік орындаушылықты дамытудың тарихын жете меңгерген жоғары білікті мамандарды даярлау болып табылады.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Жұбанов А. Құрманғазы. Алматы.

  2. Тоқжан Т. Срлы Сарын. А., 2002.

  3. Тоқтағанов А. Күй керуені.

  4. Жұбанов А. Ғасырлар пернесі.

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ, орыс тілі

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: кітапхана қоры, электрондық оқулықтар, электронды білім ресурстары, (РЭМБ – республикалық ЖОО аралық электрондық кітапхана), электронды кітапханалар ресурсы.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Сольфеджио

Пәннің коды: Sol 1205

Пәннің типі: Базалық, таңдау пән

Оқу жылы: 1-ші оқу жылы

Оқу семестрі: 2

Кредит саны: 3 KZ кредиті

Дәріс беруші - Тоқжан Т., академиялық доцент

Курстың мақсаты: Сольфеджио курсының негізгі мақсаты студенттердің есту қабілетін дамыту. Сонымен қатар педагогикалық тәсілдерді үйрену арқылы жалпы білім беретін мектептерде, педагогикалық училищелерде сольфеджиодан сабақ беруге қажетті тәжірибе жинақтау көзделеді.

Деректемелері/Пререквизиттері: Курсты меңгеруде студенттерде жақсы музыкалық қабілеттің болуы (есту, есте сақтау т.б)

Курстың/пәннің мазмұны: Сольфеджио пәні музыкалық педагогика факультетіндегі музыкалық, теориялық пәндер циклы ішінде аса маңызды орын алады. Сольфеджионы оқытудың мақсаты-студенттердің дыбыстарды есту, дыбыстардың жоғары-төмендігін, метрикалық, құрылыстық естілу дәрежесін, музыканы жадына тоқу қабілетін дамыту. Мұның бәрі- музыканы кәсіптік түрде қабылдауға керекті шарттар.

Ұсынылатын әдебиет:

  1. Калмыков, Фридкин. Сольфеджио 1 гол.

  2. Фридкин Г. Чтение с листа на уроках сольфеджио

  3. Ладухин Н. Сольфеджио

  4. Жусубалиев Б. Сольфеджио

  5. Музыкальные диктанты

6. Бекхожина Т: Қазақтың 200 әні.

7. Біржан: Әндер жинағы.



  1. Ақан Сері: Әндер жинағы.

  2. Жаяу Мұса: Әндер жинағы.

  3. Способин И. Сольфеджио 2-3х голосие

  4. Биркенгоф А. Интонируемые упражнения на занятиях сольфеджио

Сабақ беру әдістері: Оқытудың дәстүрлі әдістері-лекциялық және практикалық сабақтар; интрактивті әдістер - шағын топтарда жұмыс, презентация, пікір-талас, кластер құрастыру; интерактивті тақтаны пайдалану. Лекциялық курс құқық негіздерінің машықтарын игеру үшін іскерлік ойындар, ситуациялық семинарлар, практикалық тапсырмалар түрінде өтетін семинар сабақтардың негізі болып табылады.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Каталог: docs -> wepsait -> oku
docs -> Анықтама басылымдар 070(574) Қ 17 Қазақ телевизиясы
docs -> Мадиева жансая қойшыбайқызы абай Құнанбаев, Мұхтар Әуезовтің шығармаларындағы педагогикалық идеяларының сабақтастығы
docs -> Сабақ Мұхтар Әуезов «Біржан сал Абай ауылында»
docs -> Мұражай-қорық коллекцияларына жаңадан алынған бұйымдар (ақын Төлеу Көбдіковтің 140 жылдығына орай) «Әдебиетті дарынды тұлғалар жасайды. Ал тұлғаны жарататын халық»
oku -> Жаратылыстану және аграрлық технологиялар институты 5В011200-«Химия» Оқу бағдарламасының жалпы сипаттамасы Берілетін дәреже
wepsait -> 5В070800 – «Мұнай газ ісі» мамандығы бойынша оқу бағдарламасының
oku -> «Ақпараттық жүйелер» мамандығы бойынша


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   31   32   33   34   35   36   37   38   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет