5В011100-«Информатика» мамандығына арналған «Есеп шығару әдістемесі»


Тапсырма: С/C++ программалау тілінде п



бет12/56
Дата18.12.2021
өлшемі1,37 Mb.
#102523
түріБағдарламасы
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56
Байланысты:
Есеп шығару әдістемесі

Тапсырма: С/C++ программалау тілінде параметрлі, əзір циклін қолданып программалар құрыңдар.

  1. 1-ден N-ге дейiнгi сандардың қосындысын есептейтiн программа құрыңдар. N-нiң мәнi пернетақтадан енгiзiледi.

  2. 1-ден N-ге дейiнгi сандардың көбейтiндiсiн есептейтiн программа құрыңдар. N-нiң мәнi пернетақтадан енгiзiледi.

  3. Пернетақтадан N сан енгiзiледi. Енгiзiлген сандардың iшiндегi терiс, оң сандардың және нөлдердiң санын анықтайтын программа құрыңдар.

  4. Ұзындықтың 1-ден 20 дюймге дейiнгi мәндерiн сантиметрге (1 дюйм = 2,54 см) айналдыратын және оны экранға шығаратын программа құрыңдар.

  5. Банктегi жылдық өсiмi 9 пайыздық (проценттiк) салымға S теңге салынды. N жылдан кейiн салынған ақша неше теңгеге жетедi?

  6. Пернетақтадан 10 бүтін сан енгiзiп, солардың квадраты мен кубын анықтаңыз.

  7. 20-дан 50-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiндегi 3-ке бөлiнетiн, бiрақ 5-ке бөлiнбейтiн сандарды анықтаңдар.

  8. 35-тен 87-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiнде 7-ге бөлгенде, 1-ге, 2-ге немесе 5-ке тең қалдық қалатын сандарды табыңдар.

  9. 1-ден 50-ге дейiнгi натурал сандар берiлген. Олардың iшiндегi 5-ке немесе 7-ге бөлiнетiн сандардың қосындысын табыңдар.

  10. Пернетақтадан 10 сан енгiзiңдер. Егер олардың iшiнде 15-тен асқаны бар болса, онда оларды 15-пен алмастырыңдар. Сандарды экранға шығарыңдар.

  11. Пернетақтадан он терiс және оң сан енгiзiңдер. Барлық терiс сандарды олардың модульдерiмен алмастырып сандарды экранға басып шығарыңдар.

  12. Екi орынды сандардың iшiндегi 4-ке бөлiнетiнiн, бiрақ 6-ға бөлiнбейтiнiн табыңдар.

  13. 13-ке қалдықсыз бөлінетін екi орынды тақ сандардың көбейтiндiсiн табыңдар.

  14. 100-ден 200-ге дейiнгi сандардың iшiндегi 17-ге қалдықсыз бөлінетін сандардың қосындысын табыңдар.

  15. Пернетақтадан 10 сан енгiзiңдер. Егер сан 100-ден кем болса, онда осы санды және оның квадратын табыңдар.

  16. 1-ден бастап өздерiң енгiзген бүтiн n санына дейiнгi сандардың квадраттарының қосындысын есептейтiн программа құрыңдар.

  17. 200-ге дейінгі 5-ке бөлгенде 4 қалдық қалатын сандар нешеу екенін табу керек.

  18. 200-ге дейінгі бүтін сандардың 25-ке қалдықсыз бөлінетін сандары нешеу екенін анықтаңдар.

Әдістемелік нұсқау: Берілген есептің қойылысын талдап, Си тіліндегі программасын құрыңдар. Dev C++ ортасында программаны орындатып,тестілеңдер.

5.СОБӨЖ

Тақырыбы: С/C++ тіліндегі цикл.

Тапсырма: Сұрақтарға жауап беру.

Сұрақтар:

1.Параметрлі цикл

2. Əзір циклі (while)



Достарыңызбен бөлісу:
1   ...   8   9   10   11   12   13   14   15   ...   56




©engime.org 2024
әкімшілігінің қараңыз

    Басты бет