5В010300 «Педагогика және психология»


Тақырып 16. Мінез туралы түсінік



бет17/26
Дата12.10.2020
өлшемі243,5 Kb.
#65408
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26
Тақырып 16. Мінез туралы түсінік.

Мінез – жеке адамның өзіне тән қылық әрекетінде, тіл қатынасында тұрақты қалыптасатын дара ерекшеліктерінің жиынтығы. Мінез туралы ілім өзінің ішкі бастауын ежелгі Грециядан алады. И.Кант мінезді темпераментпен салыстыра отырып, оны адамда жүре пайда болатын қасиет деп анықтады. Т.Рибо мінезді адамда туа пайда болатын икемделу десе, ал Мальпер, Фулье т.б. мінездің туапайда болуымен қатар жүре пайда болатын ерекшеліктері де бар дейді.т.б. Мінездің қалыптасуындағы басты шарт - өмірлік мақсат, мұраттың нақтылығы. Мақсаттың болмауы не оның шашыраңқылығы – мінезсіздіктің белгісі. Адам мінезі сан алуан. Бұл іс - әрекетте айқын көрінеді: біреудің барша қимылы – шапшаң, екіншісі – асықпайды, бірақ ісі тыңғылықты, үшіншісі – іске ойланбастан асым салады, кейін барып ойланады да, жағдайға қарай ісін ретіне келтіреді. Адам мінезінде көрінетін мұндай ерекшеліктер – мінез бітістері деп аталады. Қандай да бітіс әрекет – қылықтың тұрақты, қайталанып отыратын нақты белгісі.



1



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   13   14   15   16   17   18   19   20   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет