5В010200- «Бастауыш оқытудың педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша



бет47/75
Дата25.08.2017
өлшемі11,95 Mb.
#27482
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75

Курстың пререквизиттері: Пән бойынша берілетін практикалық материалды толық және кәсіби деңгейде меңгеру үшін студент мектептің қазақ тілі курсын жеткілікті жоғары деңгейде меңгерген болуы тиіс. Сол сияқты студенттің сөздіктермен жұмыс істеу дағдысы және орыс, ағылшын тәлдерінен сауатты болуы да қажет.

Курстың/пәннің мазмұны:

а) "Математика" мамандығы бойынша студенттерге лексикалық және терминологиялық минимумдарды меңгерту;

б) Қазақ тілінің жалпы қолданыстағы сөздері мен сөз тіркестерінің лексикалық минимумын кеңейту, оны қолданыс деңгейінде меңгерту;

в) Кәсіби саладағы материалдарды, жазбаша баяндама мен ғылыми-әдістемелік есептерді өңдеу, ғылыми-оқу әдебетінен конспект даярлай білу;

г) оқулықтар мен лекциялар материалы бойынша қажетті кәсіби-оқу тақырыптарынан әртүрлі деңгейдегі ғылыми және оқу мәтіндерін даярлау.

д) мамандық бойынша оқу және сөйлесу, тыңдау дағдыларын қалыптастыру, оқу тақырыптары бойынша әртүрлі ғылыми-оқу мәтіндерін құру.

" Ұсынылатын әдебиет:

1. Орысша-қазақша сөздік. Қазақ ССР ғылым академиясының тіл білімі институты/Жалпы редакциясын

басқарған Қазақ ССР ҒА корреспендент мүшесі, профессор Ғ.Ғ. Мұсабаев. - Том 1. - Алматы: Қазақ

совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1978. - 576 б.

3. Орысша-қазақша сөздік. Қазақ ССР ғылым академиясының тіл білімі институты/Жалпы редакциясын

басқарған Қазақ ССР ҒА корреспендент мүшесі, профессор Ғ.Ғ. Мұсабаев; академикН.Т. Сауранбаев.

Том 2. - Алматы: Қазақ совет энциклопедиясының бас редакциясы, 1981. - 590 б.

4. Бектаев Қ.Б. Большой казахско-русский, русско-казахский словарь.- Алматы: Алтын Казына, 2001.

704 с.

5. Орфографиялық сөздік / Құраст.: Уәлиұлы Н., Фазылжанова А., Күдеринова Қ., Әнес Ғ.. - Алматы: Тіл



білімі институты, 2007. - 480 б.

6. Қазақ тілінің түсіндірме сөздігі: 50 мыңға жуық сөз бен сөз тіркесі / Жалпы редакциясын басқарған

Жанұзақов Т. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 968 б.

7. Микишина А.М., Орлов В.Б. Толковый математический словарь. Основные термины: около 2500

терминов / Под ред. к.ф.-м.н. А.П. Савина. - 2-е изд., стереотип. - М.: Рус. яз., 1989. - 244 с.

8. Казахско-русский словарь: около 50 000 слов /Под ред.чл.-коор. НАН РК Р.Г.Сыздыковой,проф. К.Ш.

Хусаина. - Алматы: Дайк-Пресс, 2008. - 962 с.

9.Ожегов С.И. Словарь русского языка: Около 53 0000 слов / Под общ. ред. проф. Л.И. Скворцова.

изд., испр. - М.: ООО "Издательство "Мир и Образование", 2005. - 1200 с.

10.Франк В.Ю. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік / Русско-казахско-английский

предметно-тематический словарь / Russia-kazakh-english subject thematic dictionary: Справочное пособие. - Алматы: Болашақ балапандары, 2000. -288 с.

11. Русско-казахский словарь: около 70 000 слов /Под ред. Н.Т. Сауранбаева, Г.Г. Мусабаева, Ш.Ш.

Сарыбаева. - Алматы: Дайк-Пресс, 2005100. - 1152 с.

Сабақ беру әдістері - дәстүрлі дәрістік, эвристикалық, тренинг және ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологиялар.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі - қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапханадағы кітаптар қоры,

терминологиялық сөздіктер, электрондық оқу залы, интернет.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кәсіби бағытталған шетел тілі

" Пәннің коды - К-bsht3208

" Пәннің типі - базалық, міндетті компонент

" Курс/пән деңгейі - 1 курс

" Оқу жылы - 1-оқу жылы

" Оқу семестрі - 2 семестр

" Кредиттер саны - 2 кредит

" Дәріс беруші:

Курстың мақсаты: шетел тілін практикалық тұрғыда меңгеру үшін жеткілікті білім деңгейлерін қалыптастыру; коммуникативтік іс-әрекеттің ауызша және жазбаша түрлеріне машықтандыру; меңгерген білім дағдыларын өз бетінше дамытып жетілдіруге және тереңдетуге үйрету.

Кәсіби шетел тілі аясында қалыптасқан математикалық терминдер мен сөз тіркестерін бірыңғай қалыпта қолдана алу, қазақша-орысша тілдерден аудару барысында математикалық мәтіннің ғылыми-әдістемелік мазмұнын, оның құндылығын сақтау.

Курстың пререквизиттері: Пән бойынша берілетін практикалық материалды толық және кәсіби деңгейде меңгеру үшін студент мектептің шетел тілі курсын жеткілікті жоғары деңгейде меңгерген болуы тиіс. Сол сияқты студенттің сөздіктермен жұмыс істеу дағдысы және орыс, қазақ тілдерінен сауатты болуы да қажет.

Курстың/пәннің мазмұны - Ғылыми стильдің грамматикалық категорияларын ауызша және жазбаша формада меңгеру. Ақпараттық және кәсіби мазмұндағы мәліметтерді тыңдап қабылдау. Студенттердің ғылыми жұмысымен байланысты жазбаша мәлімдеме (ғылыми мақала, тезистер, баяндама, аударма, рефераттау және аннотациялау т.б.) дайындау. Түсіндірме және екі тілдік терминологиялық сөздіктермен, сонымен қатар мамандық бойынша анықтағыш әдебиеттермен жұмыс істей алу. Екі жақты жазбаша және ауызша аударма дағдысын дамыту.

Ұсынылатын әдебиет

1. Восковская А.С., Карпова Г.А. Английский язык для вузов Ростов-на -Дону "Феникс" 2005.

2. Аракин В.Д. Практический курс английского языка. 2 курс. Москва, 2005

3. Жаңабаева К. Basic English.Практическое пособие по изучению основ английского языка. Алматы,2003.

4. Ысқақова Ж.Ы., Каримова З.Н. Английский язык. Хрестоматия Алматы, 1991

5. Васильева М.А. Английский язык. 1997.

6. Выборова Г., Махмурян К. Сборник упражнений по английской грамматике. Easy English, Москва 2000.

7. Качалова К.Н. Практическая грамматика Английского языка

8. Бонк Н.А. Учебник английского языка. Часть ІІ, Москва 1999 ж.

9. Twenty topics for discussion. Moscow, 1996.

10. Pachoton A.P. English-Russian, Russian-English dictionary. Moscow, 2002.

12. Франк В.Ю. Орысша-қазақша-ағылшынша пәндік-тақырыптық сөздік / Русско-казахско-английский предметно-тематический словарь / Russia-kazakh-english subject thematic dictionary: Справочное пособие. - Алматы: Болашақ балапандары, 2000. - 288 с.

Сабақ беру әдістері - дәстүрлі дәрістік-практикалық, ақпараттық-инновациялық оқу әдістері мен технологияларын (интерактивті тақта) пайдалану.

Бағалау әдісі/нысаны - әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі - қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай (талап) - кітапханадағы кітаптар қоры,

терминологиялық сөздіктер, электрондық оқу залы, интернет.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Этнопедагогика

Пәннің коды: Etn2203

Пәннің типі: Базалық, міндетті пән

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы - 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 4 семестр

Кредит саны: 2

Дәріс беруші: Бекмұрзаева Р.А., Омарбекова Г.О.

Курстың пререквизиттері мен постреквизиттері: Педагогика, Мәдениеттану, Қазақстан тарихы, Педагогика тарихы, Тәрбие теориясы

Курсты оқытудың негізгі мақсаты:. Cтуденттерді халықтық педагогиканың негізгі идеялары және тәжірибелерімен таныстыру және оларды қазіргі оқу-тәрбие процесінде шығармашылықпен қолдана алу біліктері мен дағдыларын қалыптастыру

Ұсынылатын әдебиет:

1. Христова Е.Л. Народная педагогика: историографические и теоретико-методологические проблемы: Автореф. дис. … канд. пед. наук. - М., 1988.

2. Волков Г.Н. Этнопедагогика. - Чебоксары, 1974.

3. Кожахметова К.Ж. Казахская этнопедагогика: методология, теория, практика. - Алматы: Гылым, 1998.

4. Этническая педагогика /Под ред. В.А. Пятина и др. - Астрахань, 1995.

5. Әбілова З.А., Қалиева К.М. Этнопедагогика. - Алматы, 1999.

6. Жарықбаев Қ.Б. , Қалиев С. Қазақтың тәлімдік ой-пікір антологиясы. Алматы, 1994.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Жас ерекшеліктер физиологиясы және мектеп гигиенасы

Пәннің коды - ZhFMG1203

Пәннің типі - базалық, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі - 2 курс

Оқу жылы - 2-оқу жылы

Оқу семестрі - 4 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Берденкулова А.Ж., Избасарова Ж. Ж

Пререквизиттер: Анатомия, экология, психология.

Бағдарламаның қысқаша курсы: Курс студенттерге педагогикалық практика кезінде мектепте педпрактикалық жұмыстарды дербес орындау үшін қажетті мәліметтер береді. Балалардың өсіп дамуы тоқтаусыз жүріп жатқанымен олардың қарқыны өсу кезінде біркелкі емес. Сондықтан баланың организмі ересек адамнан өзгешеленгенмен, өзінің түрлі өсу кезеңдеріне сәйкес ерекшеліктері болады Олар сан жағынан да сапа жағынан да байқалады. Осыған орай баланың мінез-құлқы, ой өрісі мен дүниетанымы байқалады. Оқу-тәрбие жұмысын дұрыс ұйымдастыру үшін әр педагог мектептегі балалар мен жасөспірімдердің физиологиялық ерекшеліктерін терең білуі қажет. Сонымен қатар, жоғарғы жүйке әрекетінің, сезім мүшелерінің құрылысы мен қызметі, жас ерекшеліктері және сыртқы ортамен мектеп ғимаратына арналған гигиеналық талаптар қамтылады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Дүйсембин Қ. Алиакбарова З. Жасқа сай физиология және мектеп гигиенасы. Алматы, 2003ж.

2. Жұмабаев С. Жас ерекшелік физиологиясы және мектеп гигиенасы Алматы, 1196ж.

3. Матюшонок М.Т., Турик г.Г., Крюкова А.А. Балалар мен жасөспірімдер физиологиясы және гигиенасы. Алматы Мектеп. 1986ж.

4. Петришина О.Л., Попова Е.Т. Бастауыш мектеп жасындағы балалар анатомиясы, физиологиясы және гигиенасы. Алматы, 1984ж.

5. Хрипкова А.Т., Антропова М.В., Фарбер Д.А. Возрастная физиология. Москва. 1999ж.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.


Курстың/пәннің/юниттің атауы: Атом және атом ядросы физикасы

Пәннің коды: FAAYa 3208

Пәннің типі - базалық пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы - 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 5 семестр

Кредиттер саны - 3 кредит

Дәріс беруші: Аманбаева М.- аға оқытушы.

Пререквизиттері: механика, электр және магнетизм бөлімдерін,молекулярлық физика және термодинамика, оптика, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия.

Курстың мақсаты: Физикалық теорияны ғылымның қазіргі кезеңдегі жетілуінің, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қорытындысы ретінде көрсету. Сонымен қатар, болашақ маманның негізгі физикалық, оның ішінде атомдық және ядролық құбылыстарды, заңдар мен үрдістерді айқын түсінуі, құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістермен өрнектей білуі, атомдық және ядролық негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыда пайдалана білуге, жұмыс барысында анықтамалық әдебиеттерді пайдалануда және қажетті ғылыми-техникалық мағлұматты табуды игеру секілді көптеген маңызды мәселелерде ескеріледі.

Курстың мазмұны:

Атом құрылысының Томсон және Резерфорд модельдері. Спектрлік сипаттамалар. Бор постулаттары. Бор жасаған сутегі атомнының моделі.Кванттық механиканың негізі.Де Бройль гипотезасы. Толқындық функция, оның физикалық қасиеттері. Гейзенбергтің анықталмағандықтар қатынасы. Физикалық шамалар операторлары. Шредингер теңдеуі. Потенциалдық шұнқырдағы электрон. Шредингер теңдеуін сутегі атомына қолдану. Кванттық сандар. Паули принципі. Курделі атомдардың электрондық қабыөшалары. Менделеевтің пероидты жүйесі. Химиялық байланыс. Молекулалардың энергетикалық деңгейлері. Оптикалық атомдық спектрлер. Молекулалық спектрлер. Фотобиологиялық процестер. Лазерлар. Оптикадағы бейсызық құбылыстар. Электрондық парамагниттік резонанас, оны бос радикалдарды зерттеу үшін қолдану.Кванттық статистика элементтері.Фазалық кеңістік. Үлестіру функциясы. Бозе-Эйнштейн және Ферми-Дирак статистикасы бойынша түсінік.Ядролық физика. Элементар бөлшектер. Ядролардың құрылымы. Ядролық бөлшектердің байланыс энергиясы. Орнықты және орнықсыз ядролар. Радиактивтилік. Радиациялық сәулеленудің тірі организмдерге әсері. Ядролық реакциялар. Тізбекті реакциялар. Термоядролық реакциялар.Элементар бөлшектер. Лептондар, адрондар. Бөлшектердің электромагниттік, күшті және әлісз әрекеттесуі. Ғарыштық сәулелену, оның Жердегі экологиялық жағдайларға әсері.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Арызханов Б.С. Физика. - Алматы,1997ж.

2. Ахметов А.Қ. Физика Алматы 2000. Н.Алтынсарин атындағы Қазақтың білім академиясының Республикасының баспа кабинеті

3. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: Мектеп, 1974.

4. Гершензон Е.М., Малов Н.Н. Курс общей физики. Оптика и ядерная физика М., Просвещение,1987.

5. Давыдов А.С. Теория атомного ядра. физики - М., Наука, 1987. Т.3

6. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. - М.,Высшая школа,1986

7. Евгарафова Н.Н., Касан В.Л. "Руководство к лабораторным работам по физике". М."Высшая школа", 1970 ж.

8. Жанабергенов Қ.Ж. "Кванттық механика" Алматы, "Рауан", 1998 ж.

9. Жанабергенов Қ.Ж. "Электроника негіздері". Алматы."Рауан",1997 ж.

10. Наумов А.И. Физика атомного ядра и элементарных частиц. - М. ; Просвещение.1984.

11. Матвеев А.Н. Учебное пособие.-М.;Высшая школа,1989

12. Ракабольская С.М. Ядерная физика. №11.М.,Просвещение, 1994 г.

13. Савельев И.В. Курс физики - М., Наука, 1987. Т.3

14. Сивухин И.В. Общий курс физики - М., Наука, 1987,Т.3

15. Трофимова Т.С. Курс физики. М.,Наука, 1993 г.

16. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. - Алматы, 1977.

17. Жоғары математика. Қысқаша курс. /Айдос Е.- Алматы, 2003 ж.

18. Шпольский Э.В. Атомная физика .Учебное пособие в 2-х томах. М.; Наука. 1984, Т.1.575 с.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Электродинамика және АСТ

Пәннің коды: ESTO 3210

Пәннің типі - базалық пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы - 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 5 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Калиев Б. - техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.

Пререквизиттері: жалпы физика курсының электр және магнетизм тарауларын толық меңгеруі қажет.

Курстың мақсаты: Физикалық теорияны ғылымның қазіргі кезеңдегі жетілуінің, әртүрлі бақылаулар мен тәжірибелердің және орындалған эксперименттердің нәтижелерінің қорытындысы ретінде көрсету. Сонымен қатар, болашақ маманның негізгі физикалық, оның ішінде электродинамика заңдары мен үрдістердін айқын түсінуі, құбылыстар мен шамаларды математикалық әдістермен өрнектей білуі, электродинамиканың негізгі заңдарын теориялық және практикалық тұрғыда пайдалана білуге, жұмыс барысында анықтамалық әдебиеттерді пайдалануда және қажетті ғылыми-техникалық мағлұматты табуды игеру секілді көптеген маңызды мәселелерде ескеріледі.

Курстың мазмұны: Арнайы салыстырмалы теориясының негіздері. Релятивистік кинематика және динамика. Электр

Заряды және вакуумдағы электрмагниттік өріс. Электрдинамиканың тәжірибелік негіздері. Вакуумдағы электртромагниттік өрістің жалпы қасиеттері Вакуумдағы электростатикалық өріс. Вакуумдағы стационарлы магнит өрісі. Еркін электромагниттік толқындар. Жалпы жағдайда қозғалатын зарятың электромагниттік өрісі. Электрдинамиканың төрт өлшемді тұжырымдамасы. Біртұтас орта электродинамикасы.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Пеннер Д.И., Угаров В.А. Электродинамика и специальная теория относительности. -М., 1980.

2. Тамм И.Е. Основы теории электричества. - М., 1976.

3. Алексеев А.И. Сборник задач по электродинамике. М., 1970.

Қосымша әдебиеттер

1. Власов В.К. Макроскопическая электродинамика. М., 1971.

2. Борн М. Эйнштейновская теория относительности. М., 1964.

3. Измаилов С.В. Курс электродинамики. М., 1962.

4. Угаров В.А. Специальная теория относительности. М., 1977.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.

Курстың/пәннің/юниттің атауы: Кванттық механика

Пәннің коды: KM 3211

Пәннің типі - базалық пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы - 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 6 семестр

Кредиттер саны - 2 кредит

Дәріс беруші: Калиев Б. - техника ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.

Пререквизиттері: Жалпы физика курсының механика, электр бөлімдерін, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия.

Пәннің мақсаты мен міндеттері:

Кванттық механиканы оқытуда материаның құрылымы мен табиғаттың заңдарын тану үшін студенттің теориялық әдістерді пайдалану ебдейлігі мен дағдыларын қалыптастыру - пәннің негізгі мақсаты болып табылады. Курстың міндеттеріне мыналар жатады:

- студенттердің көңілін кванттық механиканың ең жалпы түсініктеріне, заңдары мен принциптеріне аударып, оларды нақты физикалық процестерді және құбылыстарды талдауға үйретіп, іске асыру мүмкіндігін тудыру;

- кванттық механиканың негізгі әдістері арқылы методологиялық жалпылау тәсілдерін, физикалық ұғымдарымен принциптерінің қолдануын, олардың қазіргі ғылым және техникамен байланыстығын көрсету.

Курстың мазмұны: Микрообъект қозғалысының ерекшеліктері. Кванттық механикадағы күйлер мен бақылаулар. Шредингер теңдеулері және сақталу заңдары. Бір өлшемді қозғалыс Центрге симметриялы өрістегі қозғалыс. Көрнекілеу теориясының элементтері. Кванттық механикадағы жуықтау әдістері. Электрон спині. Теңбе-тең бөлшектер жүйелері. Атомдар мен молекулалар. Сәулелену теориясының элементтері.Кванттық механикада микробөлшектердің толқындық қасиеті, Луи де Бройль толқыны, Гейзенбергтің анықталмаушылық қатынастары Шредингердің толқындық және стационар теңдеулеріне, кванттық механиканың математикалық құралына көңіл бөлінеді.

Ұсынылатын әдебиет:

Негізгі әдебиеттер:

1. Матвеев А. Н. Кванттық механика и строение атома. М., Высшая школа, 1965.

2. Жаңабергенов Қ. Кванттық механика. Алматы, РБК, 1992

3. Жұманов К. Б. Атомдық физика негіздері. Алматы, 2000.

Қосымша әдебиеттер

1. Соколов А.А., Порнов И. М. Квантовая механика и атомная физика. М., Просвещение, 1970.

2. Блохинцев Д. И. Основы квантовой механики. М. Наука, 1983

3. Феодорченко А. И. Основы квантовой механики. Киев, Высшая школа, 1979.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Атом ядросы және элементар бөлшектер теориясы

Пәннің коды: TAYaECh 3213

Пәннің типі - базалық пән, міндетті компонент

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы - 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 6 семестр

Кредиттер саны - 1 кредит

Дәріс беруші: Раимбаева Ж. - педагогика ғылымдарының кандидаты, доцент.

Пререквизиттері: механика, электр бөлімдерін, молекулярлық физика және термодинамика, оптика, математикалық анализді, сызықтық алгебра мен аналитикалық геометрия.

Курстың мақсаты: Пәнді толық меңгерген студент курс материалдарын осы теориялық курстың жалғасы болып табылатын салыстырмалықтың арнайы теориясы мен электродинамиканы, кванттық механиканы және ядролық физика т.б. теориялық физика бөлімдерін оқу барысында қолдана алады.

Курстың мазмұны: Лекция мазмұны тек қана теориялық материалдар ғана емес, сонымен қатар практикалық мазмұны бойынша есептермен, сызбалармен, таблицалық материалдармен қамтылған. Лекцияның бұлай жабдықталуы студенттердің өз бетінше жұмыс істеуіне мүмкіндік туғызады.Практикалық сабақтар мазмұны лекцияда көрсетілген мысалдар мен теоремаларды басшылыққа ала отырып есептер шығарудағы кәсіби біліктілікке дағдыландырады.

Ұсынылатын әдебиет:

1. Арызханов Б.С. Физика. - Алматы,1997ж.

2. Волькенштейн В.С. Жалпы физика курсының есептер жинағы. - Алматы: Мектеп,1974.

3. Гершензон Е.М., Малов Н.Н. Курс общей физики. М., Просвещение,1987.

4. Детлаф А.А., Яворский Б.М. Курс физики. - М.,Высшая школа,1986.

5. Матвеев А.Н. Учебное пособие. - М.;Высшая школа,1989

6. Савельев И.В. Курс физики - М., Наука, 1987. Т.1

7. Сивухин Д.В. Общий курс физики - М., Наука, 1987,Т.1

8. Стрелков С.П. Механика - М., Наука, 1975.

9. Фриш С.Э., Тиморева А.В. Жалпы физика курсы. - Алматы, 1977.

10. Жоғары математика. Қысқаша курс. /Айдос Е.- Алматы, 2003 ж.

11. Шпольский Э.В. Атомная физика .Учебное пособие в 2-х томах.М.; Наука. 1984, Т.1.575 с.

Сабақ беру әдістері: Проблемалық оқыту әдісі, топтық жарыс, миға шабуыл, интерактивті кешендер, деңгейлеп-саралап оқыту, дамыта оқыту.

Бағалау әдісі: әріптік-рейтингтік жүйе 100 баллдық шкала бойынша, ағымдық бақылау, аралық бақылау, емтихан, қорытынды баға.

Оқу тілі: қазақ тілі.

Мамандық (саты) бойынша білім алуға қажетті жағдай: материалдық база, кітапхана қоры, зертханалар, оқу әдістемелік кешендер.
Курстың/пәннің/юниттің атауы: Физиканы оқытудың әдістемесі

Пәннің коды: MPF 3301

Пәннің типі - базалық пән, міндетті компонент.

Курс/пән деңгейі - 3 курс

Оқу жылы - 3-оқу жылы

Оқу семестрі - 5 семестр

Кредиттер саны - 4 кредит

Дәріс беруші: Жайсаңбаев Т.Р. - педагогика ғылымдарының кандидаты, академиялық профессор.

Оқу пәнінің пререквизиттері мен постреквизиттері:педагогика, психология, жалпы және теориялық физика,арнайы курстары мен таңдау компоненттер

Курстың мақсаты: Физиканы оқыту принциптері мен міндеттеріне сәйкес мәнін ескере отырып тақырыптық, календарлық өндіріс және сабақ жоспарын жасай білуі;

- оның әдістері мен формаларын меңгеру;

- бақылау, өзіндік және жеке жұмыстар жүргізу үшін дидактикалық материалдарды іріктеп алуы;

- факультативтік сабақтардың жоспарын жасай білуі;

- физикадан сыныптан тыс жұмыстардың жоспары мен сценариін құрастырып өткізе білуі;

- көрсетілген іскерліктер мен дағдылардың игерілуі негізінде орта мектеп пен арнаулы оқу орындарында физика курсынан оқушыларға жан-жақты сапалы білім беруі керек.

Оқу пәнінің қысқаша сипаттамасы:

Физиканы оқыту әдістемесі - педагогикалық ғылым, оның зерттейтін мәселелері мен зерттеу әдістері. Мектеп білімінің дамуының қазіргі кезеңіндегі физика әдістемесінің міндеттері. Физиканы оқытудың негізгі міндеттері: физика ғылымының негіздерін меңгеру, оқушылардың ойлауын дамыту және техникалық білімдерін жетілдіру. Мектеп физикасының бірінші және екінші деңгейлерінің мазмұны мен жүйесі. Мектеп физикасының даму болашағы. Физиканы оқытудағы пәнаралық байланыстардың әдістемелік және дидактикалық маңызы. Физика сабақтарын ұйымдастырудың формалары. Физикадан оқу материалын ауызша баяндаудың ерекшелігі. Оқушыларды оқулықпен, анықтамалықтармен, физика-техникалық ғылыми-көпшілік әдебиеттермен, жұмыс істеуге үйрету әдістемесі. Физикалық экскурсиялар, олардың маңызы мен түрлері. Экскурсияларды ұйымдастыру мен өткізу әдістемесі. Физика сабақтарында көрнекі материалдарды пайдалану. Физика бойынша факультативтік курстардың мазмұны мен өткізу әдістемесі. Физика бойынша өтілетін сыныптан тыс жұмыстардың түрлері мен әдістері. Физиканы кешкі мектептерде оқыту әдістемесі. Жаңа педагогикалық оқыту технологиялары.Физикадан есептер шығару. Физика есептерінің түрлері. Есептерді шығаруға үйретудің әдістемесі. Әртүрлі есептердің құрылымдық ерекшіліктерін талдау. Физикадан әр түрлі есеп шығару сабақтарын, бақылау жұмыстарын, тесттер, мектеп олимпиадаларын өткізу. Физикадан оқушылардың білімдері мен дағдыларын тексерудің әдістері (физикалық диктант, тест, бақылау жұмыстары).



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   43   44   45   46   47   48   49   50   ...   75




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет