2.3.2.2 Есепті талдау Мәтін бойынша есепті талдау – мұғалім әрбір дербес жағдайда балаларға арифметикалық амалдарды дұрыс және саналы түрде таңдап алатындай сұрақтар қоятын арнайы әңгіме.
Мәтін бойынша есепті талдау - екі әдістен тұратын логикалық тұжырымдар тізбегі.
I – әдіс – аналитикалық - шешуді есептің негізгі сұрағынан шартына қарай іздеу жолы:
Болғаны -?, 10 д. және 5 д. Сылады – 3 д.
Қалғаны - ? (д.)
- есепте нені білу керек?
- осы сұраққа бірден жауап беруге болама?
- неліктен?
- оны табуға бола ма?
- неліктен?
- қандай амалмен?
- одан кейін не білеміз?
- қандай амалмен?
- енді есептің сұрағына жауап бере алалармыз ба?
II-әдіс синтетикалық -деректер мен ізделінді арасындағы байланысты тағайындауда деректерден негізгі сұраққа қарай іздеу:
- Ержанның 10 жолды және 5 тор көз дәптерлері болғанын біліп, нені табуға болады?
- қандай амалмен?
- Ержанда барлығы неше дәптер болғаны және інісіне неше дәптер сыйлағаны белгілі болса,сұраққа жауап беруге бола ма?
- қандай амалмен?
- есептің сұрағына жауап бере алалармыз ба?
Есепті талдау оның шешуін жазумен аяқталады, оның үстіне есепті шешудің әр түрлі тәсілдері оны талдау қалай құрылатындығына, шешуін іздестіру қандай жолмен жүргізілгеніне және шешу жоспары қандай болатынына байланысты болады.