р/с
|
Мәнерлілік түрлері
|
музыкада
|
Қазақ тілінде
|
1
|
Сұрақ мәнері
|
Ладтың ІІІ,V ,басқышы арқылы жасалады
|
1.сұрау белгісі/?/
2.айтылатын сөздің мағынасы
|
2
|
Жауап мәнері
|
Ладтың І басқышы арқылы жасалды
|
1.нүкте/./
2. айтылар сөз мағынасы арқылы
|
3
|
Қуанышты мәнер
|
1.мажор лады
2.екпіні
3.ырғақтың ұсақ өрнегі
|
1. леп белгісі /!/
2.одағай сөз арқылы
3.сөз мағынасы арқылы
|
4
|
Мұң мәнері
|
1.минор лады
2.екпіні
3.ырғақтық өрнектің созылыңқылығы
|
1.нүкте/./
2.айтылар сөз мағынасы арқылы
|
Енді музыкалық құрылым бөліктерін түсіндіруді де қазақ тілі сабағымен байланыстырайық:музыкада да, қазақ тілінде де ең бастапқы нәрсе-дыбыс.Айырмашылығы – музыканы жасайтын, есту арқылы биіктігін ажырата алатын, белгілі бір ұзақтылығы бар дыбыс.Осыдан оның өзіндік таңбасы шығады, ол –нота.
Қазақ тілінде сөзді дыбыс құрайды.Бірнеше дыбыс біріге келе сөз құрайды. Оның ұзақтығы, биіктігі болмайды. Оның таңбасы бар,ол-әріп.
Осылай әріп сөзді құраса, нота әуенді құрайды.Тілде жай сөйлем,құрмалас сөйлем болатыны сияқты, әуен де күрделене келе фразаны, периодты( музыкалық кезеңді) құрайды. Осындай ұқсастық табу арқылы оқыту, оқушының өзге пәннен алған біліміне сүйену музыканы қабылдауын жақсартуға көмегін тигізеді.
А.А. Бейсенбаева «Пәнаралық іскерлік» ұғымын былай тұжырымдайды: «Пәнаралық іскерлік оқушылардың бір пәннен меңгерген білім, іскерлік, ептілік, дағдыларын екінші пәндерді меңгеруде пайдалана, қолдана білу қабілетін анықтайды». Бұл пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларында орта, ал жоғарғы сынып оқушыларымен салыстырғанда өзінше қалыптасып дамиды. Яғни, пәнаралық іскерлік бастауыш сынып оқушыларының жас ерекшеліктеріне сәйкес және олардың өзіндік даму сипатына орай жасалынады.
Музыка сағында пәнаралық байланысты жүзеге асыруға арналған озық тәжірибе үлгісі ретінде сабақ үзінділерін ұсынамыз:
Күні:
Сынып: 1
|
Қатысқандар саны:
Қатыспағандар саны:
|
Сабақтың тақырыбы
|
Менің дауысым
|
Осы сабақта қол жеткізілетін оқу мақсаттары (оқу бағдарламасына сілтеме)
|
1.1.1.1 тыңдалған музыкалық шығарманың көңіл- күйін, ырғақ, екпінін, динамикасын анықтау
|
Сабақтың мақсаттары
|
Барлығы:
Көбі: Анық сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсетеді. Оқиғаларды тыңдап, жетекші сұрақтар арқылы талқылайды.
Кейбірі: Алған білімді өмірде қолдана алады.
|
Жетістік критерийлері
|
Айтылған сөздер мен сөйлемдердің көпшілігін дұрыс қайталай алады.
Нақты сөйлеу арқылы, мәселені түсінгенін көрсете алады.
|
Құндылықтарды дарыту
|
Оқушыларды бір-біріне деген құрмет көрсетуіне тәрбиелеу.
|
Пәнаралық байланыс
|
Өнер, ана тілі сабағы
|
АКТ қолдану дағдылары
|
Аудиожазба , таныстырылым.
|
Тілдік құзыреттілік
|
МУЗЫКАЛЫҚ АСПАП
МУЗЫКАЛЬНЫЙ ИНСТРУМЕНТ
MUSICAL INSTRUMENT
|
Сабақ барысы
|
Сабақтың жоспарланған кезеңдері
|
Сабақтағы жоспарланған іс-әрекет
|
Ресурстар
|
Сабақтың басы
5 минут
|
Ертеңгілік шеңбері
Қол алысып, қәне, біз,
Достасайық бәріміз.
Айтарым бар сендерге,
Тез тұрыңдар шеңберге.
Қандай жақсы бір тұру,
Достарменен бір жүру!
Қандай жақсы дос болу!
– Балалар, бір-біріміздің қолымыздан ұстап, алақан арқылы жүректің жылуын сезініп үйренген қандай тамаша, қандай қуаныш!
|
Шаттық шебері
|
Сабақтың ортасы
8 минут
1 минут
5 минут
3 минут
16 минут
|
«Жұлдызша» әнін айтып үйренейік.
«Жұлдызша» әні саған ұнады ма? Сенің жұлдызшамен жақынырақ танысқың келе ме? Жұлдызшамен танысу үшін мына әнді әуендетіп бер.
СЕРГІТУ СӘТІ.
Орманда кірпі келеді,
Саңырауқұлақ тереді.
Кездесті, міне, керегі:
Екеуі қайың астынан.
Біреуі терек қасынан.
Қанша олар болмақ есепте,
Тоқылған салса себетке?
Бізді қоршаған ортада, табиғатта кездесетін дыбыстар шулы дыбыстар деп аталады.Шулы дыбыстардан әуен шықпайды.
Топпен тапсырма.
Суретке қарап дыбыс туралы әңгімелеңдер.
Машина
Кеме
Жолбарыс
Сарқырама
|
Сергіту сәті
Оқулық, дәптерлер.
Тренинг
|
Сабақтың соңы
2 минут
|
Рефлексия
Бүгінгі сабақта болған көңіл – күйді бас бармақ саалынған суреттер арқылы бағалау.
|
Бас бармақтар
|
Дифференциация – оқушыларға көбірек қолдау көрсетуді қалай жоспарлайсыз? Қабілеті жоғары оқушыларға қандай тапсырмалар қоюды жоспарлап отырсыз?
|
Бағалау – оқушылардың материалды меңгеру деңгейін тексеру жоспарыңыз?
Оқушыларға бір-бірімен танысу үлгісін көрсетеді. Өзара танысу барысында қандай сұрақтар қоюға болатынын талқалайды.
- Сенің атың кім?
- Сен неше жастасың?
- Саған қандай ойындар ұнайды?
- Сенің сүйікті ойыншығың/затың?
Берілген бөлімді өзіңізге ұнайтын бір затты көрсетіп, оның сізге несімен ұнайтынын, біршама дәлдікпен жан-жақты сипаттаудан бастаңыз.
|
Пәнаралық байланыс
Денсаулық және қауіпсіздік техникасының сақталуы
АКТ
Құндылықтармен байланыс (тәрбие)
|
|
Достарыңызбен бөлісу: |