5В010200 – «Бастауышта оқыту педагогикасы мен әдістемесі» мамандығы бойынша Орындаған күндізге оқу бөлімінің



бет4/9
Дата24.12.2021
өлшемі1,26 Mb.
#104756
түріСабақ
1   2   3   4   5   6   7   8   9
Байланысты:
курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс
гылыми жоба, гылыми жоба, музыкалық білім тарихы, курстық 3 курс Толқын сыныптан тыс, лад, Matematikaly -sauattyly , 531535.pptx
Зерттеу нысаны: бастауыш сыныптардағы оқу-тәрбие үдерісі.

Зерттеу пәні: музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдары.

Зерттеу мақсаты: музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру жолдарын көрсету.

Зерттеу міндеттері:

  • бастауыш сыныптардағы «Музыка» пәні оқу бағдарламаларына зерттеу проблемасы тұрғысынан талдау жасау;

  • музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асырудың әдіс-тәсілдерін көрсету.

Зерттеудің әдістері: талдау әдісі, жинақтау әдісі, бақылау әдісі.

§ 1 «Музыка» оқу-әдістемелік кешенін зерттеу тақырыбы тұрғысынан талдау
Қазақстан 2030 стратегиялық бағдарламасы білім берудің ұлттық моделінің қалыптасуымен және Қазақстанның білім беру жүйесін әлемдік білім беру кеңестігіне кіріктірумен сипатталады. Қазіргі таңда қазақ тілі-мемлекеттік тіл, қарым-қатынас тілі – орыс тілі және ағылшын тілі – әлемдік кеңістікті тану тілін оқытуда жаңа идеяларды әр сабақта жан-жақты қолданып, жаңаша оқытудың тиімді жолдарын тауып, жүйелі түрде қолдану-заман талабы болып отыр.
Оқытудың парадигмасы өзгерді. Білім берудің мазмұны жаңарып, жаңаша көзқарас пайда болды.

Оқушыларды заманауи әдіс –тәсілдермен оқытып, ой –өрісі кең, саналы, еркін азамат етіп тәрбиелеу қажеттілігі де осы себептен туындап отыр. Аталмыш бағдарламаның мәні, баланың функционалды сауаттылығын қалыптастыру. Оқушы өзінің мектеп қабырғасында алған білімін өмірінде қажетке асыра білуі керек. Сол үшін де бұл бағдарламаның негізі «Өмірмен байланыс» ұғымына құрылған.

Музыка пәні – шығармашылық пән. Осы күнге дейінгі музыка бағдарламалары әртүрлі құрылымда , түрлі авторлардан туындалып жатса да, барлығының да мақсаты халқымыздың және де басқа ұлт-халық өкілдерінің байырғы сазын терең мазмұнда кейінгі ұрпаққа жеткізу, насихаттау болып табылады. Оқушының адам ретінде қалыптасуы белсенділік арқылы жүзеге асады.

Қазіргі таңда «Қазақстан Республикасында орта білім мазмұнын жаңарту шеңберінде «Музыка» пәні бойынша білім беру  бағдарламасы» бала өзі ізденуші, бір-біріне үйретуші, ал мұғалім бағыт беруші, нұсқаушы деген ұстанымды ұстайды. «Музыка» пәні жаңа бағдарламаның басты мақсаттарының бірі – баланың оқыта отырып, ой еркіндігін, белсенділігін, ізденімпаздығын қалыптастыру, өз бетінше шешім қабылдауға дағдыландыру және критериалды бағалау жүйесін енгізді [22].

«Музыка» оқу бағдарламасын орта білім беру мазмұнын жаңарту аясында «Назарбаев Зияткерлік мектептері» дербес білім беру ұйымы Ы.Алтынсарин атындағы Ұлттық білім академиясымен және жалпы орта білім беретін мектептердің мұғалімдерімен бірлесіп құрастырған.

Әйгілі зерттеуші Л.С.Выготский: «Дәстүрлі оқыту - бала дамуына тек қондырғы болып, дамуға стихиялы әсер етсе, яғни, «дамудың соңында жүрсе», жаңаша оқыту - «дамытуды өзімен бірге ала жүреді», - деген болатын. Сондықтан әр мұғалім тек дәстүрлі оқытумен шектеліп қалмай,  әрқашан ізденісте болып, оқушыларға тиімді жақтарын қарастырып отыруы тиіс.

Жаңа бағдарламаның өзгешелігі: бағалау жүйесінде, үш тілдік саясат, сабақ жоспарының құрылымы, әр сабақта әртүрлі стратегияларды қолдана отырып, сабақтың сапасын арттыруға болатынын, оқушылардың мүмкіндіктерін шектемеуге, керісінше  зерттеп-зерделеуге мүмкіндіктер беру. Сұрақ қою, білім беру спираль бойымен жеңілден күрделіге қарай өсу, тапсырмаларды оқушылардың өздері орындайтындай етіп жоспарлау[23].

Музыкант,  жоғары оқу орнының оқытушысы Горан Фолкестад «Музыка мұғалімі - музыкадан хабарсыз, музыкаға қызықпайтын және музыкаға бейімі жоқ бала кездестірмейді», - деген екен. Әр оқушының бойында өзіндік музыкалық каталог  бар десе болады. Бұны зерттеп табу, білу тек мұғалімнің шеберлігі, құзіреттілі [24].

«Музыка» пәні адам өмірінің бөлігі ретінде оқушыларда музыкаға деген құндылықтық қарым-қатынастың қалыптасуына, музыканың базалық білімі, біліктіліктері және музыкалық қызметінің түрлерін меңгеруге, музыкалық қызмет процесінде шығармашылық өз ойын білдіру және коммуникация біліктіліктерін қалыптастыруға, ұлттық және адамзаттық мәдениет құндылықтарына деген көркемдік-эстетикалық қарым-қатынасты тәрбиелеуге, музыкалық және шығармашылық дағдыларды дамытуға бағытталған.

Оқу пәнінің мазмұны: «Музыка» пәннің мазмұнын анықтау үшін музыканы оқыту мақсаттарының үш бөлімнен, алты бөлімшеден тұратын жүйесі жасалған. Музыкалық білім берудің мазмұндық бағыты оқыту мақсаттары жүйесінің үш бөліміне бағынған. Бұл бөлімдер оқушылардың музыкалық сауатын, орындаушылық және шығармашылық қызметін қалыптастыруға бағытталған. Бөлімдер мен бөлімшелер құрылымының логикасы оқушылардың музыкалық шығарма мәнін түсінудің негізі ретінде ақпараттарды қабылдауға негізделген.

Оқу жоспарында «Музыка» пәнінің басқа пәндермен, атап айтсақ «Бейнелеу өнері», «Дүниетану», «Жаратылыстану», сонымен қатар тілдік пәндермен  пәнаралық байланысы қамтылған.

Пәнаралық байланыс ұғымы «табиғат–қоғам-адам» жүйесінде білімдер негізін, пәнішілік қатынастарды және ғылымдардың кіріктірілуін реттеуші қызметін жүзеге асырады. Демек, пәнаралық байланыс кез келген ғылымның шеңберін бір пәнмен шектемей, көптеген басқа пәндермен бірлікте болу қажеттігін айкындайды. Сондыктан пәнаралық байланыстың аса манызды міндетінің бірі - ғылыми білімнің бір жүйеге топтасуы мен сабактасуын камтамасыз ету.

Педагогика ғылымының теориялық кағидалары төңірегінде пәнаралық байланыстар теориялық білімді іс жүзінде колдануға, ғылымның түрлі салалары жөнінде кең ұғымы бар адамды тәрбиелеуге мүмкіндік беріп, оқушылардың танымдық қызметін өркендетуге жағдай жасайды.





Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет