Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Күні:
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің көңіл-күйім
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.1.1 тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы: Жаңа білімді меңгереді.
Көбі: Тақырыпты түсініп, тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
КӨҢІЛ КҮЙ НАСТРОЕНИЕ MOOD
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
Ынтымақтастық атмосферасын қалыптастыру
5 минут
|
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
Бала, бала, балапан
Қане, қайсы, алақан.
Саусақтарың әйбат,
Былай-былай ойнат.
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
|
Музыка әр түрлі көңіл-күйді білдіреді. Көңілді музыка адамға күш-қуат береді. Шаттыққа толы сезім сыйлайды. Мұңды музыканы тыңдаған адам жабырқайды, мұңаяды.
|
Таныстырылым, оқулықпен жұмыс
|
Сергіту сәті
1 минут
|
Тарсылдатпай едендi
Орнымыздан тұрып ап
Жүгiрейiк бiр уақ.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
Аяқты алға созайық
Тiк көтерiп, қозғайық.
Тым сылбыр да болмайық
Алға қарай озбайық.
Бiр, екi, үш, бiр, екi, үш.
|
Сергіту сәтіне арналған жинақ
|
Қызықты тапсырма
8 минут
|
Ән салайық.
«Көбелек»
|
Түрлі тапсырмалар
|
Аяқталуы
16 минут
|
Топпен тапсырма.
Берілген аспаптар туралы постер жасаңдар.
Асатаяқ
Даңғыра
Тайтұяқ
|
Оқулық, дәптерлер.
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
Қолдау көрсету.
Қабілеті жоғары оқушылар айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
|
Оқушылар өздері жасаған бет-бейнелеріне қарап бір-біріне көңіл- күйлерін айтады. (қуанышты, көңілді, көңілсіз, ашулы)
|
Өнер, ана тілі сабағы
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
ҚОРЫТЫНДЫ
Жалпы білім беретін бастауыш мектептерде оқушыларға пәнаралық байланысты жүзеге асыру, ол өскелең ұрпақтың музыка сабағынан алынған білім жүйесін толық меңгеруге мүмкіндік береді.
Бүгінгі қоғам сұранысы мен өмір талабына жалпы адамзаттық құндылықтарға жету басты нысана болып отырған жағдайда, білім берудегі оқу жұмыстарын жүйелі ұйымдастыру негізгі шарт. Осы тұрғыдан саралай келе бастауыш сыныптарда оқу үдерісінде пәнаралық байланысты жүзеге асырудың тиімді жолдарын қарастырып оған теориялық тұрғыдан негіздеме беру – бұл өмір талабы.
Музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыру арқылы музыкалық тәрбие беруге жасалған ғылыми талдау теориялық тұрғыда негізделді. Зерттеу мәселесі бойынша музыка сабағында оқу-тәрбие үдерісін пәнаралық байланыс негізінде ұйымдастырудың тиімділігін арттыру мақсаты көзделініп, жаңартылған білім беру мазмұны бойынша «Музыка» оқу-әдістемелік кешені зерттеу мәселесі тұрғысынан талданып, тәрбиелеудің жаңа әдіс-тәсілдерін ұсыну және тәжірибеге енгізу оң нәтижелерге жеткізетіндігі байқалды.
Зерттеу жұмысының нәтижесінде алынған теориялық тұжырымдар мен қорытындылар, ұсынылған әдістемелерді тиімді пайдалану, музыка сабағында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға болатыны туралы ғылыми болжамның дұрыстығына көз жеткізді. Бастауыш сынып оқушыларымен музыка сабағында оқудың бірлігін қамтамасыз етудегі әртүрлі әдістерді қолдану (сөздік әдіс, көрнекі есту әдісі, ынталандыру әдісі,сезімдік әсер ету әдісі т.б.) оң нәтиже беретінін көрсетті.
Осы негізгідегі қағидаларды жүзеге асырумен пәнаралық байланыстың тиімді болуы оқулық мазмұнымен оқу материалдарының жақындық үйлесімдіктерін ескерту, оқу бағдарламасын басшылыққа алуда зор үлесі бар және берік негізі болады.
Достарыңызбен бөлісу: |