5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Орындаған күндізге оқу бөлімінің


§ 2 Музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері



бет6/9
Дата24.12.2021
өлшемі1,26 Mb.
#104756
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс

§ 2 Музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдері
Музыкалық сабақтарда оқушылардың iс-әрекетi оқу және шығармашылық тапсырмаларды орындауға бағытталған. Музыка сабақтарында таным және ақыл-ой iс-әрекеттерi де жетiледi. Оқушылар шығарманы тыңдап отырып, көп нәрселердi бiледi. Дегенмен, олар оның жалпы сипатын, жарқын образдарын қабылдайды. Мұның өзiнде, егер баланың алдына берiле тыңдау, айыра бiлу, салыстыру, мәнерлеу құралдарын бөлiп қарау мiндеттерi қойылатын болса, эмоциялық үн қосу өз мәнiн жоғалтпайды. Осындай ақыл-ой iс-әрекеттерi олардың сезiмдер өрiсi мен әсерленуiн байыта және кеңейтедi, ойлы мән бередi. Зерттеу нәтижелерiмiз көрсеткендей, музыкалық-эстетикалық тәрбиенiң үйлесiмдiлiгiне мектепте бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшелiктерiне ыңғайлы музыкалық iс-әрекеттiң барлық түрi, олардың шығармашылық мүмкiндiктерi пайдаланылғанда қол жететiнi дәлелдендi.

Осыған сәйкес бастауыш сынып мұғалiмiнiң мынадай мiндеттердi шешуi қажет деген пiкiрдемiз:

-Музыкаға деген сүйiспеншiлiк пен ынтаны тәрбиелеу. Тек эмоциялық үн қосу мен қабылдауға бейiмдiлiктi дамыту ғана музыканың тәрбиелiк әсерiн кең пайдалануға мүмкiндiк бередi.

-Оларды белгiлi дәрежеде ұйымдасқан әр түрлi музыкалық шығармалар және қолданылатын мәнерлеу құралдары бар жүйеде таныстыра отырып, оқушылардың әсер алушылығын байыту.

-Музыканы қабылдау және ән салу, ырғақты түсiну, аспаптарда ойнау саласындағы қарапайым орындаушылық дағдыларды қалыптастыра отырып, оқушыларды музыкалық iс-әрекеттiң әр алуан түрiне тарту. Музыкалық сауаттылыққа үйрету. Осының бәрi оларға саналы, мәнерлi, нәтижелi әрекет етуге көмектеседi.

-Бастауыш сынып оқушыларының жалпы музыкалық сезiмiн (сенсорлық қабiлеттерiн, дыбыстың төмен-жоғарылығын естуiн, ырғақты сезiнуiн) дамыту, әншiлiк дауысты және қимыл мәнерлiлiгiн қалыптастыру.

-Музыкалық талғамын дамыту. Музыка жайлы алған әсерлер және ұғымдар негiзiнде орындалған шығармаларды таңдау, бағалау.

Пәнаралық байланыс музыка негізінде оқушылардың көңіл-күй сезімдік ахуалына кешенді әсер етуге, оларды тұтастықта ұғынуға кабілеттіліктерін оятуға мүмкіндік беріп, көркем шығармашылық қабілеттерінің дамуына қолайлы жағдай туғызады. Музыкалық шығармалардың көркемдік құндылықтарын ашуға бейімділік пен қабілеттілік музыкалық ақпарларды дұрыс және айқын аңғарып, саналы өндеу әрекетіне тікелей байланысты. Яғни шығарманың көркемдегіш құралдарына талғамдық-бағалаушылық көзқарастың дамуына байланысты.



Музыканы қабылдау тек музыкалық мазмұнды қабылдау емес. Оқушылардың музыкаға қатысының негізінде сезімдік қабылдау жатады. Ал сезім мен көңіл-күй арқылы музыка тұлғаның санасымен қатынасқа енеді, сөйтіп оның санасында белгілі бір ой мен әсерді оятады. Демек, сабақ үстінде музыканың басқа пәндермен байланысын қолдану арқылы бұл үрдісті күшейте түсуге болады.

Музыкалық тәрбие әдістерінің сантүрлілігі музыкалық өнердің ерекшеліктерімен және оқушылар әрекеттерінің өзгешеліктерімен айқындалады. Әдістер оқшау қолданылмайды. Олар өзара іліктес тіркестіліктерде, үйлесімді түзілімдерде қолданылады. Мысалы, музыкалық шығармамен балаларды таныстыруды мүғалім композитор туралы, оның бұрын оқылған басқа туындылары туралы әңгімемен бастайды, бұл - сөздік әдіс; әңгіме барысында шығарманың жекелеген үзінділерін тыңдатып отырады, бұл -көрнекі есіту әдісі, шығарманың туу тарихы туралы, оны орындаушылар туралы аса қызықты мәліметтер, әдебиет материалдары қолданылады, бұл - ынталандырғыш әдіс; оқушылар мұғалім тапсырған шығармашылық тапсырмаларды орындайды: тыңдай отырып, жеке үзінділерді салыстырады, талдайды, бұл -талдау және салыстыру әдісі; шығарманың идеясын, көңіл-күйін (пафосын) анықтайды, бұл - жинақтау әдісі.

Музыкалық әрекетті ынталандыру әдісі нақты музыка сабағы үшін аса қажетті деп табылған сезімдік және шығармашылық жағдай туғызу үшін қолданылады. Бұл көбінесе әдебиетпен байланыстыру жұмысы түрінде жүзеге асырылады.

Сезімдік әсер ету әдісі - мүғалімнің бейнелі, әсерлі, жанды сөзімен, бет пішімімен, қолды әртүрлі күйде сілтеуі, дене қимылдарымен өзінің музыкалық шығармаға көңіл-күй қатысын білдіруі. Мысалы, оның даусы музыканың сапасына, көңіл-күйіне байланысты құбылып, әртүрлі сезімдік нақыштар бере алатындай құлпырып отырады. Лирикалық шығармалар, үзінділер туралы айтқанда, дауысты өте жылы, жұмсақ, ерке қылықпен шығару; патриоттық әндер туралы сөз қозғағанда, дауыстың салтанатты, өткір, ер мінезді күйде қойылуы, басқадай барлық мәнерлегіш құралдар музыканың сезімді қозғауын күшейту үшін, оқушы әсерлерін байыту үшін қолданылады.

Танданушылық немесе таңсыққойлық әрекеттер әдеттен тыс, елең еткізерлік деректерді келтіру арқылы музыкаға қызығушылықты күшейтеді, олар музыкалық әрекетті ынталандыру әдісіне жатады. Мысалы, Қазанғаптың өзінің бір боз жорғасы туралы отыздан астам күй шығарғаны, әрі оларда да аттың жүрісі мен шабысын мың сан құбылтып келтіретіні, әрі композитордың өз домбырасын ағаштан өзі шауып істеп алатыны туралы қызықты деректер айту немесе Біржанның «Жанбота» әнін тындау алдында бар қазаққа аяулы әнші салдың домбырасын жаулары қалай сындырғанын айту тағы басқа әсерлі әңгімелерді қолдану арқылы бала музыканы қызығушылықпен қабылдауға бағытталатын болады. Оқушыларды тандандыру жағдаяттарын жасауда оқытушының өз қиялынан туатын шығармашылық әдемі әңгімелері де аса ықпалды. Мысалы, Тәттімбеттің «Сарыжайлау» күйін тыңдау алдында жайлаудың керемет сұлу суретін, оның қазақ халқы үшін мәнділігін көркем де мәнерлі өрнектерді тамылжытып әңгімелесе, күйді тыңдауға оқушылардың ынтасы анағұрлым арта түседі.

Сондай-ақ музыкалық әрекетті ынталандыру әдісінің бір түрі ретінде проблемалық-ізденіс жағдаяттарын туғызу да оқушылардың музыкалық әрекет белсенділігін арттырады, олардың есіту зейінін шоғырландырады, ойлауға, талқылауға жұмылдырады. Алдын ала пәнаралық байланыста немесе оқытушының композитор туралы әңгімесінде сан түрлі сұрақтар, шығармашылық тапсырмалар арқылы оқушыларды музыкалық шығарманы қабылдауға неғұрлым дайын күйге келтіруге болады. Айталық, халық әні «Елім-айды» меңгеруге арналған сабақтың бастапқы бөлігінде 200 жылға созылған қалмақ хандарының басқыншылық шабуылдары кезіндегі тарихи-әлеуметтік жағдайлар тудырған халық күйін әңгімелей келе, әннің сөздерін негізге ала отырып, әннің көңіл-күйі, интонациясын алдын ала болжамдауға бағытталған сұраулар мен тапсырмалар ұйымдастыру арқылы проблемалық жағдаят жасалынады. Әдеби материал мен музыканың мазмұн бірлестігін ашуға оқушылар өз бетінше ізденіске түседі.

Сабақ үстінде не сабақтан тыс музыкалық тәрбие жүмыстарында проблемалық жағдаяттар пікірсайыстарына ұласуы мүмкін. Пікірсайыс барысында музыкалық білімдерін, сезімдерін, ой-өрістерін дәйектей түсу үшін оқушылар өздері білетін әдебиет материалдарын кең қолдануға ұмтылады, сөйтіп баланың барлық музыкалық және әдебиеттік тәжірибелері белсенді қозғалысқа, қолданысқа түсіп, олардың өзара табиғи байланысы туралы ұғымдары бекіп, көзқарастары мен сенімдері қалыптасады.

Пәнаралық байланысты оқушылар тарапынан қолдану белсендігін арттыратын ынталандыру әдісінің тағы бір түрі сабақта ойын жағдаяттарын ұйымдастыру. Мұнда берілген әдебиет материалдары пайдаланылып, музыкалық шығарманың мазмұны негізінде сахналық көріністер мен шағын драматизациялаулар, сондай-ақ жеке монологтық, қысқа диалогтық әрекеттер атқарылатын рөлдерде ойнау ұйымдастырылады. Айталық, наурыз мерекесіне немесе тұрмыстық салт-дәстүрге байланысты әнмен атқарылатын ойын-сауықтарды балалардың өздері ұйымдастырады, сөйтіп музыкалық және әдебиеттік әрекеттерін мейілінше үйлестіріп қолданатын болады.

Музыкалық және әдебиеттік әрекеттерге қызығушылықты ынталандыратын әдіс ретінде өз жанынан ойлап табу және табыс қуанышы жағдаяттарын құру да әсерлі нәтижелер береді. Оқушылар таныс музыкаға өз жанынан сөздер шығарады, оның сәтті шыққанына, өзінің шығармашылық жобасына қуанады. Сондай-ақ берілген әдебиет материалы нұсқасын пайдаланып, нақты музыкалық шығарманың мазмұнына лайықтап өз жанынан оның тарихы туралы аңыз-әңгімелерді түрлендіріп, дамытып айту өзінше жаңадан шығару әрекеттерін орындайды. Музыкалық шығарманың мазмұнын ашуда қиял, елес, салыстыру, талдау, жинақтау сияқты амалдар арқылы музыка мен басқа пәндердің байланысын құру синтездеу дағдыларына үйренеді, өз тәжірибелері пайда бола бастайды.

Музыкалық тәрбиедегі жетекші әдістердің бірі салыстыру әдісі - музыканы басқа пәндермен байланыстыра оқытуда олардың өзара интеграциялық астастықтарын ашып, синтездеп отыруға қолайлы әдіс. Талдау үшін берілген шығармашылық тапсырмалармен жұмыс істеу барысында оқушылар музыканың көркемдік құралдарын, мүшелерін, композициялық құрылымдарын т.б. талдай отырып, өзара салыстырады, бұл күрделі де қызықты ой үрдісі әдебиет материалдарының, оқытушы сөзінің, оқушы сөз өнерінің қатысуынсыз өтпейді. Музыкалық бейнелер мен әдебиет бейнелерінің, олардың көңіл-күйлерінің арасындағы ұқсастықтарды салыстырып талдай отырып, олардың ортақ негіздері болып табылатын өмір құбылыстарын айқындап синтездеу әрекеттері музыка мен сөз өнері тұтастығын белсенді сезінуге жетелейді.

Музыка сабағындағы бұл әдістердің қайсысы болмасын, сөздік әдіспен бірлестікте атқарылады. Сөздік әдістер (баяндау, әңгімелесу, түсіндіру) шығармалардың мазмұнын ашуға көмектеседі, оларды саналы орындауға дайындайды, оқушылардың эстетикалық толғаныстарын бағыттайды.

Сабақта сөздік әдістерді қолдану оқушылардың жас мөлшеріне, олардың музыкалық дайындығына, және музыкалық шығармалардың өзіндік ерекшеліктеріне байланысты болады, оқытушының баяндауы оқушыларды музыкалық шығарманы қабылдауға дайындауға, композитор өмірінен оның шығармасына байланысты қызғылықты мәліметтер беруге арналуы мүмкін. Әдеби баяндауларды тындағалы отырған музыкалық шығармамен аяқтай отырып, жаңаны қабылдауға іскерлік-шығармашылық жағдай жасап, оқушының музыкалық зейінінің құлақ күйін келтіретін болады. Одан әрі музыканы тындай отырып немесе тындап болған соң, ол туралы сөз енді әңгіме түрінде өтіп, оған оқушылар басым да белсенді қатыстырылады. Бұлайша музыка мен сөз өнерін бірқатар қабылдауга бағытталған әдіс көрнекілікті есіту әдісі, сөздік әдіспен бірлікте оқушылардың музыканың жанды бейнелерін, көркемдегіш құралдарын, болмыс-бітімін неғұрлым айқын сезініп түсінулерін қамтамасыз етеді, оны шығармашылық қабылдауға жеткізіп, жаңа музыкалық әрекеттерге дайындайды.

Өнер сабақтарының оның ішінде музыка пәнінің, басқа да мектеп пәндерімен психологиялық, педагогикалық ортақтығы мол, түпкі мұраты бір, ол - мәдениетті тұлғаны дамытып қалыптастыру. Дей тұрғанмен, музыка сабақтары әсерлік қуатының молдығымен, көркемдік дамытушылық мүмкіндіктерінің байлығымен ерекшеленеді.

Музыка пәні өзіне тектес өнер пәндері сияқты көркем өнерді танып білудің жалпы эстетикалық заңдарын ұстанады.

Музыка сабағының ықпалы тартымды, қызғылықты болып жасөспірімдердің музыка әлеміне, оның терең де сырлы, сиқырлы түбіне бойлай түсу үшін көркем суреттің үлкен әсері бар.

Көркемсурет адамның көзбен көруі арқылы сезіміне әсер етеді, әр түрлі бояулары, оның мазмұны, адамды тол- ғандырып түрлі ой салады. Өйткені, тарихты зерттеу кезінде, өткен тарихымызды біз тек сурет, мүсін арқылы ғана танып білеміз. Өткен тарихи өмірімізді археологиялық қазбалардан табылған мұрағаттардағы суреттерден, қолжазбалардан қарап болжау арқылы тарихшылардың сараптауы арқылы білеміз. Ал көркемсуреттің негізгі әсері музыкалық шығарманы насихаттауға қосымша құрал ретінде пайдалануға болатындығы.

Мысалы, қазақ халқының ұлттық музыкалық өнерінде жар-жар, сыңсу, жоқтау тағы да басқа әдет-ғұрыптарда айтылатын музыкалық жанрлар осы халықтың өмірімен, тарихымен тікелей байланысты. Әрине, біз мүның бәрін тек көркемсуретте ғана емес, спектакльдерде,операларда, балеттерде, көркем фильмдерде көріп келеміз. Көркемсурет өзінің мағынасымен, мәнімен, көркем бояуларының дұрыстығымен тарихи ескерткіштерді насихаттаудың бір құралы болып есептеледі.

Қандай музыкалық шығарма болмасын адам тарихымен байланысты десек, бастауыш сыныптарда таныстырылатын музыкалық шығармалардың, әндердің, күйлердің шығуына себепкер өзіндік тарихын оқушыларға түсіндіру кезінде музыка сабағын тарих (ғылымына) пәнімен тығыз байланыстырамыз. Мысалы, Құрманғазы күйлерімен таныстыру кезінде ұлы күйші өмір сүрген заман тарихына көз жүгірте отырып, оның әр шығармасының шығу себебі туралы міндетті түрде кіріспе, талдау әңгімелері жүргізіледі. Сондай-ақ, "Елім- ай" әнінің шығу тарихына тоқталсақ, қазақ халқының "Ақтабан шұбырындыға" ұшырап, 1723 жылдардағы жоңғар шапқыншылығынан көрген қорлығы, халықтың елін тастап шұбыра көшуі туралы түсінік беріледі. 4-сыныпта осы тақырыптың жалғасы С.Мұхамеджановтың "Ғасырлар үні" ораториясының бөлімдерімен таныстыруда қазақтың тарихының әр кезеңіне байланысты туындаған музыкалық шығармалармен таныстырылады.

Айта берсек, халықтың әр әні, әр күйі бір тарихи шы­ғарма. Тарих туғызған ақын-сазгерлер шығармашылығы Жаяу Мұса, Ақан сері, Естай, Біржан сал, Мәди, Кенен, т.б. күйшілер Қорқыт, Құрманғазы, Дәулеткерей, Ықылас, Дина, Сүгір, Сармалай, Тәттімбет, Қазанғап, т.б. олардың әр шығармасының өзін таныстыруда тарихқа жүгінеміз. Міне, музыканың әрбір сабағы тарихпен етене тығыз байланыста болуына көптеген мысалдар келтіруге болады.

Музыкалық шығармалар әр түрлі тақырыпқа байла­нысты болатындығын әр адам жақсы түсінеді. Музыканы шығарушы сазгер өмірдегі әр түрлі құбылыстарға, көңіл-күйге, өзгеріске байланысты ән-күйлер әкеледі.

Соның бірі - табиғатқа байланысты туындайтын музыкалық шығармалар. Сондай шығармалармен оқушыларды таныстыруда музыка сабағында дүниетану, табиғаттану пәнін кеңінен байланыстырамыз. Мысалы, Тәттімбеттің "Саржайлау", Құрманғазының "Сарыарқа", "Қызыл қайың", халық әні "Алатау", Д. Мацуцин "Зырлайды шанамыз", К.Қуатбаев "Моншақтар", "Жау-жау жаңбыр", Махамбет "Қайран, Нарын", К.Қуатбаев "Көктем", Абай "Қараңғы түнде тау қалғып", "Желсіз түнде жарық ай", жапон халық әні "Сакура" тағы басқа көптеген шығармалармен таныстыру кезінде қоршаған ортаның әсемдігін, туған жер табиғатының көркемдігін, табиғаттың адамға әсерін, тигізетін пайдасын, табиғатты аялауға, сүюге қамқор болуға, көркейтуге баули, тәрбиелей отыра сабақтағы тақырыбымызбен байланыс­тырамыз.

Музыкалық шығарманың, үйретілетін әндердің, ырғағын, темпін сезінуде, дыбыс ұзақтықтарын меңгеруде, нота сауаттылығымен танысу кезінде - музыка сабағы міндетті түрде математикамен тығыз байланыста болады. Әндердің өлшемі, дыбыстардың ұзақтықтары: бүтін, жарты, төрттік, сегіздік ноталармен таныстырғанда математикамен тікелей қатысты. Мұғалім әнді дирижерлау кезінде өлшемді 1-ге, 2 -ге, өлшемінде 1-ге, 2-ге,З-ке - өлшемінде 1 -ге, 2-ге, 3-ке, 4 –ке санау арқылы қарапайым әндердегі ырғақтың, өлшемнің деңгейінде оқушылардың түсінігін, музыкалық сауаттылығын қалыптастырады. Ал ол ырғақтық сезімді есептеу арқылы, яғни математиканың бір бөлігі арқылы жүзеге асырылып отырады.

Музыкалық шығармалардың, әндердің мазмұнына, сазына, ырғағына байланысты музыка сабағында оқушыларға ырғақтық қимылдар, би элементтерін жасатып отыру арқылы би өнерімен де сабақтың үнемі байланыста бо- латындығын айту керек. Басқа халықтардың би өнерін айтпағанның өзінде қазақ халқының би қимылдарының өзі жас ұрпаққа тәлім-тәрбие, нәзіктік, әдемілік, ибалық тағы басқа жақсы касиеттерге баулу да үлкен мәні бар. "Сәлем", "Тәжім" үлкенді сыйлау, кішіге ілтипат ету болса, "Шаңырақ", " Ағаш төсек", "Кебеже" өз жанұясына, отбасына деген сыйластығын қалыптастыру іспеттес. "Сәукеле", "Тақия", "Айна", "Тарақ", "Моншақ", "Алқа", "Сырға", тағы басқа әсемдік, сұлулыққа байланысты бұйымдарды бейнелейді. "Елім-ай" бағдарламасына енген би элементтері, ою-өрнектермен таныстыру жасөспірімдерді ұлттық өнердің басқа да салаларының негізін меңгеруге қалыптастырады, сондықтан мұғалім бастауыш сыныптарды өнердің осы түрлерімен таныстырып отырса, артықтық етпейді. Себебі, бидің, музыкамен біріккен шыңы балет болса, бастауыш сынып оқушылары 4-сыныпта Ғ.Жұбанованың "Хиросима" балеті, П.Чайковскийдің "Щелкунчик" балеті, А.Хачатурянның "Гаянә" балетінен үзінділер тыңдау арқылы музыканың би өнерімен тығыз байланысын біліп, үйренеді.

Музыка сабағындағы ырғақтық би қимылдарын меңгеру, ән айту кезіндегі денені тік ұстау, демді дұрыс пайдалану, музыканың мазмұнына, жанрына сәйкес қол шапалақтау, марштық музыкаларға байланысты сапта жүріп айту тағы басқа тәсілдерді қолдану арқылы музыканың дене шынықтыру пәнімен де тығыз байланыста болатындығын үнемі байқауға болады. Әсіресе, балалардың жазғы демалыс лагерлерінде спорттық жаттығуларды музыкамен байланыстыра жүргізу, сапта жүргенде отрядтық марш-әндерді айту, спорттық ойындарға, жарыстарға байланысты әндер, музыкаларды орындауда музыканың дене шынықтыру кезінде үлкен әсер, күш-жігер, талап, ынта беретін мүмкіндігі мол.

Музыка өнерінің барлық пәндермен, жалпы өмірдегі барлық салалармен байланыспайтыны жоқ деп айтуға бо­лады. Музыканы шығаруға, күй, ән шығаруға алуан түрлі себептер, тақырыптар әсер етеді. Айналаны қоршаған табиғат құбылыстары, өмірдегі болатын тарихи жағдайлар, адамның көңіл-күйі, психологиясы, халықтың тағдыры, туған жерге, елге, Отанға деген сезім, ата-анаға, балаға, сүйген жарға, досқа, бауырға деген сүйіспеншіліктерден, тұрмыс-тіршілік, әдет-ғұрып, салт-дәстүр тағы басқа сияқты адам өміріндегі кездесетін әр түрлі жағдайларға бай­ланысты әр сазгер өзінше толғайды.

Музыка - құдіретті күш, жан-дүниені ерекше әсерге бөлеп, адамды сәулелі өмірге жетелейтін сиқырлы өнер. Сонымен қатар, музыканы бейнелеу өнері сабағымен байланыстыра өткізгенде музыканың мазмұнын ашатын жеке, шағын суреттерден тұтас көріністер де құрастыру бала белсенділігін арттыра түседі. Сабақта орнын тауып пайдаланылатын құрастырмалы суреттер де оқушыларды қызықтырады. Мұндай суреттерді қорытынды бөлігінде немесе тақырып мазмұнын ашу үшін пайдалануға болады. Мысалы, музыканың табиғат көріністерін бейнелеу мүмкіндігі туралы тақырыпты ашуда әрбір тыңдалатын шығармаға сәйкес, картонға жапсырылған суреттер бөлек алынып келеді де, шығарма мазмұнына сай әрбір сурет біртіндеп, жайлау көрінісі бейнеленген үлкен плакатқа қыстырылады.Нәтижесінде тамаша табиғи көрініс пайда болады.Сабақтың қорытынды бөлігінде тағы да сол жайлаудың көрінісі бейнеленген плакатқа күннің суретін салып, бетін бұлтпне жауып, қызғалдақтардың барлығының басын төмен қаратып іліп қойып: «Қызғалдақтарға күн нұрын шашу үшін біз сұрақтарға белсенді түрде дұрыс жауап беруіміз керек.Қане, «Құтқарушы» ойынын ойнайық»- деп, әрбір сұраққа берілген бала жауабыннан кейін қызғалдақтың басын жоғары көтеріп, ең соңында күн көзін жауып тұрған бұлтты ашамыз.Күн көзін бұлттан арылтып, табиғатқа «көмекке келген құтқарушы» оқушылар бағаланады.

Бұдан шығатын қорытынды, бастауыш сыныптарда музыка сабақтарын бейнелеу өнері пәнімен мейлінше көбірек үйлестіру қажет. Әр сабақ сайын өткізілетін тақырыпқа байланысты, сабақтың мақсатына қарай музыкалық шығармалардың әртүрлілігін молынан қолданған жөн. Бастауыш сыныптардың барлығында өтілетін музыка пәнінің қазақтың күйлері тақырыбындағы сабақтардың өтілу желісін халықтық-сәндік қолөнерлерімен байланыстыру көп пайдасын тигізіп, оқу нәтижесінің жоғары болуына мол ықпал жасайды. Ұлттық күйлер, әсіресе бастауыш сынып оқушыларының қабылдау ерекшеліктеріне байланысты сезіміне зор әсер етіп, қиялы мен ойлауына позитивті түрде ықпал етеді. тек ескеретін жайт: күйді ырғағына қарай таңдап алып, дыбысын қатты етпей, сабаққа кедергі жасамайтындай етіп пайдалану.

Музыка сабағының қазақ тілі сабағымен байланысына келетін болсақ, музыка сабағында өлең-әннің ішкі сырын ашуға жетелейтін ерекше күш. Өлеі жолдары мен фразаның сәйкестігі мағыналық жағынан тұжырымдалып жеткізілуіне сәйкес келіп отырады. Музыканың мәнерлілік жағынан түрленуін өлеңнін мағыналық жағы аша түседі.Мысалы, әрбір музыканың интонациялық ерекшелігін ашып көрсетуге мүмкіндік әперетін-оның көркемдік құралдары десек, көп ретте бұл құралдар ортақ болып келіп отырады. Қуанышта адам дауысының көтеріңкі жарқын шығуы, ал музыкада әуеннің көтеріңкі шаттана орындалуы.Тілде сөздің мағынасына байланысты болса, музыкады тондық арақатынастарға, ырғағы мен екпініне қарай түрленеді.

Музыкадағы тондардың арақатынасы дара тартылу заңы арқылы беріледі, солардың тондық арақатынасындағы айырмашылықтар ладты құрайды: 1 тон, 0,5 тон, 1 тон,1тон, 1 тон, 0,5 тонға сай құрылған лад мажор лады деп атала отырып, орындалған музыкаға ашық, көңілді сипат беріп, мәнерлейді. : 1 тон, 0,5 тон, 1 тон,1тон, 0,5 тон, 1 тон, 1 тон,1 тон арқашықтығына сай құрылған саз музыкаға күңгірт, жұмсақ сипат беріп мұңды сезімді мәнерлейді. Сұрақ пен жауаптың мәнерленуі тілде де өтіледі, музыка сабағында да өтіледі. Енді ұқсастық пен айырмашылықты оқушыға ұғындыру оның білімінің жүйелілігін қамтамасыз етеді. Осы мәселені қалай қарастыруға болады?

Жалпы музыкалық сөйлем аяқталған ойды білдіреді де, ладтың тұрақты болып табылатын І, ІІІ,V басқыштарының бірімен басталып,аяқталады. Ал енді І басқыштың тұрақтылығы ІІІ, V басқыштардың тұрақтылығынан басым. Сондықтан ІІІ,V басқышпен аяқталған музыкалық сөйлем аяқталмағандай, жауап күтіп тұрғандай әсер қалдырады да, І басқышпен аяқталған музыкалық сөйлем ойдың аяқталғанын сездіреді. Мысалы, соль минорда жазылған Ш.Қалдаяқовтың «Бақа» әні осындай интонациялық ерекшеліктерді бойына жинақтаған диалогқа құрылған:



  • Бақа, бақа балпақ,

Басың неге жалпақ?

  • Темір телпек көп киіп,

Басым содан жалпақ.

Диалогтың құрылу ерекшелігі, сұрақ белгісі мен жауап белгісі айтылады:



  1. Сұраулы сөйлем екеуі де көңілсіз дауыс.

  2. Хабарлы сөйлем интонациясымен оқылады.

Енді музыкасы қалай салыстырылады? Мәнерлілік ерекшелігі- сұраулы мәнерлілік.

Оқушылардың біріге отырып алдымен әннің мағынасы талданады.Мұнда кейіпкер бар, бірі-өзге адам , мысалы бала делік, екіншісі –бақа. Бала бақаның сыртқы кейіпіне қарап қатты аяғандықтан, бұл неден осындай кейіпте болды екен деген ой оған сұрақ қойдырып тұр. Енді өзінің осындай кейіпіне бақа да риза емес, мұңая жауап береді. Осыдан төмендегідей мәселе қорытындылады:


Кесте-1




Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет