5В010600 Музыкалық білім Пәннің атауы: Музыкалық білім беру әдістемесі


Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер



бет8/26
Дата14.05.2022
өлшемі0,97 Mb.
#143343
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26
Байланысты:
kajimovakr 2

Пәнді оқытудағы педагогикалық тәсілдер:
  • музыкалық-шулы аспаптарда ойнау, әндету, музыканы тыңдау және қабылдау, шығарма жазу, суырып-салмалық орындау, эксперимент жүргізу, музыка жазу үдерістеріне оқушыларды белсенді қатыстыру;
  • оқу үдерісін белсендіру тәсілі ретінде музыкалық шығармалар мен оқушының музыкалық жұмысына мән беріп, талдау және бағалау;
  • жаңадан бастап жүрген музыкант ретінде өзінің жеке тәжірибесін жинақтау арқылы пәндік білім мен дағдыларын дамыту;
  • оқушылардың сын тұрғысынан ойлау мүмкіндігін дамыту мақсатында және ерекше шешімдер қабылдау тиімділігі үшін оқу үдерісінде проблемалық жағдайларды пайдалану;
  • оқушылардың білімін қолдайтын, ынталандыратын және мадақтайтын түрлі іс-әрекеттерді қолдану;
  • білімді дербестікпен табу үшін оқушылардың мотивациясын қалыптастыру;
  • жаңа идеяларды іздестіру және пайдалану, әртүрлі көзқарастарды қарастыру;
  • оқушыларға оқу кезеңінде қай сатыда екенін және одан әрі даму үшін қандай қадамдар қабылдау қажет екенін түсінуге көмектесетін әртүрлі бағалау тәсілдерін пайдалану;
  • оқушылардың шығармашылық қабілеттерні ашу үшін және сенімді шешім қабылдауын қолдау мақсатында түрлі жағдайларды модельдеу;;
  • шабыт пен ынта беретін оқыту ортасын құру мақсатында оқытуды жіктеп, саралау;
  • пәнаралық кіріктіру;
  • музыкалық-шығармашылық іс-әрекеттерді әрі қарай ынталандыру мақсатында оқушылардың өз ойларын жеткізуіне және жұмыстарын көрсетіп, ұсынуына жағдай жасау.



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   4   5   6   7   8   9   10   11   ...   26




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет