5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет10/18
Дата08.10.2024
өлшемі378,5 Kb.
#205844
түріБағдарламасы
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18
12 Тақырып Сезім мүшелері
Сезім мүшелерінің көп қызметтік сипаты. Талдағыштар туралы морфологиялык білімді дамыту туралы Павлов ілімінің мөні. Талдағыштар құрылысының схемасы (сенсорлық схемасы).
Көз мүшесі. Анализаторлардың шеткі өткізгіш және қыртыс бөлімдері, олардың қызметтік бірлігі. Көз жанары және олардың қабықшалары: фиброздық (талшықты), тамыры және торлы, олардың құрылысы жөне атқаратын қызметінің мәні. Торкөз қабықшаның рецептолық аппараты. Көз алмасының камералары. Көздің мөлдір орталықтары: сулы, ылғал, әйнек дене. Көздің аккомодациялық аппараты. Көздің қосымша аппараттары: бұлшық еттер, кірпіктер, коньюктива және көз жас безі аппараты. Көз жанарының тамырлары мен жүйкесі. Көз аппаратының жолдары.
Есту мүшесі. Сыртқы құлақ. Құлақ қалқаны, сыртқы дыбыс жолы, дабыл жарғағы. Ортаңғы құлақ: дабыл қуысы, дыбыс сүйектері, дыбыс түтігі, емізік сүйектің ұялары. Ішкі қүлақ: сүйек және жарғақ иірімдері. Вестибулярлы аппарат, вестибуляр анализатордың рецепторлары, өткізгіш жолдары жөне орталықтары. Спортшылардың қозғалысына вестибуляр аппаратының тигізетін маңызы. Дыбыс өткізетін жөне дыбыс қабылдайтын аппараттар. Спиральді мүшелер. Дыбыс қабылдау механизмі. Естілетін аппарат жолдары: рецепторлары, өткізгіш жолдары, қыртыс жөне қыртыс асты есту анализаторлардың орталықтары.
Иіс сезу мүшесі. Мұрын құрылыстарының тыныс алу жөне иіс бөлімдері. Иіс сезу жүйке және оның шеткі аппараты. Иіс сезу рецепторлары, өткізгіш жолдары, қыртыс асты жөне қыртыс орталықтары.
Дәм сезу мүшесі. Тілдің шығыршықты қабықшасы, тілдің дөм сезу бүрлері, олардың орналасулары. Дәм сезу анализаторлардың рецепторлары, өткізгіш жолдары жөне орталығы.
Денеің жалпы сыртқы қабаты. Тері, оның құрылысы, атқаратын қызметі. Эпидермис, нағыз тері (дерма). Тері астырғы қабаты. Терінің қосымшалары: шаш, тырнақ жөне май шығару бездері. Терінің қан тамырлары. Тері рецепторлары, олардың қыртыс асты жене қыртыс орталықтары.
13 Тақырып Жас шамасының морфологиясы
Жас шамасы морфологиясын анықтау. Жас шамасы морфологиясының педагогикамен, теория және дене тәрбиесімен, медицинамен, антропогенетика, экология жөне басқа ғылымдармен тығыз байланысы.
Жас шамасы морфологиясының міндеттері. Зерттеу әдістері. Материалдардың бірінші статикалық баптау. Жас шамасы морфологияны топтастыру. Онтогенездік негізгі кезендері және оның морфологиялық сипаттамасы.
Организмнің өсуі мен дамуының негізгі зандылыктары: эндогендік, кезенді біртіндеп қайталаушылық. Жас шамасын дәуірлеу. Биологиялық жас шамасы туралы түсінік. Биологиялық жас шамасының бағалық көрсеткіштері мен нормативті таблицалар. Жыныстық жағынан жетілу және оның көп қызметтік сипаттамасы. Tic жас. Сүйек жас. Дене өлшемдерінің жас өзгерістері. Жыныс пісіп жетілуі және оның морфофункциональды сипаты. Ұл мен қыздың жыныстық жағынан жетілу ерекшеліктері. Организмнің даму, өсу, акцелерация және онтогенез факторлары. Биология жастың жеке (локальды) көрсеткіштері. Тірек- қимыл аппараттың: суйек жүйенің, сүйектер байланыстардың және бұлшық ет жүйенің жас шамасы ерекшеліктері. Ішкі мүшелердің, жүрек тамырлардың және жүйке жүйенің жас шамасы ерекшеліктері. Ішкі секрециялық бездердің жас шамасы ерекшеліктері. Биологиялык жас шамасы, қозғалыстағы жас шамасы және дене құрылысы қасиеттері. Жыныс жағынан жетілу мерзімін бақылау, дене мөлшері және қозғаушы сапалардың дамуы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   6   7   8   9   10   11   12   13   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет