5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет3/18
Дата08.10.2024
өлшемі378,5 Kb.
#205844
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
3 Тақырып Организмнің өсу және даму заңдылықтары.
Жыныстық жасушалар. Ұрықтану. Эмбриогенездің сатылары. Ұлпалар (гистогенез) мен мүшелердің (онтогенез) дамуы. Организмнің сырттай дамуы.
4 Тақырып Қаңқа сүйектері және олардың байланыстары
Қаңқа және оның қызметі туралы түсінік. Сүйек қаңқасының құрамдас бөлігі. Сүйек құрылысы. Сүйектің үстіңгі қабаты. Тығыз әрі кеуекті заттар. Ұзын, қысқа, аралас, тегіс, ауа өткізгіш сүйектердің ерекшеліктері. Сүйекті ми және оның атқаратын қызметінің мәні. Сүйектің пішіні жөне оның атқаратын қызметпен байланысы. Сүйектің химиялық құрамы. Сүйектің жас шамасының өзгеруіне байланысты, механикалық қасиеті мен химиялық құрамы. Сүйектің эндесмальді, энхондральді, перихондральді түрлері туралы түсінік. Сүйектің ұзындығы мен қалындығы жағынан өсуі. Сүйектің қартаюы, өсуі, дамуы барысындағы ішкі және сыртқы факторлар. Механикалық салмақтың сүйектің интенсивті дамуына ықпал ету.
Сүйектердің байланыстары туралы ілім. Сүйектердің байланыстардың топтастыруы: фиброздық (синдесмоздық, сүйекаралық жарғақтар, байламдар, тігістер және сүйектенуі),
шеміршекті (синхондроздар, симфиздер). Буындар. Буынның негізгі элементтері. Қосымша пайда болған буындар. Буындарды топтастыру: байланысқан сүйектердің санына қарай, қызметтік таралу біліктердің санына қарай. Жай, күрделі, қос камералы, аралас буындар. Буындағы қозғалыс пен айналысатын біліктері, пішіндері. Буын пішіндері арасындағы қызметке қатысты тәуелділік. Қозғалыстың ауқымы мен буынның үстіңгі бетімен арақатынасы. Буындағы қозғалысты тежеу, өрі шектеу.
Дене қаңқасы. Омыртқа бағанасы. Оның негізгі бөліктері; Омыртқа құрылысының жалпы көрінісі. Мойын, кеуде, бел омыртқаларының құрылысындағы ерекшеліктер. Сегізкөз бен құймышақтың құрылысы. Омыртқалардың айланысы: омыртқалардың денелері арасында, доғаларының және өсінділерінің аралықтарындағы байланыстар. Омыртқа аралық дискілері және олардың құрылысы. Омыртқааралық буындар. Омыртқа бағананың байланыс аппараты. Омыртқа бағананың бас сүйектермен байланысуы. Сегізкөзбен қүймышақтың бірігуі. Омыртқа бағананың тұтастығы. Оның тіректік және серпімділік қасиеті. Омыртқа бағананың физиологиялық тұрғыда иілуі жөне оның қызметтік мәні. Омыртқа бағананың қозғалысы.
Қозғалыс барысындағы омыртқа бағананың иілуіндегі өзгерістер. Адам денесінің сыртқы қабатында омыртқа бағананың құрылыстардың проекциясы.
Кеуде қуысы. Кеуде қуысының сүйектік негіздері. Төс сүйек пен қабырғалардың құрылысы. Қабырғалардың қозғалыстары. Кеуде қуысы қабырғаларының доғалары, төсасты бұрыш. Кеуде қуысының тұтастығы, пішіндері. Кеуде қуысының жас шамасы және оның жыныс арқылы көрінетін ерекшеліктері. Адам денесінің сыртқы қабатында кеуде сүйектер құрылыстардың проекциясы. Кеуде сүйектердің қозғалысын көрсету.
Бас қаңқасы. Бас сүйектердің жалпы сипаттамасы. Ми және бет сүйектері. Ми сауыты сүйектер. Бас сүйектер құрылысының ерекшеліктері. Ми саутының сыңар сүйектері: шүйде, сына тәрізді, мандай және торлы сүйектер. Ми сауытының жұп сүйектері: төбе және самай. Бас сүйектің бет жағындағы бөліктеріндегі сүйектер: жүптасқан - жоғарғы жақ, әлпет, тандай, мұрын, жақ сүйектері: төменгі жақ, кеңсірік, құрмау сүйек. Бас сүйектердің тұтастығы.
Бас қаңқа сүйектердің байланысы: тігістері, самай астыңғы жақ сүйек буындары оның құрылысы және қозғалысы. Бас сүйектердің төбесі, сырткы және ішкі негіздері. Көз шарасы оның қабырғалары мен хабар алу жолдары. Мұрын қуысы, оның қабырғалары, ауа өткізетін кеңсіріктері. Ауыздың сүйектері. Бас сүйектерінің рентгентәнтануы. Бас каңқасының жас шамасы, жыныстық және жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.
Қол қаңқасы. Қол сүйектерінің иық белдеуі және еркін қозғалатын бөлімдері. Жауырын мен бұғана. Тоқпан жілік, шынтақ және шыбық сүйектері, білезік сүйектер, алақан және қол бастың саусақтары, олардың құрылысы мен орналасу жағдайы. Қол сүйектердің байланыстары. Кежеге (төс-бүғана) және топша (акромион-бүғана) буындар, олардың ішіндері, айналу біліктері және қозғалыстары шектетін байламдары. Иык, шынтақ, проксимальді және дистальді шыбық- шынтақ буындар, қоспа (шыбық- білезік) буын, олардың құрылыстары мен пішіндері, буын қабылары, буын қуыстары, байламдары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Қол-бас буындардың және байланыс аппаратының ерекшеліктері. Білезік-аралық буын. Қол бастың үлкен саусақтың білезік- алақан буыны және 2-5 саусақтардың буындары. Алақан — саусақ және бақайшық аралық буындары. Қол сүйектердің рентгентәнтануы. Адам денесінің сыртқы кабатындағы қолдың қаңқасының пайда болуы және жобалануы. Қол сүйектердің қозғалыстарын көрсету.
Аяқтың қаңқасы. Аяқ сүйектерінің мықын белдеуі жөне еркін қозғалатын бөлімдері. Қасаға (ей шат сүйегінің бірігуі). Жамбас сүйек, оның үш сүйегі: мықын, отырғыш жөне шат. Ортан жілік, тізе тобығы, үлкен және кіші жіліншіктер, аяқ басының сүйектері: тілерсек, табан және бақай сүйектері, олардың құрылыстары мен орналасу жағдайы. Аяқ қаңқасының байланысуы.
Сегізкөз-мықын буын құрылысы мен қозғалысы. Қасаға екі шат сүйегінің бірігуі. Жамбастың тұтастығы. Жамбастың үлкен және кіші астаулары. Жамбастың жас шамасына, жынысқа, жеке қасиеттерге байланысты ерекшеліктері.
Жамбас-сан (ұршық) және тізе буындары, балтыр сүйектерінің байланысулары. Балтыр-табан (тілерсек) буьны, оның құрылысы, пішіні, буынның қабы, қуысы, байлам аппараты, қосымша құрылыстары, айналу біліктері мен қозғалыстары. Аяқ бастың буындары мен байлам аппаратының ерекшеліктері: топай асты буын, топай-өкше-кайық буындары, өкше-текше, тілерсек- табан, табан-бақай және башпай-аралық буындары. Аяқ бастың қозғалыстары. Аяқ бастың тұтастығы. Аяқ бастың ұзыннан жөне көлденең орналасқан күмбездер. Аяқ бас күмбездерінің белсенді және сылбыр тартылғыштары. Жалпақ табан туралы түсінік.
Аяқ сүйектері мен буындардың рентгентәнтануы. Адам денесінің үстіңгі қабатындағы аяқ қаңқалық құрылымының жобалануы. Аяқ буындары қозғалыстарының көрінісі.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет