5В010801 Дене шынықтыру және спорт Анатомия, спорт морфологиясының негіздері



бет5/18
Дата08.10.2024
өлшемі378,5 Kb.
#205844
түріБағдарламасы
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18
6 Тақырып Жалпы динамикалық морфология
Динамикалық морфологияны анықтау және оның аралас ғылымдармен байланысын (жастық және конституциональдік морфологиямен) жыныстық диморфизммен, биомеханикамен, спорттық морфологиямен т.б. Динамикалық морфологияны топтастыру. Динамикалық морфологияның және жеке бөлімдерінің негізгі міндеттері. Қозғалыс туралы анатомиялық негізгі ілім дамуының қысқаша тарихы. М.Ф.Иваницкийдің үлесі жөне динамикалық морфологияның дамуындағы оның мектебі. Адамның қалыпты жағдайлары мен қозғалыстардың анатомиялық анализдерін алғастыруы. Зерттеудің жаттығулардың немесе қозғалыстардың морфологиясы. Механика зандары позициясынан жаттығулардың немесе қозғалыстардың мінездемесі. Әрекеттегі күштері. Кеңістіктегі адам денесінің қозғалысы мен қалыпты жағдайын шарттастыратын сыртқы және ішкі күштер туралы түсінік. Адам денесінің жалпы ауырлық орталығы (ЖАО) немесе жалпы салмақ орталығы мен жеке дене бөлшектерінің ауырлық орталықтары. Дененің жалпы ауырлық орталықтарын анықтау әдістері. Адам денесінің жастық, жыныстық жеке айырмашылықтарына қарай ЖАО-ның орналасуы. Адам дене көлемінің орталығы және оның мөлшері, салмағы туралы түсінік. Тірек алаңы. Дененің тепе-тендігін сақтайтын шарттар (тізбектердің қалпьшары және олардың адам денесінің тепе-тендігіне өсер етуі. Тұрақты бұрыш. Қозғалыс аппараты элементтердің озарлығы және олардың сыртқы дем алу сақтайтын бағыттау жұмысы. Жеке жаттығуларды орындау кезінде қамтамасыз ету жүйелерінің (ішкі мүшелердің, жүрек-қан тамырларыдың) қалыптары. Дене қозғалысының немесе қалыпты жағдайдың организмге әсері.
Қолдың морфокинезиялық талдауы. Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын қолдың негізгі қимылдары. Затты денеге жақындатқанда, денеден итергенде, қолмен соққы бергенде, бұлғау қозғалыстарда, қолмен тірену кездерінде және локомоторлық функцияларын орындағанда қозғалыс аппараттың жұмыстары.
Қол бұлшық еттердің орналасуы және олардың спецификалық ерекше дамуы. Адамның қалыптасу процесіндегі еңбек мүшесі ретіндегі қолдың маңызы.
Аяқтың морфокинезиялық талдауы. Дене тәрбиесі сабақтарында және спортпен айналысқанда орындалатын аяқтың негізгі қимылдары. Аяқпен локомоторлық функциясын, рессорлық және тіректік қозғалыстарын жүргізгенде қозғалыс аппаратының жұмысы. Дененің ерекше қалыптарында (аяқтың ұшымен көтерілгенде, отырғанда және т.б.) секіргенде, аяқпен соққы бергенде тірек-қимыл, аппаратының қызметтік сипаттамасы.
Дененің әртүрлі жағдайындағы ішкі мүшелердің, (көк еттің) және ішкі мүшелердің араласуы. Оны зерттеу әдістері. Кейбір гимнастикалық жаттығулар негізінде (буынға тұру) көк еттің араласуы. Көк еттің араласуының спортшы квалификациясына қатысты болуы. Кеңістіктегі дене жағдайының өзгеруіне байланысты спортшы жаттығуларды орындағанда асқазанның, тоқ ішектің, бауырдың, өттің, бүйректердің, бүйрек тостағаншықтардың, несепағарлардың, жатырдың және жатыр түтікшелерінің араласулары. Адам қозғалысы негізіндегі ішкі мүшелердің араласуының жалпы зандылықтары.


Достарыңызбен бөлісу:
1   2   3   4   5   6   7   8   9   ...   18




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет