Тақырып 15. Темперамент.
Темпераменттің физиологиялық негіздерін ғылыми тұрғыдан дәйекті етіп түсіндірген И.П.Павловтың ілімі темпераментті ғылыми сара жолға түсірді. Соңғы жылдары көрнекті орыс психологы Б.М.Тепловтың лабораториясында жүйке жүйесінің типтері одан әрі зерттеле түсті. Бұл зерттеулерде И.П.Павловтың жүйке жүйесінің төрт түрлі типі туралы ұғымы адамдардың жеке өзгешеліктерін, әсіресе, оның темпераменттерін анықтауда ерекше маңызды ғылыми теория екені дәлелденді. Темперамент - жүйке жүйесінің тума қасиеттерінен туындайтын адамның жеке өзгешеліктерінің бірі. Темперамент - ағзаның физиологиялық өзгешеліктерімен, әсіресе жоғары жүйке қызметінің тума қасиеттерімен шарттас психикалық құбылыс. Темперамент туралы алғашқы ой-пікірлер ғылымда өте ерте кездің өзінде-ақ айтыла бастады. Темперамент туралы теориялар XIX ғасырдың аяқ кезінде кең өріс алады. Темпераменттің типтері. Сангвинник. Холерик. Флегматик. Меланхолик. Түрлі темепераменттердің ішінде ұнамды, ұнамсыз жақтары бар. Сөйтіп, темпераментті тәрбиелеудің көп әдістері мен жолдары бар.
|