5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет2/18
Дата08.10.2024
өлшемі378,5 Kb.
#205844
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
2 Пререквизиттер: Осы пәнді меңгеру үшін төмендегі пәндерді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар қажет: биология, физика, экология және химияның мектеп курсары.


3 Постреквизиттер: Пәнді меңгеру кезінде алынған білім, икемділік және машықтар келесі пәндерді меңгеру үшін қажет: адам физиологиясы (жалпы және жас), дене шынықтыру және спорт түрлерінің физиологиялық негіздері, биомеханика.


Пәннің тақырыптық жоспары

Күндізгі оқу түрі бойынша






р/с

Тақырып атауы

Сағат саны

Дәріс

Тәжір.

Зертх.

ОӨЖ

1

2

3

4

5

6

1

Кіріспе

2







5

2

Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі

2

2

2

8

3

Организмнің өсу және даму заңдылықтары.

2







8

4

Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары

2




2

8

5

Қаңқа бұлшық еттері

2




2

8

6

Жалпы динамикалық морфология

2

2




8

7

Жеке динамикалық тәнтану

2

2




8

8

Ішкі мүшелер

2




2

9

9

Жүрек қан тамырлар жүйесі

2




2

8

10

Ішкі секрециялық мүшелер

2

3




8

11

Жүйке жүйесі

2




3

10

12

Сезім мүшелері

2




2

8

13

Жас шамасының морфологиясы

2

2




8

14

Конституционалдық морфология және жыныстық деморфизм

2

2




8

15

Спорттық морфология

2

2




8

БАРЛЫҒЫ:

30

15

15

120



Пән тақырыптарының мазмұны


1 Тақырып. Кіріспе
Анатомия- ғылым әрі оқыту пәні. Анатомияның мазмүны жөне оның биология ғылымдарының ішінде алатын орны. Анатомияның міндеттері және медициналық - биологиялық және спорттық-педагогикалық пәндермен байланысы. Анатомияның өдістемелік негіздері.
Адам организмінің қалыптасуындағы өлеуметтік биологиялық факгорлардың маңызы. Анатомиядағы зерттеулердің әдісі.
Адамның дене құрьшысындағы симметриялық бірліктердің мөні, жазықтары.
Организм және оның құрамдық компонентгері. Мүшел, мүшелер аппаратының немесе жүйелерінің компоненттері. Мүшелер аппараты мен жүйелердің таратудың негізгі принциптері. Қозғалыстарды атқару, реттеу және қамтамасыз ету мүшелері, аппараттары, жүйелері.
2 Тақырып. Организм құрылысының жасушалық және ұлпалық деңгейі
Жасуша организмнің өмір сүру әрі даму құрылысындағы негізгі қызмет атқаратын бір бөлшегі. Жасушаның негізгі бөлігі, пішіні және мөлшері. Жалпы және арнаулы мәндегі органеллдер, жасушаның қосылыстары. Органеллдердің, жасушаның пластикалық және энергетикалық процестеріне қатысуы. Ядро және оның құрылымдық компоненттері. Ядроның құрылысы мен пішіні. Хромосомдар. ДНҚ, тұқым туралы түсінік. Ядроның атқаратын қызметінің мәні. Өзін- өзі сезіну (жасушаның құрылымдық элементтерінің өздігінен өнуі). Жасушаның өмір сүру циклі. Жасушалардың бөліну түрлері. Адам организмінің жасуша аралық құрылымы.
Ұлпалар. Ұлпалардың жалпы мінездемесі және топтастырылуы.
Эпителиальдық ұлпалар. Олардың атқаратын қызметтері, шығу тегі мен құрылымдық ерекшеліктері. Жасушаның өз пішініне, қабатының қанша екендігіне қарай және де атқаратын қызметіне байланысты талдау.
Қабықты, ауыспалы, бездер эпителийі. Бездердің түрлері, пішіндері мен құрылымы. Сыртқы және ішкі секрециялық бездер туралы түсінік. Эпителий ұлпаның регенерациясы.
Ішкі ортадағы (дөнекер)ұлпалар, Олардың құрамы, қызметі және топтастырылуы. Қан және сарысу. Қан плазмасы мен формалық элементтері (олардың сипаттамасы мен сандық құрамы).
Біріктіруші ұлпа: жеке дара біріктіретін ұлпаларды топтастыру. Бытыраңқы (қалыптасқан, қалыптаспаған) біріктіру ұлпалар, оның жасушалық элементтері (фиброциттер, фибробластар, гистоциттер, т.с.с). Жасуша аралық заттар (эластикалык, және коллагендік талшықтар). Тығыз талшықты біріктіру ұлпалар. Шеміршек ұлпа, оның сан алуан түрлілігі, құрылысы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы. Пластикалық сүйек ұлпа. Сүйектің микроскопиялық құрылысы. Сүйектің пластинкалары, олардың құрылыстары және орналасуы.
Остеон- құбыр тәріздес сүйектегі тығыздалған заттардың кұрамдық бөлшегі. Қатқыл талшықты сүйек ұлпа. Сүйек ұлпасының регенерациясы. Біріктіруші ұлпалардың сан алуан түрлерінің механикалық қасиеттерін қосқан кездегі беріктігі, созылу, ажырау, айналып кету.
Бұлшық етті үлпалар. Бұлшық еттің өзіндік қасиеттері, алуан түрлілігі: біріңғай салалы, көлденең жолақты бұлшық етті үлпалар, жүректің бұлшық ет үлпасы.
Біріңғай салалы бұлшық ет үлпасы, оның орналасуы және атқаратын қызметіне байланысты ерекшеліктері. Біріңғай салалы бұлшық ет жасушалары, миофибриллдер, протофибриллдер.
Көлденең жолақ бұлшық ет ұлпасы. Бұлшық ет талшығы (мион)-қаңқаның бұлшық ет ұлпаның негізгі элементі болып табылады, оның пішіні мен мөлшері. Бұлшық ет талшықтың біріктіруші (миофибрилл системасы), трофикалық (ядро-саркоплазмалық ққрылымының тұтастығы), мембранды (Т-системасы), тірек (бүлшық етгі талшық қабықшасы) және (М-жолақтар) және жүйке (сезім элементтері) аппараты.
Саркомер. Протофибриллдер, олардың құрамы мен алуан түрлілігі. Бұлшық етті талшықтарын құрылымдық қысқаруы. Бұлшық ет талшықтардың түрлері: қызыл, ақ, ауыспалы. Олардың құрылымы мен атқаратын қызметінің сипаттамасы, спорт тәжірибесіндегі мәні. Қозғалатын бөлшектер (үлкен, кіші) және олардың атқаратын қызметтері. Бұлшық ет көлемінің өздігінен жаңаруы және өсуі.
Жүректің бұлшық ет ұлпасы, оның қаңқалык бұлшық еттерден айырмашылығы. Кардиомиоцит және оның құрылымдық компоненттері, олардың ажырауы. Жүректің ерекше бұлшық еттерінің сипаттамасы.
Жүйке ұлпасы. Нейрон - жүйке ұлпасының негізгі қызмет атқаратын құрылымдық бөлшегі. Жүйке ұлпаның тіректік және трофикалық элементтері. Макро және микроглия.Нейрондардың құрылысы, пішіні және көлемі. Нейрон өскіндерінің қабыршақтары.Нейрондар өскіндердің сипаттамасы (нейриттер мен дендриттер).
Синапстер және олардың жүйке импульстерін берудегі мәні. Рецепторлар. Нейронның түрлері. Жүйкелік діндер, перифериялық жүйке өскіндері, олардың қабықшалары құрамдарының вариативтілігі. Жүйке ұлпалары элементгерінің регенерациясы.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет